I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет318/367
Дата17.10.2022
өлшемі4,57 Mb.
#43719
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   367
4 Мәтін 
1. Баяғы заманнан қазақтың қонысы болған құтты мекеннің айшықты орындарының бірі - 
Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасан, мөлдір судың түбіндегі 


294 
тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, 
судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері - он төрт метр. 
Әрине, географиялық сипатгамасы өз алдына жеке әңгіме. 
2. Жасыбай көлінің тарихи тарту болар тамашалары да баршылық. Егер аңыз-әңгімелерге 
сенсек, бұл көлдің бұрынғы атауы Шойынкөл екен. Бірақ кейін келе Жасыбай атанған. 
Негізінен, Ер Жасыбай - қан жұтқан қалмақтармен қиян-кескі соғыста ерлігімен көзге түсіп, 
елдің мақтанышына айналған қаһарман батыр. Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы 
тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан 
Баянауыл жерін басып алуды көздеп, шабуыл жасаған. Сол кезде қазақтың ханы Абылай 
Сабындыкөлдің шығыс жағынан жауға тойтарыс беру үшін жедел түрде Олжабай 
Толыбайұлын басшы етіп әскер ұйымдастырған екен. Сол әскер жасақтарының бірін көзсіз 
батыр Жасыбай басқарып, шабуылдаушылармен соғыста алдыңғы шепте болган. Мұның
өзінде де үлкен мән жатыр. Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты болса, онда жауды жеңу 
оңайырақ болады. Яғни тиген жерінен ұрандатқан жауды тесіп өтер өткір де қайсар 
қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген. 
Шойынкөлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Жасыбай бастаған жасақ жоңғарларға қарсы тұрып, 
жеңістің жалауын желбіреткен. Табанды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе алмаған 
қалмақтар жеңіліс тауып, қазақтың қылышынан аман қалғандары тентіреп, тым-тырақай 
қашкан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдін ортасында жолдастарымен 
демалып жатқанда, калмақтың аман қалған қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды 
жаралап өлтірген. 
3. Бұл әрине, сол уақытта қазақ әскері үшін орны толмас қаза еді. Қайғылы хабарды естіген 
Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың 
соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан 
бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып 
тастаған көрінеді. Және сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. Жалпы 
мүндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысында күшті тойтарыстардың бірі 
болды. Ал жергілікті халық болса, Шойынкөлді батырдың атымен атап кеткен. Яғни бүгінгі 
күнге дейін көл мен сол аймак Жасыбай деп аталады. 
13. Көлге неліктен Жасыбай атауы берілген? 
A) Ханның ел басқаруына орай B) Ру атына сәйкес 
C) Көлдің байырғы атауы болғандықтан D) Батыр ерлігіне орай 
E) Жоңғар шапқыншылығына сәйкес 
14. Алғашкы азатжолда ой қалай берілген? 
A) Салыстыру арқылы B) Тұжырымдау арқылы C) Суреттеу арқылы 
D) Пайымдау арқылы E) Дәлелдеу арқылы 
15. Екінші азатжолдағы негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A) Ер аруағы – қаруы B) Ердің екі сөйлегені өлгені C) Ел үмітін ер ақтар 
D) Ер тарықпай, молықпайды E) Ерді жаяулық емес, ұаяулық аздырар 
16. Мәтін қандай стильде жазылған? 
A) Іс қағаздар стилі B) Ауызекі сөйлеу стилі C) Ресми стиль D) Fылыми стиль 
E) Публицистикалық стиль 
17. Мәтінді қай мақал қорытындылап тұр? 
A) Ер азығы мен бөрі азығы жолда B) Ер есімі - ел есінде 
C) Батыр жарасыз болмас 
D) Ер - ырыстың кілті 
E) Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі 
18. Бірінші азатжолда не туралы айтылған? 
A) Жасыбай көлінің шипасы B) Жасыбай көлінің тарихы 
C) Жасыбай көлінің географиялык сипаттамасы D) Жасыбай көлінің байлығы 
E) Жасыбай туралы аңыз-ертегілер 
19. Екінші азатжол қандай үлгіде жазылған? 
A) Сын мақала B) Аңыз әңгіме C) Ой толғау D) Тарихи аңыз E) Шыншыл ертегі 
20. Баянауылдағы «Қалмаққырылған» жерінің атауы қай барыпға байланысты 
A) Бесен B) Абылай C) Бәсентиін D) Олжатай E)Жасабай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет