Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы


Дәріс №5 Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары Дәріс жоспары



бет11/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Дәріс №5 Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары


Дәріс жоспары:
1. Оқытудың әдістері - дидактиканың ұғымдарының бірі
2. Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы
3. Оқытудың әдістерін жіктеу және оларға сипаттама
4. Әдістердің оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі
5.Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану ерекшеліктері

Мектептегі оқу процесі білім беру мазмұны әдістерімен оқытудың ұйымдастыру формаларының бірлігін білдіреді. Неғұрлым кең мағынада әдіс белгілі бір мақсатқа жетуге


бағытталған әрекеттер жүйесі.
Сөздікте әдіс бірнеше теориялық зерттеу және практикалық түрдк жүзеге асыру тәсілі ретінде анықталады. Педагогикалық әдіс осы екі мағынада пайдаланылады: 1-ден, педагогикалық құбылыстарды зерттеу әдістері. 2-ден, оқыту әдісі, яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі.
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады – зерттеу немесе таным жолы) тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөліктері). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.
«Әдіс» пен «тәсілдік» шекарасы өте жылжымалы құбылыс. Сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады.
Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.
Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.
Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілі. Әдіс ұғымы мен құрал және тәсіл ұғымы байланысты.
Неғұрлым кең мағынада құрал-жабдықтар әрекет қарулары дегенді білдіреді, яғни қандайда бір әрекеттің іске асуына көмектеседі.
Оқыту құралдары мұғалімге оқытуға, ал оқушыларға оқуға, яғни, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетін барлық жабдықтармен ақпарат көздері болып табылады.
Оқыту құралдарына жататындар оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, оқу және лабораториялық құрал – жабдықтар, көрнекі құралдар т.б.
2 Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар. Бүгінгі таңда оқыту әдістерін салалауда әртүрлі пікірлер қалыптасқан. ХХ ғасырдың 20 жылдарында белгілі педагог – ғалымдар Б.Е.Райков, К.Г.Ягодовский, М.М.Пистрак т.б.
оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30-жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников оқытудың әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-жылдардан бастап оқыту әдісінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол оқыту әдістерін үш топқа бөлді:
сөздік әдістері
кітаппен жұмыс істеу әдістері
оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
50-60-жылдары орыс ғалымдары Е.ГГолант, С.П. Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жіктеуін үш топқа бөлді.
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.
Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әдетте әңгімелеу, бастауыш сынып 10-15 минутқа созылады.
Әңгіме әдісі сабақта сұрақ жауап түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Оқушыларға өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материалдарын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Түсіндіру әдісінде мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу.
Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қортынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас және жалған теориялар жөнінде танымды түсініктер беріледі. Лекция саабағы 25-30 минут уақыт алады. Қалған уақытта оқушылар тақырыпқа сәйкес мұғалімнің көмегімен өз бетінше түрлі жаттығулар жұмыстарын орындайды.
Кітаппен жұмыс. Оқу жұмыстарында қолданылатын құралдардың бірі оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқушы сыныпта алған тапсырманы қарап, еске түсіреді, оны орындау үшін кітаптағы материалды
а) өзінің ақыл-ойын жұмылдырып, көңіл қойып ықыласпен оқиды.
ә) негізгі материалды ұғу үшін кітаптағы тексті тез қарап шығады, яғни оны алғаш рет алдын-ала оқиды, ойға салады.
б) соңғы рет кітап текстісін тянақты оқиды, талдау жасайды, басты мәселелерді бөледі, маңызды ережелерді жазып алады.
2 Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.
Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды табиғи объектілерді, кинофильмдерді демонстрациялауға байланысты. Мысалы, сабақта кинофильмді пайдалану үшін оны алдын ала қарап, қандай мәселелерді фрагменттерге бөліп, оқушыларға түіндіруді анықтау қажет. Демонстрация әсіресе физика, химия, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектілерді демонстрациялау үшін қолданылады.
Илюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға илюстративті құралдарды (плакаттар, карталар, суреттер, портреттер, картограммалар) көрсетуге болады.
Бақылау әдісінін пайдаланып оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен бақылау жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысын сынып бөлмелерінде, оқу-тәжірибе учаскелерінде жүргізеді.
3 Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.
Бұл әдістер мектеп жағдайында пайдаланып арнайы құралдармен (микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық құралдар) жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен оқушылар табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді.
Лабораториялық тақырып бойынша жаңа оқу материалын ұғыну үшін мынандай тәсілдер ескеріледі:
Лабораториялық сабақтың тақырыбын және сабақтың міндетін анықтау.
Сабақты өткізу тәртібін түсіндіру.
Сабақтың нәтижесін жинақтап қорытындылау.
Сабақтың нәтижесін талдау.
Практикалық жұмыстар. Практикалық жұмыстар мектеп шеберханасында, оқу-тәжірибелі учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында өткізіледі. Практикалық жұмыстар оқушыларды өнімді еңбекке баулу үшін политехникалық біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру.
Графикалық жұмыстар. Оқушылар графикалық бейнелеу техникасымен сурет, сызу сабақтарында танысады. Мектепте әртүрлі графикалық жұмыстар қолданылады.
Бастауыш сыныптарда сурет салу және түрлі заттардың суретін түсіріп алу.
V-VІІІ және жоғары сыныптарда оқушыларды әр түрлі пәндер бойынша тақырыптық хроникалық кестелер , графика жасайды.
Жаттығулар. Оқушылардың іскерлік қабілеті, дағдысы жаттығу жұмысының процесінде қалыптасады. Жаттығу түрлері: ауызша жаттығулар, жазбаша жаттығулар, сынып, үй жұмысы т.б.
Оқу әдістерін жіктеудің басқа да тәсілдері бар. М.Н. Скаткин мен И.Я.Лернер жасаған оқыту әдістері жіктеуінің кейбір ерекшеліктерін байқауға болады. Олар оқушылардың танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін әдістерді топтаудың негізі деп қарастырады. Олар оқытудың мынадай әдістерін ұсынады.
Түсіндірме-илюстративті әдіс
Репродуктивті әдіс
Проблемалы баяндау әдісі
Ішінара баяндау немесе эврестикалық әдіс.
Зерттеу әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет