Иондық байланыс. Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады деп тұжырымдаған
Ионды байланыс – электрліктерістілік мәні бір-бірінен өте алшақ элемент атомы арасында түзіледі (бірінші жағдай). Бұл кезде электрлтерістілігі нашар элементке электрлтерістілігі күшті элементтер атомынан электрондар түгелдей өтуі арқылы жүреді. Өзінің сыртқы қабатындағы валенттік электрондарын толық беріп жіберетін атомдар оң зарядты ионға, ал осы электрондарды қосып алатын атомдар теріс зарядты ионға айналады Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бірін-бірі тартатыны оқушыларға физика курсынан белгілі. Соны еске түсіре отырып, ионды байланысқа анықтама береміз. Ионды байланысты заттарға мысалдар: NaCl, KCl, NaF, K2O, Li2O, MgCl2.Атом қанша электрон берсе не қанша электронды қосып алса, түзілген оң және теріс ион заряды да сонша болады. Ион заряды элемент таңбасының оң жағына қойылады: Na+, Cl-, Mg2+, Al3+, Ca2+, S4+.Иондық байланыс металдық және бейметалдық қасиеттері айқын,электртерістілік шамасы ның айырымы көп ажыратылатын элементтер атомдары арасында түзіледі Иондардың,катиондар мен аниондардың электростатикалық тартылуы есебінен түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады.Иондық байланыстың сипаттамалары:Иондық байланыста иондар әр түрлі бағытта тартылатындықтан бағыты болмайды.Оның күш өрісі компенсацияланбаған,сондықтан иондық байланыс қанықпаған.
Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тоғын өткізетін заттар.Электролиттерге қышқыл, негіз, тұздың судағы ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады. Э ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады.
Электролиттер және бейэлектролиттер — кейбір заттардың ерітіндіде тоқ өткізетіні ал, кейбір заттардың сол жағдайларда тоқ өткізбейтіні бәріне белгілі. Оны анықтайтын көптеген эксперименттер бізге мәлім.
Ертіндіде тоқ өткізетін заттар – электролиттер деп аталады.
Ертіндіде тоқ өткізбейтін заттар – бейэлектролиттер деп аталады.
Электролиттерге негіздер, қышқылдар және тұздардың көбі, ал, бейэлектролиттерге көптеген органиқалық заттар жатады. Ерітіндіде электролиттер иондарға ыдырайды осының арқасында олар тоқ өткізеді. Ерітіндіде неғұрлым ион көп болса соғұрлым тоқ жақсырақ өтеді.
Электролиттердің ерітіндіде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Мысалы, NaCl ерітіндіде түгелдей Na+ және Cl- иондарына ыдырайды.