І тарау. Қосымшалар морфологияның зерттеу нысаны



бет1/8
Дата21.11.2022
өлшемі65,63 Kb.
#51514
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бердібай Пәкизат Курстық.ж.


Кіріспе...................................................................................................................... 3
І тарау. Қосымшалар – морфологияның зерттеу нысаны
І.1. Қосымшалардың жіктелуі..............................................................................4
1.2. Сөз тудыратын қосымшалардың өзіндік қасиеті.........................................9
І.3. Қосымшалардың мағыналық, құрамдық ерекшеліктері.................................16
ІІ тарау. Қосымшаларды оқыту жолдары
ІІ.1. Жалғауларды оқытудағы көрнекіліктердің маңызы.....................................19
ІІ.2. Қосымшалардың грамматикалық мағына берудегі ролі...............................20
Қорытынды............................................................................................................27
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................29.
Қосымша беттер.....................................................................................................30


Кіріспе. Жұмыстың өзектілігі. Тілдегі грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар – тілдің грамматикалық құрылысында ертеден қалыптасып, әбден орныққан қосымшалар. Олардың қолданылу аясы, сөз таптарына қатысы, сөзден алатын орны, беретін, білдіретін мағыналары да алуан түрлі. Грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар: жалғау, нөлдік қосымша, грамматикалық жұрнақтар жайлы берілетін білім мазмұны жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерге негізделсе, оқушылардың байланыстырып сөйлеуіне, өз ойын еркін жеткізе білуіне жол ашады.
Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдына категория деп танылып, әрқайсысы бас - басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі.


Жұмыс мақсаты: қосымшалардың грамматикалық мағына берудегі және жаңа сөз жасаудағы қызметі жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын дәйектеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет