Химия рк сұрақтары


Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы – NaNO3 Натрий нитратының суда еруін алайық



бет22/30
Дата25.11.2023
өлшемі3,33 Mb.
#127822
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
хим рк 101а

Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы – NaNO3 Натрий нитратының суда еруін алайық:
МТ. NaNO3 + H2O → NaOH + HNO3
ТИТ. Na+ + NO3- + HOH→ Na+ + OH- + H+ + NO3-
ҚИТ. HOH→ H+ + OH- [ OH— ] = [ H+]
Мұнда H+ және OH- иондары концентрациясы бірдей, сондықтан ерітінді ортасы бейтарап қасиет көрсетеді.
Қорытынды: Бұл типтегі тұздар гидролизге ұшырамайды

  1. Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі.Дисперсті жүйелердің жіктелуі және табиғаты.

Коллоидтық химия, яғни дисперсті жүйелердің химиясы, әртүрлі– бейорганикалық, органикалық, ақуыздық, полимерлік Жүйелердің қасиеттерін зерттейді. Мұндай жүйелердегі Дисперстілік (лат. Dispergo) бөлшектерінің өлшемдері 1нм-ден 100 Нм-ге дейінгі аралықта жатады. Дисперстік бөлшектер кез келген Агрегаттық күйде: қатты (микрокристалдар, талшықтар), сұйық (тұмандар мен эмульсиялардағы тамшылар), газ тәрізді (көбіктердегі көпіршіктер) күйде бола алады. Құрылымы одан да Күрделі дисперстік бөлшектер болады, олардың ішкі құрылымы Қатты денеге не сұйықтыққа қарағанда мүлде өзгеше. Мұндай Өзгеше құрылымдарға мицеллаларды – органикалық (беттік-Активті) заттардан тұратын наноөлшемді агрегаттарды Жатқызуға болады. Мицеллалар көптеген биологиялық Үрдістерде (ферменттік катализде, ағзалардағы май Тасымалдауында және т.б.) маңызды роль атқарады. Әдетте дисперсті жүйелер екі фазадан тұрады: дисперстік Бөлшектерді құрайтын дисперстік фаза және осы бөлшектер таралған– дисперсиялық орта. Дисперсиялық орта да дисперстік фаза сияқты Кез келген агрегаттық (қатты, сұйық, газ тәрізді) күйде болуы мүмкін. Яғни дисперсті жүйе дегеніміз бір фазасы дисперстік бөлшектерден,Екінші фазасы дисперсиялық ортадан тұратын гетерогенді жүйе.Бөлшектер мен орта химиялық құрамы бойынша да, агрегаттық күйі Бойынша да алуан түрлі болып келеді. Дисперсті жүйелердің қасиеттеріне негізгі екі топтағы факторлар әсер Етеді:

  1. Дисперстік бөлшектердің қасиеттері (химиялық құрамы,Құрылымы, өлшемдері);

  2. Дисперстік бөлшектердің дисперсиялық ортамен әрекеттесуі, яғни Дисперсиялық ортаның қасиеттері.



Фазааралық әрекеттесу бойынша жіктелу.Фазалардың бөліну шекарасында Молекулааралық күштер-дің әсерінен Дисперстік фаза мен дисперсиялық орта Үнемі әрекеттеседі, бірақ мұндай Әрекеттесудің дәрежесі әртүрлі болады.Осыған байланысты дисперсті жүйелерді Лиофильді және лиофобты деп екі топқа бөледі.Лиофильді жүйелерге дисперстік фаза бөлшектерінің Дисперсиялық ортамен күшті молекулааралық Әрекеттесуі тән. Мұндай әрекеттесу дисперсиялық Ортаның молекулаларынан тұратын сольваттық гидраттық) қабаттардың түзілуіне әкеліп, шынайы Ерітінділерге сәйкес сольватация (гидратация) деп Аталады. Лиофильді жүйелер өздігінен дисперсияланып,Термодинамикалық тұрақты болады. Лиофобты Жүйелерде, керісінше, молекулааралық күштер әлсіз болып, мұндай жүйелер термодинамикалық тұрақсыз Және өздігінен дисперсияланбайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет