И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет50/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
тәуелдік катего- 
риясы 
грамматикалық категория болып қалыптасқан.
Тәуелдік мағына белгілі жаққа және иеленуші ілік септіктегі 
сөздің жекеше я көпше түлғасына қарай оңашалық неме-
82


се ортақтық мәнге байланысты тәуелденуші сөздің жекеше я
көпше тұлғаларында сөздің соңғы дыбысы дауысты — дауыс-
сыз, ал буыны жуан - жіңішкелігіне қарай мынадай тұлғалар 
арқылы беріледі:
I
жақ: 
-ым, -ім, -м 
және 
-ымыз, -іміз, -мыз, -міз
II
жақ: анайы 
-ың, -ің, -ң 
және 
(-лар, -дар, -тар) ың,
(-лер, -дер, -тер) ің 
сыпайы 
-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
және 
(-лар, -дар, -тар) ыңыз,
(-лер, -дер, -тер) ңіз,
ІП 
жақ: 
-ы, -і, -сы, -сі 
және 
(-лар, -дар, -тар) ы,
(-лер, -дер; -тер) і.
Тәуелдеудің оңаша және ортақ тәуелдеу түрі тәуелденетін 
заттың (заттардың) бір я бірнеше затқа (адамға) тән екенін 
білдірумен байланысты. Оңаша тәуелдеуде бір я бірнеше зат бір 
ғана затқа (адамға) тәуелді болып келеді, яғни ие болатын зат 
(адам) біреу болады, сондықтан ол (ілік септіктегі сөз) тек жеке- 
ше түлғада түрады да, иеленетін (тәуелденетін) зат біреу неме- 
се бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан ол (тәуелдік жалғауын- 
дағы соз) жекеше де, көпше де түлғада түра береді.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі
Жекеше
Көпше
менің
сшің
сіздің
оның
бала-м, үй-ім 
бала-ң, үй-ің 
бала-ңыз, үй-іңіз 
бала-сы, үй-і
бала-лар-ым, үй-лер-ім 
бала-лар-ың, үй-лер-ің 
бала-лар-ыңыз, үй-лер-іңіз 
бала-лары-ы, үй-лер-і
Ортақ тәуелдеуде керісінше бір я бірнеше зат біреу емес, 
бірнеше (көп) затқа (адамға) төуелді болып келеді, яғни ие 
болатын зат (адам) көп болады, сондықтан ол (ілік септіктегі 
сөз) тек көптік түлғада түрады да, иеленетін (төуелденетін) зат 
біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан ол (тәуелдік
83


жалғауындағы сөз) жекеше де, көпше де түлғада түра береді. 
Сөйтіп, көп (бірнеше) затқа (адамға) ортақ болып отырады.
О ртақ тәуелдеудің үлгісі 
Жекеше 

Көпше 
1
біздің 
I бала-мыз, үй-іміз 
I бала-лар-ымыз, үи-лвр-іміз I
сендердің бала-лар-ың, үй-лер-ің 
бала-лар-ың, үй-лер-ің 
сіздердің 
бала-лар-ыңыз, үй-лер- 
бала-лар-ыңыз, үй-лер-іңіз I
олардың 1 бала-(лар)-ы, үй-(лер)-і | бала-лар-ы, үй-лер-і_______|
Бүнда жақтық қатынас тәуелдік жалғау формасы арқылы 
беріліп, ол алгашқы, ілік септігіндегі сөздің семантикасы- 
мен байланысады. Соның нәтижесінде тәуелділік, иелік, 
меншіктілік мағына, қатынас ілік септігіндегі сөз айтылмай- 
ақ, тәуелдік жалгаулы сөздің өзі-ақ қолданылуынан да көрініп 
түрады: кітабымды алдым дегенде, кітаптың сөйлеуші 1-жаққа 
қатысты яғни менің кітабым екені, кітабы стол үстінде жатыр 
дегенде ІІІ-жаққа қатысты оның кітабы екені белгілі.
Қазіргі қазақ тілінде ілік септігіндегі сөз біздің, сіз^ің, 
өзіміздің деген есімдіктер болғанда, кейде екінші се.здегі 
тәуелдік жалғауы түсіп те қолданылады: біздің үй, сіздің 
ауыл, өзіміздің жігіттер. Әрине, бүлардың біздің үйімі з, сіздің 
аулыңыз, өзіміздің жігіттеріміз деген н үсқалары да қол данылып 
отырады. Тәуелдік жалғаудың 3-жағында түсіп қалу ы тек ауыз 
әдебиеті нүсқаларында, жырларда, жыраулар шығаі >ма ларында 
кездесіп қалады: Базарбайдың Төлеген (Төле, ген-і емес), 
Қобыландының Тайбурыл (Тайбурыл-ы емес). 3-жақ тәуелдік 
жалғау түлгасының түсіп қалып қолданылуы орта ғасырлық 
жазба нүсқалар тілінде де (мысалы, М. Қашғаридың сөздігінде, 
Ю. Баласағүнның «Қүтадгу білік» дастакында) кимнің иш,
кимниң тавар түрінде кездесіп отырады.
Тәуелдік жалғаулы сөз әдетте ілік септігіидегі сөзбен ма-
таса байланысып қолданылады, өйткені тәуелдік жалғауы, бір
84


жағынан, өзінен бүрынғы еөздің ілік септік түлғасында (кейде 
жасырын түрде) түруын талап етсе, екінші жағынан, тәуелдік 
жалғауы және жақтьщ ерекшелігі негізінде ілік септікті сөздің 
семантикасымен бір жақты байланысып түрады, ал ілік септігі 
өзі жалғанған сөзді анықталушыға бағындыра байланысты- 
рып, оның (анықталушы сөздің) тәуелдік жалғауында түрады.
Кейбір сөздердің қүрамында тәуелдік жалғау өз мәнінен 
айрылып қалғандығын көреміз. Сыйлау, еркелету, кішірейту 
мәнінде қолданылатын, не сондай қосымшалардың қүрамында 
кездесетін кейбір түлғалар тарихи жағынан тәуелдік жалғау 
болған деген пікір бар: көке-м, жарығ-ым, Қож-еке-ң, Байж- 
еке-й, апа-сы-ау, әке-сі-ау, т. б. Бірақ бүлар қазір тәуелдік 
жалғау деп түсінілмейді. Сондай-ақ «өзінің әуелгі қызметі 
мен 
мағынасынан 
бірте-бірте 
алыстай-алыстай 
келіп, 
бастапқы жақтық мағынасынан да, оның көрсеткіші (фор- 
масы) болу қабілетінен де біржолата айрылып, тек солардың 
қалдық-сілімтігі ретінде ғана сақталып, көнеленген формалар 
есебінде жүмсалып жүрген кейбір сөздер мен тіркестер де осы 
қағидаға айғақ бола алады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет