І тарау. Қосымшалар морфологияның зерттеу нысаны



бет2/8
Дата21.11.2022
өлшемі65,63 Kb.
#51514
1   2   3   4   5   6   7   8
1.1. Қосымшалардың жіктелуі
Қосымшалар белгілі топтағы сөздерге жалғанады, олардың өз ішінде де мағыналары мен қызметтері бірдей емес. Біразы өздері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық немесе сөзжасамдық я деривациялық мағына үстесе (жылқы-шы,апта-лық,шеге-ле,бі-лім), сөйтіп, сөзжасам тәсілінің бір түрі болып танылса, енді біразы мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, таза грамматикалық мағына үстеп, кейде ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып та тұрады. Осындай мағыналары мен қызметтеріне қарай қосымшалар көпшілік грамматикаларда жұрнақ-жалғау болып бөлініп жүр. Демек,морфемалық құрамы жағынан түбір, қосымша (жалғау,жұрнақ), сөз деген бөліктер мен ұғымдар болады. Бұлардан басқа кейбір еңбектерде сөз, туынды түбір деген ұғымдармен сәйкес келетін негіз (сөздің негізі) деген термин де ара-кідік қолданылып жүр. Сондай-ақ мағыналық жағынан қосымша морфемалардың , яғни, қосымшалардың өз ішінде омонимдік, синонимдік, антонимдік, моносемиялық-полисемиялық сипаттары, құрамы жағынан жалаң және күрделі, құрама, шығуы жағынан
төл және кірме қосымшалар бар екенін ескерген жөн.
Қазақ тіл білімінде қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде мағыналық ерекшеліктері мен қызметі жағынан жалғау мен жұрнақ болып екіге бөлініп жүргені белгілі. Сөздің морфология құрамды бір бөлігі ретінде және сөздің мағыналы дербес бөлшегі болып табылатын түбірден, бір жагынан, бөлек морфема, екінші жағынан, түбірмен бірлесіп барып сөз құрап, қосымша мән үстеп, бірлікте тұру арқылы және кейде ол сөзді сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіріп тұратын морфема ретінде танылып жүр. Осының негізінде, үшінші жағынан, сөздердің синтетикалық жолмен жасалған, біріншіден, жаңа сөз жасайтын немесе сөзжасам тұлғалары, екіншіден, сөз түрлендіретін немесе форма тудыратын және үшіншіден, сөз жалғастыратын немесе сөз байланыстыратын тұлғалары деп бөлу дәстүрі бар.
Ал түркология қосымша деген ұғым «аффикс» терминімен белгіленеді де, ол көбіне өз ішінде әрі қарай жіктелмей, өте кең мағынада қолданылады, сөйтіп, «аффикс» деген термин, бір жағынан, қазақ тілінің грамматикаларында қолданылып жүрген қосымша мәнінде, екінші жағынан, әрі жалғау, әрі жұрнақ мәнінде бірдей жұмсалады. Сондықтан да түркологиялық әдебиеттерде бір жағынан, «аффикс множоственного числа» (көптік жалғау), «аффикс падежа» (септік жалғау), «аффикс пренадлежности» (тәуелдік жалғау), «аффикс сказуемости» немесе «предикативности» (жіктік жалғау),екінші жағынан, «аффиксы залога» (етіс жұрнақтары), «аффиксы степени сравнения» (шырай жұнақтары),үшінші жағынан, «аффиксы именного словообразования» (есім тударатын жұрнақтар) деген күрделі терминдер ненмесе жеке жалғаулар мен бірге сөз түрлендіретін қосымшалардың да,сөз тудыратын қосымшалардың да, сөз тудыратын қосымшалардың да әрбір түрін «аффикс» деп көрсету жиі кездеседі.Бұнымен бірге «аффикс» термині мағынасы мен қызметтік ерекшеліктері жағынан кейде сөз түрлендіруші (словоизменительный), сөз тудырушы (словообразующий),форма тудырушы (формообразующий) болып та бөлініп отырады.
Қайткен күнде де қазақ тіл білімінде қосымшаларды белгілі түрлерге жіктеуге негіз болатын қасиеттері қосымшалардың мәні, мағыналық сыр-сипаты, қолданыстық қызметі, жіктеу жүйесі толық айқындалады деуге болмайды. Қосымшалардың қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп жүрген айыру белгілері, мағыналық, қызметтік түрлері оны сөз құрамының бір морфемалық бөлігі ретінде, әсіресе семантикалық мәні мен грамматикалық-тұлғалық, қызметтік дербестігі жоқ, түбірден өзгеше морфема ретіндегі ерекшеліктері қажетті сипаты болып саналғанымен, ол қосымшалардаң өз ішіндегі құрылымдық-мағыналық қасиетін, қызметтік-мәндік ерекшеліктерін, соларға байланысты тілдің грамматикалық құрылысын, оның сырын айқындап, соған байланысты жіктеу түрлерін толық таныта алмайды. Өйткені «аффикс» деген термин де,қосымша да мағыналық-құрылымдық жағынан да бұл тілдік құбылыстың әр түрлі грамматикалық сипатын, әсіресе оның жіктелуге негіз болатын сипатын саралай алмайды.
«Аффикс» терминін қосымша деп қазақшалап, оны түркологиядағы үлгідей қосымша түрлерінің нақтылы атауларымен қосақтап «жіктік қосымша», «септік қосымша», «тәуелдік қосымша», «етіс қосымшасы», «зат есім тудыратын қосымша», «сын есім тудыратын қосымша», «етістік тударатын қосымша» т.б.деп қолдану мүмкін болғанымен, қазақ тілінің грамматикаларында алынып жүргеніндей қосымшаның өзін мағыналық, қызметтік ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлініп, сол бөлінген түрлерінің атауын ғана нақтылы анықтауыштарымен қосақтап« септік жалғау »,« шырай жұрнақтары»,«сөз тудырушы жұрнақтар» т.б. сияқты қолданудың ғылыми негізі бар екенін байқаймыз.Бұдан қосымша морфеманың жалпы ерекшеліктерімен бірге оның түрлерінің өзара айырмашылықтарын,әр түрінің мағыналық,қызметтік қасиеттерін, түрленуінің принциптері мен крийтерилерін және оның грамматикалық құрылыс жүйесінен алатын орнын айқындай аламыз.Әңгіме ол түрлерінің аталуында,терминдерінде емес,негізгі мәнінде,солай бөліп жіктеудің ғылыми негізінде және оның тілдің грамматикалық құрылыс жүйесіндегі сырларын аша алуында.
Қазақ тілі грамматикаларында өздеріне тән «мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар бір ыңғайда жұрнақ пен жалғау болып жіктеліп, соның ішінде «мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтарды сөз тудыратын жұрнақтар деп екі салаға» бөлу дәстүрі бар.Тіпті кейде «кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын,әрі форма тудыратын синтетикалық морфема есебінде де қызмет ете береді».Ал мағаыналары мен қызметтері,сөздер арасындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіріп,олардың түр-түрлерінің көрсеткіштері есебінде қызмет етсе,жұрнақтар ол қатынастарды білдірмейді,тек өдері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағына үстеумен шектелетіндіг» де көрсетілген.Сонымен бірге қосымшалар кеде «сөз тудыратын морфемалар (қосымшалар), сөз түрлендіретін морфемалар (қосымшалар) және сөз жалғастыратын морфемалар (қосымшалар) болып бөлініп»,соған лайық әрқайсысы «сөз тудырушылар,сөз түрлендірушілер,сөз жалғастырушылар» делініп,осындай жеке терминдерге ие болып жіктелу үлгісі де бар.Қосымшаларды жіктеуде,ең алдымен,қосымшалардың қандай басты белгілерін негізге алуға тиістіміз дегеннің басын ашып алуымыз керек,өйткені қосымшалардың бірде бір түрлі принциппен,екіншіде екінші түрлі принциппен топтасақ,қосымшалар ғылыми негізде жіктелмейді,олардың семантикалық-грамматикалық сипаты ашылмайды.Бұл бір.Екіншіден,қосымшалардың білдіретін мағыналық сипаты,қызметі,олардың өзіндік қасиеті деген ұғымдар бір-бірінен ажыратылмай,сапырылысып кетеді де,олар туралы жаңсақ пікір қалыптасады.Айталық,қосымшалардың жаңа мағыналы сөз тудыруы немесе форма тудыруы олардың қызметі емес,мағыналық мәні болып табылады. Немесе «грамматикалық категорияларға тән тиісті ереже береліктей жүйелі заңдар жұрнақтарда да,әсіресе,сөз тудырушы жұрнақтарда да бар деу де ғылыми жағынан дәлелсіз,негізсіз.Үшіншіден,қосымшаларды жіктеуде ең алдымен неге сүйену керек,олардың мағыналық ерекшеліктері негізге алынуы керек пе,әлде қызметі негіге алынуы керек пе және осының қайсысы болса да,оның ғылыми негізі неде дегеннің басы ашылмай қалады.Қосымшаларды ешбір даусыз жіктеуге негіз болатын,ғылыми мәнін айқындап ашатын жүйелі белгілер,негізгі ерекшеліктері бар ма?
Қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде қандай сипаттары арқылы ерекшеленеді және түбір морфемадан қандай қасиеттері мен белгілері негізінде ажыратылады? Міне осыдан барып қосымшаларды жіктеуге нақты критерий туындайды.Осы жағынан келсек, қосымшалар морфеманың ең бірінші және басты семантикалық-грамматикалық белгісі- мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болуы, яғни қосымша түбірге жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмауы, демек, өз бетімен жеке дара қолданылмауы және түбірдің дыбыстық ыңғайына,әуеніне лайық үндестік заңы негізінде құбылып,вариантталып барып түбірге жалғануы.Және осымен қатар қосымшалар түбірге жалғануы арқылы,біріншіден,жаңа мағына білдіріп,жаңа сөз тудыру немесе,екіншіден,түбір білдіретін негізгі мағынаны өзгертпей,оған әр түрлі қосымша мағына үстеуі болып табылады.Соның нәтижесінде барып қосымшалар белгілі қызмет атқара алады немесе қызмет семантикалық сипатының шеңберінде қалып қояды.Сөйтіп, қосымшалардың білдіретін және беретін мағынасы оның ең бірінші басты қасиеті де,атқаратын қызметі сол мән-мағынасы арқылы жүзеге асатын екінші қасиеті болып саналады.Сондықтан қосымшаларды жіктегенде,олар өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын,сонымен бірге жалпыграмматикалық мағынасын өзгертіп,жаңа лексикалық немесе сөзжасамдық (деривациялық) мағына тудыра ма,сол арқылы тілдің сөздің құрамын байыта ма,жоқ түбір сөдің лексикалық және жалпыграмматикалық мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, тек қосымша грамматикалық мағына үстей ме, осыған қарап қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы немесе сөз түрлендіруші деп екі топқа бөліп қараған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет