Адсорбциялау әдістері – қатты сорғыштардың (адсорбенттердің) сыртқа шығатын газ
құрамындағы компоненттерді талғап адсорбциялануына негізделінген. Адсорбент сыйымдылығы
сіңірілетін компонент қасиетіне, адсорбенттің беткі қабатының химиялық күйіне, оның
құрылысының кеуектілігіне, қысымға және температураға тәуелді. Адсорбциялау физикалық және
химиялық болып екіге бөлінеді. Физикалық адсорбция процесінде молекулалар адсорбенттің беткі
қабатымен әрекеттесуі дисперсия, индукция және бағытталу күштерімен анықталынады.
Химиялық адсорбцияда сорбенттің беткі қабаты адсорбтивпен химиялық байланыс түзеді.
Газдарды адсорбциялау әдісімен тазартуға кеуекті адсорбенттер қолданады: активтелген
көмір, силикагель, цеолиттер (табиғатта кездесетін алюмосиликаттар) және т.б. Адсорбциялаудың
активтілігі жоғары және бастапқы күйінен жеңіл келетін заттар. Парциал қысымдары тым аз сыртқа
шығатын газдарды тазартуға құрылысы микрокеуекті көмірлерді (молекулалық елек) қолданады.
Адсорбциялау әдісімен сыртқа шығарылатын газдың қалдық құрамынан: бу тәрізді және газ
тәрізді күкіртті қосылыстар, молекулалық салмақтары үлкен көмірсутектерінің қоспасы, хлор,
бензол буының қалдығын және басқа уытты компоненттер бөлініп алынады.
Адсорбциялау процесі үздіксіз және үздік-үздік (периодты) тәсілмен жүреді. Периодты
адсорбциялау процесінде пайдаланылған адсорбент үздік-үздік жаңартылады немесе бумен,
ыстық газбен өңделініп, регенерацияланады. Үздіксіз адсорбциялау процесінде, яғни
гиперсорбциядағы – (таңдамалы адсорбция арқылы газдар қоспасын бөлу) адсорбент және
тазартылған газ қозғалысының бағыттары қарама-қарсы болады.
Электротазарту - нәзік дисперсиялы (тонко дисперсных) қатты және сұйық қоспаларды
(аэрозоль,
тұман) электродтарда тазартуға негізделген.
Газдарды химиялық әдістермен тазарту дәрежесі жоғары. Химия өндірістерінің сыртқа
шығарылатын газдардың құрамындағы уытты компоненттерді тазратуға хемсорбция әдісін
қолданады. Мысалы, күкірт қышқылының өндірісіндегі технологиялық процестің ең соңында,
сыртқа шығарылатын газ қоспасындағы SО
2
және SО
3
аммиак суымен сорбцияланады
(сорылады). Азот қышқылының өндірісіндегі қоспадағы азот оксидтері сода ерітіндісімен, сілті
ерітіндісімен сорбцияланады.
Суперфосфаттар және т.б. фосфор тыңайтқыштарын өңдегенде түзілетін SiF
4
– сумен және
басқа абсорбенттермен абсорбцияланып тазартылады.
Достарыңызбен бөлісу: