І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет32/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   156
Әдебиеттер

1. Қалиев Б. Өсімдік атауларының құрамындағы жергілікті ерекшеліктер, Алматы: Ғылым, 1990.
2. ҚазССР Ғылым Академиясының хабарлары, №8,1966.
3. Досқараев Ж. Каспий балықшылар тіліндегі профессионалдық лексиканың материалдары, 1-шығарылым, Алматы 1955.


АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА РӨЛДІК ОЙЫН АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кауменова Салтанат, магистрант (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰПУ

Бүгінгі таңда ауызша және жазбаша түрде шет тілінде қарым-қатынас жасау қабілеті ең маңызды дағдылардың бірі. Ал сол шет тілін меңгертудегі негізгі әрекет – қарым-қатынас үрдісі, сөйлеу қатынасы екендігі бүгінгі күнде бұлтартпас ақиқат екендігі белгілі.


Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан студент екінші адаммен, қатарластарымен белгілі-бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне біледі.
Диалогтік әдіс – студенттердің сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырады. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырылып, біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды студенттердің еркіндігіне салуға болады. Диалогтік оқыту студенттің тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес, оның ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды. Аудиторияда талқылауға қатысу студенттің бәсекеге қабілетін арттырады, өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.
Мерсер аудиториядағы талқылаудың дәлелді «пікірталастық әңгіме», «топтық әңгіме», «зерттеушілік әңгіме» деп аталатын үш түрін көрсетеді. Осылардың ішіндегі ең қолайлысы – топтық әңгіме студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. [1, 312]
Ғалым Ф.Ш.Оразбаева да тілдік қатынас үш түрлі жолмен іске асырылатынын атап көрсетеді. Олар: жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы: сұрақ-жауап, рөлдік, тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу. Осылардың ішіндегі рөлдік ойындар – сабақ үдерісін жандандырып, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады [2,174]
Өзге тілді оқытуда және үйретуде диалогтың маңызы ерекше. Өзге тілді оқытудың сара жолы көрсетеді. Себебі, өзге тілді білім алушыларға дилогты оқытудың айтылған тәсілдерінің берер пайдасы мол. Үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік болмаса, сөйлеудің қаншама жолдарын меңгергенмен, ол жасанды рөл атқарады да, бірте-бірте өзінің өміршеңдігін жояды. Сөйлесімге деген қажеттілік оқытушы тарапынан да, білім алушылардың тарапынан да бірдей болу қажет. Сөйлеуге үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың әсерін ескеру оқу процесін тікелей өмірмен жалғастырады. Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан құбылыстарды бірден түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп беруге жол ашады. Семинар сабақтарда сөйлеудің барлық формалары (монолог, диалог т.б) сөйлеушілердің ыңғайына қарай атқарыла береді. Сабақта диалог жүргізуге арналған тірек схеманы пайдалану барысында білім алушылар білімдерін тереңдетіп, жалпы ой-өрістерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар коммуникативтік іскерліктері мен дағдылары жетіледі. Әр сабақта тақырыпқа байланысты диалог түрлерін өзгертіп отыруға болады. Мұндай сабақ түрі білім алушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің қызықты, әрі тиімді түрі. Студенттер бұған ықыласпен қатысады, ал бұл олардың ағылшын тіліне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. 1-курс білім алушылармен диалогты ойын түрінде өткізуге «ағылшын тілі» өте қолайлы.
Шет тілін үйренуді тікелей диалогтық әдіспен оқыту қажет. Диалог тұжырымдамасының психологиялық мазмұны терең. Педагогикалық ауызекі сөйлеуді дамыту мәселелері бойынша психологтар ынтымақтастық үшін ең тиімді тетіктерін табуға тырысады. Коммуникативтік құзыреттілік негіздерін қалыптастыру мақсатында кемінде екі жыл қажет етеді. Шет тілдерін оқытудағы алғашқы қадамдардың бірі – ағылшын тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана алу. Ағылшын тілін үйрену кезінде студенттер кейбір қиын психологиялық кедергілерді жеңуге септігін тигізеді. Студенттер диалогтық сөйлеу әдісін меңгеру барысында кейбір қиындықтар туындайды:
– аудитория алдында сөз сөйлеуді қорқыныш сезінеді;
– өзінің жауабының дұрыс екендігіне әбден сенімді болмайынша оқытушы мен замандастары алдында аса белсенділік таныта қоймайды;
– өзіне сенімді болса да, дәл осы тақырыпқа туралы ештеңе білмейді.
Аталған қиындықтарды жеңуде рөлдік ойындардың маңызы зор. Психологтар диалогтық сөйлеуді тіл үйренудің ең тиімді тәсілдерінің бірі деп санайды. Қазіргі уақытта, негізгі пайыздық байланыс нақты жағдайды модельдеуге шет тілі сабақтарында рөлдік ойындар пайдалану болып табылады. Студенттер мен оқытушылар арасында рөлдік ойындар танымалдылығы құпиясын түсіндіреді. Сонымен қатар, ойын сабақ сәйкестендіру оңай болып табылады және студенттерге шынайы ләззат береді.
Рөлдік ойын адам қызметінің саласы мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды баяндаудан басталады. Ағылшын тілі сабақтарында диалогтық сөйлеуде олардың қарым-қатынастары қарастырылады. Ал диалог әдісін меңгертуде рөлдік ойындардың маңызы зор.
Ойын – студенттердің тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық студенттерге бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Студенттер белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал оқытушы тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындар студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы студенттер өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс. Студент өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Рөлдік ойындардағы оқытушының орны қандай? Ойын барысында оқытушы рөлі үнемі өзгеріп отырады. Бастапқы кезде оқытушы студенттердің ынта-жігерін бақылағаны жөн. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде оқытушы өзі де, басты рөлден басқа кез келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болуы керек.
Оқытушы көмек қажет ететін студентке жақындап, жұмысына жәрдем беруіне болады. Ойын барысында оқытушы студенттің қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Студент өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі студент өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.
Рөлдерді оқытушы бөледі, кейде студенттердің қалауларына да ерік берген жөн, себебі ағылшын тілін өзі қаншалықты біледі, соған орай өздері де рөлді тез тандайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде оқытушы дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, студенттің ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет. Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан студенттермен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда оқытушы ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді, есте сақтайды. Эксперименттік топтарда мәтін мазмұнымен танысу, меңгеру және бекіту студенттердің мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмысы ретінде ұйымдастырылды. Студенттер мультимедиалық бағдарламада қарастырылған аудио, визуалдық және сөздік әдістері арқылы мәтін мазмұнымен бір мезгілде танысу мүмкіндігіне ие болды. Мәтін мазмұнын бір мезетте бірнеше анализаторлардың – көру, есту, көрнекі-бейнелі ойлаудың – көмегі арқылы қабылдау, біріншіден, студенттердің жоғары мотивациялық қызығушылығын туғызса, екіншіден, мәтін мазмұнын түсініп-қабылдауды біршама жеңілдетті. Студенттер мультимедиалық бағдарламада берілген мәтін мазмұнын меңгеруге, тыңдалымдық, айтылымдық, оқылымдық, жазылымдық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастырып, дамытуға арналған жаттығулар кешенін интерактивті режимде өз бетінше орындады. Бұл кезеңде студенттердің тілдік дағдыларын жетілдіру олардың танымдық қызметін мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмыс ретінде ұйымдастыру негізінде, студент пен компьютердің өзара еинтерактивті әрекеті арқылы тиімді түрде жүзеге асырылды.
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды», – деп атақты педагог В.А.Сухомлинский ойынға ерекше мән берген. [3, 197]
Шетел тілін жоғары оқу орнында оқытудың шарттарын ескере отырып, студенттердің жоғары оқу орнын бітіргенннен кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін жоғары оқу орнында оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты – оқыту әдіс-тәсіліне, ауызекі тілде сөйлеуге бағдар беруге назар аударылады.
Рөлдік ойынның міндеті студенттің қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Оқытушы ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін оқытушы алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
– ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
– ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
– ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т.б. нақтылануы қажет;
– ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
– қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
– пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;
– ойынның өту барысының жоспары жасалуы. [4, 44]
Оқытуда анимациялық фильмдерді пайдалану студенттердің рөлдік ойындарға қатысуға үлкен қызығушылығы мен ынтасын тудырады. Мультфильмдер тек балалар үшін ғана түсірілмейді, бұл туралы ұмытпаған жөн. Сапалы анимациялық жұмыс жастардың да ересектердің де аудиториясын әрқашан қуантып отырады. Тек мұғалім ғана емес, басқа да ересек адамдар мультфильмнің мазмұны бойынша сұрақтар қойса, құндылықтарын нақтылап отырса, ондағы жағдайлар мен оқиғаларды талқыласа жақсы болар еді.
[5, 21]
Анимациялық фильмнің жанры. Ол өте ерекше және қызықты. Пайда болған таптаурындарға қарамастан ең үздік мультипликациялар жас көрермендерге ғана емес, көп жағдайларда ересектерге де арналып түсіріледі. Ең шулы анимациялық фильмдердің бірі Эндрю Стэнтонның «ВАЛЛ-И» «WALL-E» картинасы шығар, бұл картина бірде-бір фантастиканы ұнататындарды елсоқ қалдырмайды. Pixar киностудиясы кино сүюшілерге керемет шығармалар ұсына отырып, көрермендердің күткенінен де асырып жіберді. Тамаша пейзаж, керемет графика, ең бастысы – адамдардың болашағына алаңдайтын және жақсы көре білетін ВАЛЛ-И-дің әсерлі образы. Бұл Жерді адамдардан қалған қоқыстан тазартатын робот туралы батырлық пен ізгілікті дәріптейтін кино.
Қорыта айтқанда, диалогтік сұхбаттасу оқытушыларға да, студенттерге де білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Ағылшын тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру – заман талабы. Сондықтан студенттер жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ, орыс тілінен бөлек, ағылшын тілінде де өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет