І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ



бет136/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   156
ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Илияс Сайфулрахман ( Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Сапаева Г.Е.

Ғаламтор ұғымы XX ғасырдың аяғында пайда болса да, жедел қарқынмен қанат жайып келе жатыр. Бұл ғаламторды ашқан адамдарел тарихында елеулі із қалдырып, танымал ірі тұлғалар болды. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам жоқ шығар. Ол қажеттіліктің бірі ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алып, оны өмірде қолдана алу. 1957 жылы АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1969 жылы ARPANET деп аталатын компьютерлік желісі құрылып, жұмыс істей бастады. 1971 жылы желі арқылы электронды пошта әртүрлі хабарламалар жіберетін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалды. Сөйтіп уақыт өте 1983 жылы «Интернет» термині пайда болды. Бүкіл дүниежүзіндегі адамдардың тоқсан пайызы ғаламторға кіреді. Яғни интернеттің қазіргі уақытта маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып бара жатыр. Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың араласқан ортасы ғаламтор болды. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір жазуыңызға болады. Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірге қажетті ақпаратты жылдам әрі тез алуға, басқа адамдармен ақпарат алмасуға мүмкіндік аласың. Ақпаратты алу үшін уақытқа тәуелді болмайсың. Интернеттен не керек бәрін таба аласың.Әсіресе, студенттер мен мектеп оқушылары өзіне қажет мағлұматтар мен рефераттар, шығарма, музыка т.б өзіне қажет нәрселерді таба алады. Қазіргі заманда интернет арқылы тіпті тест тапсырып, интернет арқылы сабақ алып, оқуға түсуге де болады.Сонымен қатар жастар интернет арқылы жұмыс істеп, табыс тауып жатқандар қаншама. Алысты жақындата аласың. Адамның мүмкіншілігі артады.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. Интернет арқылы ересек адамдар достар тауып, танысып, кейде отбасы құрып жатқандар да бар. Осылай адамдар желі арқылы бір бірімен танысып, достасып кетуі мүмкін.Осы жайттарды ескерсек, жастар үшін осындай бір әлеуметтік ортаның болғаны жақсы.


Ғаламтор не керектің бәрі табылатын қойма десек те болады. Қазіргі заманауи қоғамда бұл технологияны білу өте қажет. Тек қана тілін толық меңгеру қажет. Жұмысқа аларда жұмыс беруші компьютерлік сауаттылықты бірінші қатарға қояды. Ғаламтор өте тиімді байланыс құралы. Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын өте жақсы деңгейде үйренген адамдар қомақты қаржы тауып жатыр. Біз ғаламтордың ғаламат мүмкіндіктерін ұлтымызды дамытып, өркендетуге, халықтық қасиетімізді, құндылықтарымызды сақтап, ары қарай дамытуға пайдалануымыз керек. Ғылыми зерттеулерде адам баласының рухани әлеміне, күнделікті дағдысына әсер ететін күш ғаламтор болып келеді.
Бірақ кез келген дүниені шексіз пайдаланса, оның зияны болады.
Интернетте көп отыратын адамның денсаулығы нашарлайды.
Екіншіден, уақыттың тез өтіп, кейде босқа кетуі. Яғни интернетке кеткен уақытын адамдар спортпен шұғылдануға, немесе достарымен кездесуге жұмсағаны абзал. Бұл күндері араққа, темекіге, есірткіге құмартқан сияқты компьютерге, ғаламторға тәуелділік адамды алжастырып, таңнан таңға дейін отыратын адамның психикасына, денсаулығына кері әсер ететін дертке айналып жатыр.Уақытыңызды ұрлайтын орынсыз ойындар ойнау, ғаламтордағы жасанды, қиялы әлемге кіріп, мәңгүрттенуге бет бұрып жатқандар аз емес. Егер ғаламторды күнделікті өмірде адам өз игілігіне қарай дұрыс пайдаланса, ,ғаламдық даму үшін ғажайып құрал болады. Ал егер керісінше болса, адамдарды өзіне еліктіретін ойыншық құрал болып кетеді. Жастарға арнап Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер әрі тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» деген болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет