№ 10. Дәріс. Металлургия Мақсаты: 1.
Металдар классификациясын білу
2.Шойын өндірісін біледі
3.Болат өндірісі туралы айта алады
Қысқаша мазмұны: Металдардың халық шаруашылығындағы маңызы. Қара және түсті металлургияның шикізаты.
Сульфидті шикізатты комплексті пайдалану және металлургиялық заводтарды күкірт қышқылы
өндірісімен қиыстыру.
Пиро және гидрометаллургияда металдарды алудың негізгі әдістері. Құрамында темірі бар
балқымалар, олардың классификациясы және қасиеттері, темір – көміртек диаграммасының күйі
және оны тәжірибеде пайдалану.
Домна өндірісіндегі шикізат. Домна пешіндегі химиялық реакциялар, олардың тепе-теңдігі
және кинетикасы. Домна процесінің қолайлы жағдайлары: шахта, үрлеу, температура, қысым.
Домна процесін жеделдету жолдары: оттек, табиғи газдарды пайдалану, аралас шикізат. Домна
пешінің әбден жетілдірілген конструкциясы (мөлшерлерді ірілендіру, комплексті механизация,
басқару мен бақылауды автоматтау). Руданы тікелей тотықсыздандыру. Домнаның қалдықтары
мен газдарын пайдалану.
Мартен процесінің теориялық негіздері. Мартен процесін жеделдету: оттек, табиғи газ,
сығысқан ауа. Құрыш қорытудың оттекті – конвенторлы әдісі, оның артықшылығы және
болашақтылығы.
Шойын өндірісі Қазіргі кездегі металлургия өндірісінің ең басты процесі - қара металлургия. Металдарды алу
екі сатымен жүреді:
1.
Домна пешінде шойын өндіру;
2.
Шойынды болатқа айналдыру.
Шойын машина жасауда, қондырғылардың ауыр дөңгелектерін, құбырлар жасауда т.б.
қолданады.
Шойын өндірісіне қажетті негізгі шикізаттар: темір рудалары, флюстер, отын (кокс).
Өндірісте қолданылуына байланысты темір рудаларының мынадай түрлерге жіктеледі:
1)
Магнитті темір. Ғе
3
О
4
-
магнетит. Магнетиттің құрамында темір– 50-70%, күкірт өте аз
мөлшерде болады және өте қиын тотықсызданады.
2)
Қызыл темірлер. Ғе
2
О
3
-
гематит, құрамында темір –50-70%, күкірт, фосфор болады, оңай
тотықсызданады.
3)
Қоңыр темір (бурый). Ғе
2
О
3
·nH
2
О-лимонит. Құрамында темір 25-53%, күкірт, фосфор,
алюминий қоспалары болады. Сонымен қатар, хромды-никельді (Cr-2%, Ni - 1% ) қоңыр темір де
кездеседі. Бұл шойын, болат өндірісі үшін қолданады.
4)
Темір шпаты. Құрамында темір– 30-37%, сонымен қатар ҒеСО
3
,
S, Р болады. Өрттеу
нәтижесінде құрамындағы темірдің мөлшері 50-60% артады.
5)
Сидерит (Mn-1-10% ) кездеседі. Сонымен қатар, қара, түсті металдардың қалдықтары да
шикізат
болып табылады.
Қиын балқитын темір оксидтерін жеңіл балқитын күйге айналдыру үшін Домна пешінде табиғи
флюстер (СаСО
3
;
СаСО
3
+МgСО
3
доломит) қосылады. 1 т шойын өндіру үшін 0,4-0,8 т флюстер
жұмсалады. Шойын өндірісінде қолданатын кокстың құрамында 80- 86% С, 2-7% Н
2
О, 2– 1,7% S,
15%
күл және табиғи газ да болады.
Домна пешіне темір рудаларын даярлау үшін алдымен ыдыратып, бұршақ тәрізді күйге
келтіріледі,
содан соң байытылады. Байыту әдісі рудалардың түріне байланысты әр түрлі болады: флотация,
магниттік
сеператор, электромагниттік сепарация, тотықсыздандырғыштар арқылы өрттеу т.б.
Біздің елімізде рудаларды қазып алған соң байытылады, соңында агломерация процесі
жүреді. Бұл процесте ұнтақталған руданы әктаспен, кокс 5-8% араластырып, Домна пешіне
салынады. Ең жақсы нәтиже алу үшін руданың мөлшері 40-100 мм, әктастың мөлшері 30-80 мм
болу керек. Егер руданың мөлшері 5 мм-ден төмен болса, пештің өнімділігі 3%-ке төмендеп
шығыны артады.