«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты


Карбамидті (мочевина – несеп нәрі ) – (ΝΗ



Pdf көрінісі
бет33/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Байланысты:
Дәріс хим тех

Карбамидті (мочевина – несеп нәрі ) – (ΝΗ
2
)
2
СО өндіру 
1828 жылы мочевинаны синтездеуді ашқан неміс ғалымы Велер, Витализмге бірінші соққы 
берген ғалым. Мочевина жануарлардың несебімен шығатын зат болғандықтан, ол тірі организмнің 
өнімі болып табылады. 
Мочевина - оңай еритін түссіз кристалдық зат, өте құнды тыңайтқыш, құрамында өсімдікке 
жеңіл сіңірілетін 46% азот бар. Агрохимиялық сапасы барлық қатты азотты тыңайтқыштардан 
басым, топырақ құрамында ұзақ уақыт сақталынады. Өсімдіктерге тамыры және жапырақтары 
арқылы толық сіңіріледі. Өнімнің өзіндік құны төмен (арзан). Карбамидті мал жемдеріне де азот 
қоспасы ретінде қосады. 
Карбамид ауыл шаруашылығынан басқа өндіріс орындарында көп қолданылады; ағаш 
жаңқасынан синтетикалық желім және т.б. пластмассалар өндіретін шайырлар алуға, 
фармацевтика (дәрі-дәрмек) өндірістерінде, мұнай өнімдерін өңдеуге, синтетикалық талшық 
урилон алуға алуға және т.б. өндіріс орындарында қолданылады. 
Карбамид өндіруге шикізат ретінде аммиак және көміртек диоксидін қолданады. Карбамид 
синтезі екі сатымен жүреді. Бірінші сатыда карбамид қышқылының аммоний тұзы (карбамат) 
түзіледі: 

NH 


CO 


NH 

COONH 


159 
кДж 
(а) 
Ары қарай карбамат дегидратталып карбамид түзіледі: 
NH 
2
COONH 



NH 



CO 


2


285
кДж 
(б) 
Жалпы қорытқанда, карбамидтің синтезі гетерогенді Г-С жүйедегі процесс, кинетикалық 
аймақта жүреді. Аммиактың карбаматы тиімді жағдайда толық және үлкен жылдамдықта түзіледі. 
Карбоматтың дегидратациялауы баяу, сондықтан толық жүрмейді, тек сұйық фазада ғана 
жылдамдайды. Температура жоғарылағанда карбамидтің түзілу жылдамдығы артып, шығымы 
өседі. Карбамид шығымын өсіру үшін тепмературамен қатар қысымды арттыру және аммак 
мөлшерін стехиометриалық шамадан артық алу қажет. 
Карбамидті өндірісте синтездеу үшін температура 180-200
0
С, қысым 18-20МПа және аммиак 
100% артық алынады. 100% көміртек диоксидін және мүлде тап-таза аммиакты қолданғанда 
карбамид шығымы 60-70% шамасында болады. Өндірістің экономикалық көрсеткішін арттыру үшін 
реакцияласпаған аммиак және көміртек диоксидтері басқа өнімдер өндіруге жұмсалынады немесе 
қайтадан процесс басына жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет