І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет144/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   156
Әдебиеттер


  1. Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауы -14.12.2012

  2. «www.strategy 2050.kz».



ҚАЗАҚ-ДАРИ ТІЛДЕРІНДЕГІ ОРТАҚ СӨЗДЕРДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗІ

Сарвари Мохаммад Юнус (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Наралиева Р.Т.
Тіл мамандары, лингвист ғалымдар, әлемде жеті мыңға жуық тіл бар, дейді. Осы тілдердің ішінде мемлекеттік тіл мәртебесіне ие тілдердің саны бар болғаны 130 ғана тіл. Біз, ауғанстандық тыңдаушылар, оқып үйреніп жүрген қазақ тілі – осындай үлкен құрметке ие болған тіл. Қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне алғаш рет 1989 жылы Қазақстан Кеңестер Одағының құрамында болған кезде алған. Алайда қазақ тілі өзінің мемлекеттік тілдік тұғырына енді, тәуелсіздік алған соң, ғана нығыз орнығып келеді. Қазақ тілі ресми түрде мемлекеттік тіл дәрежесіне 1989 ие болғанымен, оның тарихы терең, сөздік қоры үлкен, бай тіл. Қазақ тілі, ең бірінші, әрине Қазақстандағы және алыс-таяу шетелдерде мекен етіп жатқан қазақтардың ана тілі, сонымен қатар қазақ тілін өзінің ана тілі деп санайтын өзге ұлт өкілдері де бар. Атап айтар болсақ, ұлты неміс болғанмен, жаны қазақ болған, атақты қазақ жазушысы Герольд Бельгер мырза, республикалық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Асылы Осман ханым, сөз өнерінің майталман шебері атанған, айтыскер ақын Надежда Лушникова сияқты жандар өздерін қазақ халқынан, қазақы болмыстан еш бөліп қараған емес. Сонымен қатар бос уақытымызда ермек ететін, кейде пайдалы ақпарат алу үшін де қарайтын теледидарда да қазақша хабарларды жүргізушілер негізінен өзге ұлт өкілдері, әсіресе еуропалық тектес екенін күнде көріп, куә болып жүрміз. Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері тобының түркі тілдері тармағына жатады. Сондай-ақ, кейбір болжамдар бойынша, жапон және корей тілдері де Алтай тіл тобына жатады екен. Қазақ-корей тілдерінің жалғамалы грамматикасын ұқсастығы осының айғағы болса керек. Түркі халықтары Солтүстік Мұзды мұхиттан бастап Жерорта теңізіне дейінгі дейінгі ұланғайыр аймақты мекен еткен. Ресми мәлімет бойынша 30-дан астам, ал ғаламтордағы кейбір мәліметтерде тіпті 60-тай (мысалы, Е.Букетов атындағы ҚарМУ (1995 жыл), тарихшы және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы, 2003-2004 жылдар, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кадр және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің бас маманы, Философия және әлеуметтану, тарих кафедрасының оқытушысы болып еңбек етіп жүрген Амандық Қорғанұлының «Қазақтар және қазақ тілі туралы» ғаламтордағы мәліметінде) [1] түркі халықтары бар, делініп берілген. Қазіргі уақытта Түркі халықтарының мынадай мемлекеттері бар: Түркия және бұрынғы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өз тәуелсіздіктерін алған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдері. Олардан басқа тәуелсіздігін ресми түрде Түркия ғана мойындаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасын атап өтуге болады. Ресей Федерациясының құрамындағы татарлардың, башқұрттардың, чуваштардың, сахалардың, алтайлықтардың, тувалықтардың, хақастардың, қарашайлар мен балқарлардың автономиялық республикалары бар. Қытайда ұйғырлар мен қазақтардың, сондай-ақ тағы басқа да түркі халықтарының өз автономиясы – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы бар. Қытайдағы Шыңжаң аймағында тұратын қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай өңірлерінде шоғырланған. Қытай қазақтарының тағы екі автономиялық округы Алтыншоқы мен Ақсайды да атап өту лазым. Сонымен бірге, тағы екі түркі халқының да өз автономиялары бар – бұл Молдова құрамындағы Гагаузия және Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстан автономиясы. Әлемдегі ірі түркі халықтары: түріктер, әзербайжандар, өзбектер, қазақтар, ұйғырлар, татарлар, қырғыздар және түркімендер, башқұрттар, чуваштар болып табылады. Түркі халықтарының тілдері іштей бірнеше үлкен тіл топтарына бөлінеді, мысалы, қыпшақ тобы, оғыз тобы, бұлғар тобы және сібір тобы, қарайым тобы тілдік топтары бар. Қыпшақ тілі тобын татарлар, башқұрттар, қазақтар, қарақалпақтар, ноғайлар, құмықтар, қарашайлар, балқарлар құрайды. Оғыз тілі тобын түркімендер, әзербайжандар, түріктер, гагауыздар құрайды. Ал бұлғар тобына чуваштар мен бұлғарлар жатады. Қарлұқ тілі тобына жататын халықтар: өзбектер, ұйғырлар. Сібір тілі тобына саха, хақас халықтары жатады. Кез келген өркениетті елдің тілдерінің құрамында кірме сөздер болады. Қазіргі қазақ тілінде де өзге тілден енген сөздер бар. Ғаламтордағы мәлімет бойынша, қазақ тілінің негізін 70-80 пайызын қазақ (түркі) сөздері құрайды, сөздік қорында 20-30 пайыздай кірме сөздер бар. Қазақ тілінің сөздік қорында 3000-4000 мыңдай араб-парсы сөздері бар. Ауғанстан Ислам Республикасында мемлекеттік тіл мәртебесіне екі тіл ие: дари және пуштун тілдері. Дари тілі мен парсы тілінің ұқсастығы 90-95 пайыз болып табылады. Сондықтан да қазақ-парсы тілдеріне ортақ сөздерді, қазақ-дари тілдеріне ортақ сөздер ретінде қарастыруға болады. Қазақ тілінде қанша сөз бар екенін нақты айту өте қиын. Себебі соңғы кезде ғалымдар 2-3 миллиондай түбір сөз бар деп айтып жүр. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов (Мұхтар Әуезов қазатың ұлы ақыны/шайыры Абай Құнанбайұлы туралы «Абай» романын жазған, «Абай» романы 30-дан астам шет тіліне аударылған) «Абай романында 30 мыңдай сөз қолданған. Осы жайттарға назар аударсақ, 3-4 мың кірме сөз, әрине, көп емес. Бірақ бұл сөздерді қазақтар күнделікті сөйлеу барысында жиі қолданады. Мысалы, нан, кітап, арзан, қымбат, ұстаз, шәкірт, тәлім, тәрбие, сипат, қабыл, үтік, шәйнек, сама, көзе, пиала, леген, ықтимал, ықылас, тәртіп, нышан, сияқты сөздер жиі айтылады. Негізінен бұл сөздерді, білім мен ғылым саласында, күнделікті тұрмыста, шаруашылық саласында қолданылатын ортақ сөздер деп бөліп қарастыруға болады. Қазақ-дари тілдеріндегі ортақ сөздердің пайда болуының тамыры тереңде жатыр. Мыңдаған жылдар бұрынғы сауда-саттық пен дипломатиялық қарым-қатынастан бастау алған. Сонымен қатар ұлы қолбасшы, дарынды елбасы болған Бабыр Моғолстан мемлекетін құрған еді. Монғол билігінен босаған мемлекеттер ұсақ иеліктерге бөлініп, туыстас адамдар билік үшін өзара таласып жатқан кезде, Бабыр өзінің туған жерін тастап Үндістанды жаулап алады. Оның құрған мемлекеті «Ұлы Моғолдар империясы" деп аталынды. 1526 жылы Бабыр Лахорды алғаннан кейін, тез арада Пенжаб, Агра, Дели қалаларын жаулап алды. Ұлы Моғолдар империясы 1526 жылдар мен 1858 жылдар аралығында, яғни ағылшын отаршылдары Үндістанды жаулап алғанға дейін өмір сүрді. Атақты қолбасы, әрі Шығыс пен әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілі Захар ад-Дин Бабыр құрған империя үш ғасырдан артық өмір сүрді. Бабыр шайқастан бас тартпайтын талантты қолбасшы болумен қатар, керемет дипломат адам болған. Ол Орта Азия билеушілерімен үздіксіз қарым-қатынас жасап отырды. Бұл елдер аралығында үнемі елшілер алмастырылып отырды. Ол Ұлы Моғолдар империясында бірінші кезекте экономиканы жөнге салып, көрші елдермен тұрақты сауда қатынасын жүргізіп отырды. Бабыр жастардың тәрбиесіне, білім алуына көп көњіл бөлумен қатар, өнер мен қолөнерге, сәулет пен құрылыс өнерін де назарынан тыс қалдырмады. Бабыр 47 жасында Агра қаласында дүние салған, Кабулға таяу жердегі Шердарбазда жерленген [2]. Түркі халқының көрнекті ұлы Бабыр орнатқан бұл мемлекеттің қазіргі Ауғанстан жерінде билік еткеніне көңіл аударсақ, қазақ-дари тілдерінде ортақ сөздердің болуының өзінің заңдылығы бар екенін түсінеміз. Ауғанстандағы Құндыз, Балх немесе Балық, Бағлан қалаларының атаулары да қазақ сөздерінен шыққандығы күмән тудырмайды. Қазақ-дари тілдеріне ортақ сөздердің пайда болуының бір ұшы Қазақ еліне ислам дінінің кең тарауы және қазақ әдебиетіне араб-парсы әдеби тілінің, яғни мәдени байланыстың да ықпалы зор болды. Екі тілге ортақ сөздердің тек ауызекі сөйлеу тілде ғана емес жазба тілде кездеседі. Мысалы, қазақ тіл білімі тарихында алатын орны ерекше «Түркі шежіресінің» тілінде араб-парсы сөздері кездеседі. XVII ғасырда жазылған құнды жазбаша ескерткіш Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресі» туралы кандидаттық диссертациясында Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы былай деп көрсетті, Әбілғазының араб, парсы сөздерін қолдануының өзіндік бірнеше себептері бар: 1) Арабтардың жаулап алуы мен ислам дінінің таралуына байланысты бұл тілдердің мәні басымырақ болды; 2) Араб тілінен түркі тіліне сөз ауысу үрдісі әсіресе түркі тілдерінің даму тарихына айтарлықтай үлес қосты; 3) Орта Азия және Таяу Шығыс халықтарының әдеби тілі тарихында классикалық араб тілі едәуір рөл атқарған. Орта ғасырларда шығармаларды араб тілінде жазу дәстүрге айналды. Ал дәстүр жалғастығына сәйкес жазба тілге тән араб және парсы сөздерін қолдану мұсылманша сауаттылар үшін жат емес еді. Түркі халықтары көп жылдар бойы тәжік және парсы халықтарымен көршілес отырып, тікелей қарым-қатынас жасауы арқылы, сондай-ақ жазба әдебиет үлгілері мен мәдени байланыстары арқылы түркі тіліне парсы тілінен бірқатар сөздер енді. Тарихи деректер Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі тайпаларының тіліне араб сөздерінен гөрі парсы сөздері әлдеқайда ертерек ене бастағанын көрсетеді. Шығармада сын есімдер лексика-грамматикалық жағынан өз алдына сөз табы ретінде сараланып, анықталушы сөзбен іргелес орналасқан тұстары бар. Мәселен, боләнд әуез (қатты дауыс), содеқ дел (қарапайым жүрек), кухне тарихлары ( көне тарих), т.б. «Шежіреде» араб және парсы сөздерінің үлкен тобы күрделі етістік ретінде қолданылады. Қытай падишаһларыны етаиат қылұрлар қызмет қылұрлар ерді. ...Есімдердің түркі тілінің -ерді, -деді, -болды көмекші етістіктерімен қосылып күрделі етістік жасайды. Оларды есім компонентінің түсінікті-түсініксіз болып келуіне қарай екі топқа бөлуге болады:
1. Қазіргі қазақ тілінде күні бүгінге дейін қолданылып жүрген, әбден сіңісіп, қалыптасқан араб және парсы сөздері: мақсат ету, дүниеге келу, ғашық болу, баян қылу т.б. [3,5,6-б.] Ал, қазақ тілінің маманы профессор Б.Сағындықов: қазақ тіліне енген кірме араб-парсы сөздері туралы былай: «Түркі халықтарында бұрын-соңды болмаған ұғымдар мен зат атаулары ескерткіштерде араб-парсы сөздерімен беріледі. Мұндай сөздердің көпшілігі діни ұғымдар, ел басқару істеріне, экономикаға, ғылым мен мәдениетке, қоғамдық өмірдің басқа да салаларына байланысты терминдер. Әрине, мұндай сөздер аударуға келмейді. Аударған күнде де негізгі мағынасы бұзылып кетер еді», – деп көрсеткен. Сонымен қатар қазақ-дари/парсы тілдеріндегі ортақ сөздердің шығу төркіндері – терең этимологиялық талдау қажет ететін сала. Қорыта айтқанда, қазақ-дари тілдеріндегі ортақ сөздер тарихи қарым-қатынастың жемісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет