«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәріс хим тех

Өндірістің негізгі принциптері 
Химиялық өндірістегі процестер екі түрге: периодты және үздіксіз болып бөлінеді. 
Периодты процесте әрбір саты үздікті жүреді, яғни реакция жүретін қондырғыға белгілі 
мөлшерде шикізат немесе жартылай фабрикант салынады, содан кейін реакцияны жүргізеді, 
реакция аяқталған соң, қондырғыдағы өнімді бөліп алады. Бұл операция бірнеше рет қайталанады. 
Бұл периодты процесс жағдайында реакция үздіксіз өзгереді, себебі уақыттың өтуіне байланысты 
бастапқы заттың концентрациясы азаяды да, реакция жылдамдығын баяулатуға, реакция 
температурасының өзгеруіне әкеп соғады. 
Периодты процестің өнімділігі аз болады. 
Өндірісте периодты әдіспен көптеген органикалық бояулар, қопарылғыш заттар, сульфатты 
жолмен алынатын НСІ т.б. өндіріледі. 
Өндірістің үздіксіз процесінде шикізаттың берілуі мен соңғы өнімді алу арасындағы өндіріс 
процестері үздіксіз, жұмыс жүргізетін қондырғылар мен жүйе тоқтаусыз жүреді. 
Мысалы: Н
2
SO
4
өндірісі, металдарды өндіру процесі және 
аммиакты синтездеу, сутек 
өндірістері жатады. 
Үздіксіз процестің периодты процестен едәуір артықшылығы бар: 
1) 
Қондырғыға енгізілетін шикізаттар мен соңғы дайын өнімдер арасындағы процестер 
үздіксіз жүреді; 
2) 
Өндіріс процесінде тепе-теңділік пен тұрақтылық сақталады, сондықтан өндіріс режимін 
оңай бақылауға болады; 
3) 
Берік, тұрақты жағдайда қондырғының мөлшері азаяды, сонымен бірге ғимарат көлемі, оған 
кететін шығын да азаяды; 
4) 
Өндіріс процесін үлкен механизациямен қамтамасыз етеді. 
Сондықтан да заман талабына сай химиялық өндіріс периодты әдістен үздіксіз әдіске 
көшуге ұмтылуда. 
Үздіксіз процеске өту нәтижесінде қондырғылардың өнімділігі артады. Мысалы: аммиак өндірісі 
– 8 есе, суперфосфат – 2 есе, ал нитролбензол – 1,5 есе артады. 
Егер өндіріс процесіндегі реакция аяғына дейін жүрмесе, онда соңғы дайын 
өнімді 
бөліп алып, реакцияға түспей қалған бастапқы шикізатты реакция жүретін қондырғыға қайта 
жібереді. Бұл кезде алдын–ала жаңа бастапқы зат енгізіледі. Бұл– айналмалы немесе тұйық 
процесс болып табылады. Мысалы, синтетикалық жолмен алынатын аммиак өндірісі және метанол 
өндірісі т.б. жатады. 
Өндірістегі технологиялық жүйелердің қарапайымдылығы немесе күрделілігі өнімнің өзіндік 


құнына әсер етеді. Жүйедегі қондырғылар санының көптігі, оның құрылысына жұмсалатын 
ақшалар мен төленетін жарналар, жұмысшылар саны, қондырғыларды жөндеуге жұмсалатын 
ақшалар, бәрі де еңбек өнімділігін төмендетеді. 
Сөйтіп, өнімнің өзіндік құны артады. Сондықтан да өндірістің жаңа әдістерін өңдеп, ұсынуда 
оның үлгісі қысқа, өндіріс сатысының саны аз, сонымен бірге периодты процестерді үздіксіз 
процестерге ауыстыруы қажет. 
Комплесті түрде автоматтандыруда өндірістегі әрбір процестің сатылары 
автоматтандырылады, соның ішінде бақылау да, жұмыс режимін реттеу де және белгілі 
қашықтықта басқаруда жатады. 
Өндірісті механизациялау мен автоматтандыру еңбекті жеңілдетеді, өнімділігі артады, сонымен 
бірге дайын өнімнің өзіндік құны төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет