«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет7/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
Дәріс хим тех

Энергияның негізгі көзі 
Әр түрлі өндірістер саласында әсіресе, химия өндірістері энергияны өте көп мөлшерде 
қолданатын өндірістердің бірі. Жалпы электр энергияның 12%-ті химия өндірістерге жұмсалынады. 
Химиялық өндірістерді энергиямен қамтамасыз ету үшін әр түрлі энергетика қондырғыларын 
қолданады: мысалы, жылу энергиясына жылу электрорталығынан алуға болады (ЖЭО). Сонымен 
қатар, қазан қондырғыдан ыстық су және су буын алуға болады. Электр энергияны – 
конденсацияланған жылу электростанциясынан (КЖЭС), су электростанциясынан (СЭС), жылу
электрорталығынан және атом электростанциясынан (АЭС) алуға болады. Химиялық өндірістік 
орындарында жылу энергиясын қолдану басқа энергиямен салыстырғанда басым. Химиялық 
өндірістерде қолданылатын жалпы энергия қорының 90%-ті әр түрлі (көмір, табиғи газ, мазут, 
шымтезек, жанғыш тақтатас) отынды жағу нәтижесінде алынады, ал, 10%-ті гидроэнергия үлесіне 
тиеді. Химиялық өндірістерте арзан құнды энергия көзін қолдану қажет, оны іздестіру болашақтың 
міндеті. 
Химиялық өндірістерде табиғи газдардың алатын орны ерекше, оған себеп газ тек отын ғана 
емес, ол көптеген өнім өндіретін өндірістердің шикізаты. Табиғи газды орынды түрде пайдалану 
қажет. 
Электр энергиясын өндіретін өндірістердің көптеген экономикалық 
көрсеткіштері электростанцияларының түріне, олардың қуатына және орналасқан аймағына 
тәуелді. Жылу электростанцияларында электр және жылу энергиясының өзіндік құнының 60-70%-ті 
жұмсалынған отынның үлесіне тиеді. Қатты отыннан өндірілген электр энергияның өзіндік құны 
газдан өндірілген электр энергияның өзіндік құнынан өте жоғары. Мысалы: Ангара-Енесей 
сарқырамасындағы су электр станцияға жұмсалған қаржы және өзіндік құны Волга және Днепр су 
электр станцияларынан 2-3 есе аз. 
Уран және торийдің энергиясы дүние жүзіндегі энергия тас көмір, мұнай және табиғи 
газдардан энергия қорлары бірнеше рет басым болғандықтан атом энергия өндірістерінде 
қолданудың маңызы ерекше орын алады. Химиялық өндірістерде химиялық реакциялардың 
энергиясын қолдануды тиісті жолға қою қажет. Соңғы жылдарда энерго-техникалық химия 
өндірістері химия өнімдерімен қатар бір мезгілде тұтынушыларға энергия өнімдерін 
(энергетикалық бу немесе электр энергиясы түрінде) беретін болды. Мысалы, 1 т күкірт қышқылын 
өндіруге 100 кв·т/сағ немесе 0,36 МДж жылу жүмсалынады, яғни бар жоғы химиялық процестер 
нәтижесінде бөлінетін жылудың 7%-тін ғана құрайды. 
Болашақта күн сәулесінің энергиясын, жел энергиясын, теңіз суының көтерілуі және қайту 
энергиясын, жер қойнауының жылу энергиясын қолдану энергетика көзін және қорын 
толықтандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет