I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет316/367
Дата17.10.2022
өлшемі4,57 Mb.
#43719
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   367
Жанайдың жауға қарсы шыға алмау 
себебі 
A) 
Соғыс әдіс-тәсілін білмеді 
B) 
Астындағы аты үрікті 
C) 
Аты үйретілмеген болды 
D) 
Қолында қаруы болмады 
E) 
Жауға жалғыз беттей алмады 
2121 - Нұсқа 
1-мәтін 
1. Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор - «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау 
алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. 
2. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге 
ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. 
3. Кұсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. 
Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, 
әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін 
шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. 
1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? 
A) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты 
B) Көк толқындардың жылдамдығына байланысты 
C) Көл толқындарының бұйралығына байланысты 
D) Көлдің әдемілігіне байланысты 
E) Көл толқынының сылдырына байланысты 
2. Екінші азатжолда не туралы айтылан? 
A) Қамысты құрақтағы құстар туралы B) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы 
C) Көлдегі балықтар туралы D) Көлдің көлемі туралы E) Көл атауы туралы 
2-мәтін 
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен, 
себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңқай 
көрінді. Соған таяндым. Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады. Бүгін 
солардың бірінің үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр. Бұл 
не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң, құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай 
емес. Қарға біресе бір жамбасына. біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған 
тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Кұмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан 
тәрізді. 
Қара қарға онымен қоймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, қанатының астына 
тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып 
қонды. Содан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап болып 
ұшып кетті. 
Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін 
құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл 
қансорғыш насекомдарды жойып жібереді. 
3. Мәтін не туралы? 


293 
A) Орман тіршілігі туралы B) Ормандағы өсімдіктер туралы 
C) Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы D) Құмырсқалардың достығы туралы 
E) Ормандағы құбылыс туралы 
4. Авторды таңғалдырған жағдай 
A) Құмырсқалар илеуінің көптігі B) Қарғаның илеуді ем ретінде пайдаланғаны 
C) Қарганың адамнан қорықпағандығы D) Саңырауқұлақтың жоқтығы 
E) Қарғаның құмырсқа илеуінен ұшып кетуі 
5, Мәтін стилін анықтаңыз 
A) Ғылыми B) Публицистикалық C) Көркем әдебиет D) Ауызекі сөйлеу 
E) 1с қағаздар 
6. Қорытынды бөлімінің мазмұнына қатысты тақырып таңдаңыз 
A) «Құмырсқа илеуі» B) «Қара қарға» C) «Құстар достығы» 
D) «Қансорғыш жәндіктер» E) «Емдеу орталығы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет