Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.
Химиялық технологияның негізгі заңдылықтары?
2.
Гомогенді және гетерогенді процестерге әсер ететін факторлары?
3.
Катализ және оның түрлері, өндірістегі маңызы?
4.
Каталитикалық процестер. Қатты катализатордың қасиеттері?
5.
Химиялық – технология процестер туралы түсінік. Химиялық – технологиялық
процестердің, реагенттердің фазалық күйлері және реакция өнімдері, химиялық
реакцияның сипаты, өңдеу әдістері және технологиялық ережелердің параметрлері
және басқа да белгілері бойынша жіктелуі?
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
Қайырбеков Ж.Қ, Әубәкіров Е.А. Ж.К. Мылтықбаева. Жалпы химиялық технология. – Алматы.
2009.66-73
бет
2.
Тойбаев Ы.Қ., Жұбанов Қ.А., Садықов Ү.Ә. Химиялық технология негіздері. – Алматы. 2011.32-
41 бет
3.
Соколов Р.С. Химическая технология: в 2-х т. М: 2000. –Т.1.С.50-55
№5. Дәріс. Күкірт қышқылын өндіру Мақсаты: 1.
Күкірт қышқылын өндіру және қолдану әдістерін білу
2.
Күкірт қышқылын жанасу және нитроза әдістерімен өндіру.
Қысқаша мазмұны: Күкірт қышқылының маңызы. Күкірт қышқылын өндіруге қажетті шикізаттар және оны
комплексті пайдалану. Күкірт қышқылын контакт әдісі бойынша өндіру. Түзілген газдарды тазалау
және кептіру. Күкірттің (ІV) оксидін тотықтырудың теориялық негіздері. Жанасу әдісі бойынша
өндірілетін күкірт қышқылының тұрақты үлгісі. Қарапайым гетерогенді катализаторлар процесінің
үлгісі ретінде күкірттің (ІV) оксидін тотықтыру. Көп гидратты абсорбердегі күкірт (ІV) оксидінің
тиімді
жағдайы.
Адсорбциялық қондырғының құрылымы. Күкірт қышқылы өндірісінің келешектегі даму
тенденциясы. Тұйық жүйелері.
Күкірт қышқылын өндіру және қолдану әдістері. Күкірт қышқылы өндірісі химиялық өнеркәсіптің негізгі бір саласы.
Күкірт қышқылы активті және құны төмен болғандықтан өнеркәсіпте әртүрлі мақсатта көп
қолданылады: минералды тыңайтқыштар өндірісінде, фосфор, тұз қышқылы, сірке және т.б.
қышқылдар өндірісінде металл өңдеу және қопарғыш заттар өндірісінде көп жұмсалады. Сол
сияқты керосин, мұнай майларын коксохимия өндірісінің өнімдерін (бензол, толуол) тазартуға,
түрлі купоростар жасауда бояу өндірісінде т.б. мақсаттар үшін (дәрі-дәрмек, пластмасса, жасанды
талшықтар, тамақ өндірісі, транспорт және т.б.) күкірт қышқылы қажет. Ал, химиялық зертханалар
күкірт қышқылынсыз жұмыс жасай алмайды. Х ғасырдың орта шенінде күкірт қышқылын табиғи
тақтатас купоросы мен темір купорос қоспасын қыздыру арқылы өндірген, сондықтан өндірістегі
техникалық күкірт қышқылын «купорос майы» деп атайды. ХV-ғасырда күкірт қышқылын түбіне су
құйылған қорғасын камерасында күкірт пен селитра қоспасын өртеу арқылы өндіре бастады. Осы
әдісті “камера” әдісі немесе күкірт қышқылының түзілуіне азот оксидтері (нитроздар) қатысуына
байланысты “нитроза” әдісі деп атайды.
Қазіргі кезде күкірт қышқылын негізгі екі: жанасу және нитроза әдістерімен өндіреді.