№3. Дәріс. Химиялық технологияның негізі
Мақсаты:
1.
Химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын біледі
2.
Гомогенді және гетерогенді процестерге әсер ететін факторларын айта алады
3.
Катализ және оның түрлері, өндірістегі маңызын біледі
4.
Каталитикалық процестер. Қатты катализатордың қасиеттерін айта алады
Қысқаша мазмұны:
Химиялық – технология процестер туралы түсінік. Химиялық – технологиялық процестердің,
реагенттердің фазалық күйлері және реакция
өнімдері, химиялық реакцияның сипаты, өңдеу
әдістері және технологиялық ережелердің параметрлері және басқа да белгілері бойынша жіктелуі.
Химиялық – технология процестерінің тепе–теңдігі және оның ығысу мүмкіндіктері. Ле –
Шателье принципін қолдану және технологиялық ережелердегі
параметрлерді анықтаудың
фазалық ережелері.
Процестердің жылдамдығы. Реакция жылдамдығына температураның әсері. Өнімнің
теориялық және практикалық шығымы. Химиялық технологияның процестердегі
жылдамдығына әсер ететін заттар концентрацияларының әсері және гомогенді, гетерогенді
процестердің мақсатты өнімдерінің шығымы. Технологиялық үлгілердің ашық тізбекті,
айналмалы, жартылай айналымсыз түрлері.
Процестерді анализдеу және технологиялық үлгілерді таңдау. Өндіріс
процестерін
қалдықсыз жүйеге көшіру.
Достарыңызбен бөлісу: