І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет40/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   156
Ку-клукс-кланның аңшылары! [1, 275]
Ку-клукс-клан 1865 жылы Оңтүстік Құрама Штаттарда құпия құрылған террорлық әрекетке бағытталған «ақ нәсілдерді» қара нәсілділерден қорғайтын ұйым. Мүшелері ақ түсті капюшонды киім киіп, жүздерін бетпердемен жабып жүреді. Бұл күнде оның мүшелері миллионнан асып жығылыды. Ал өлеңдегі «зәңгі» сөзі негр деген мағынада жұмсалып тұр. Немесе, Атырауды мекендеген Атырау құланы мен онагры (жабайы есек), қылыш тісті жолбарыс, қазақы жүндес керікты ақын: Қайда кетті? деп жоқтайды.
Іздеймін мен әр бұта
Әр талымды.
Момынымды,
Тентегім,
Арқалымды.
Кім қайырып береді кваганы? [1, 276]
Квага - зебр түріне жататын Оңтүстік Африкада мекендеген жануар . Мойны зебра сынды жолақ түсті, ал денесі кәдімгі қою-қоңыр жылқы түстес те, денесінің ұзындығы 180 см. Ең соңғы жабайы квагга 1878 жылы өлтірілсе, ал әлемдегі ең ақырғы квагга 1883 жылы Амстердам жануарлар бағында өледі. Тағы бір дүниеден жоғалған құс турасында ақын Қадырдың:
Жер астынан аң табар,
Балық табар.
Сонда қанша сыр жатыр анықталар?!
Дронт құсап кәдімгі
Ізім-ғайым
Жоқ боп кеткен ел де бар,
Халық та бар! [1, 277] –
деген терең күрсінісін аңғарамыз. Дронт көгілдір реңкті, мосқал, аяғы мен мойны қысқа, қанаты ұзын ұшпайтын құс. Үнді мұхитының жағалауындағы Маврика аралы мен Родригесте мекендеген. Кейде дронтты «додо» деп те атайды. «Додо» партугалдардың ауызекі сөйлеу тілінде «ақымақ» деген мағынаны білдіреді. ХҮІІ ғасырдың соңында дронттардың барлығы құрып біткен. 2006 жылы голланд зерттеушілері Маврика аралынан дронттың қаңқасын тапты. Ал дронттың толық қаңқасы 1755 жылы Оксфорд музейіндегі өртте жанып кеткен болатын. Бүгінде Маврика мемлекетінің елтаңбасында дронттың геральдикалық бейнесі бедерленген.
Не болмаса,
Білімпаздар сеніммен қағып төсін,
Ұлы десін,
Кемеңгер халық десін,
Латындардың өзі де ғайып болған
Қалдырып тектілер мен әліппесін!-
дейді. Латын алфавиті шамамен б.д.д ҮІІ ғасырда пайда болған. Алғашында латын әліпбиінде 21 әріп болған. Олар:
A B C D E F Z H I K L M N O P Q R S T V X: Латын әліпбиін жасаған ғұламалар S әрпіне келгенде, үй алдындағы хауызда бір-біріне еркелеп отырған қос аққуды көреді де, «табылды, әріп табылды» деп айқай салады. Содан соң бірсыпыра уақыт бұл әріпті «аққу мойын» деп атап келген көрінеді [4]. Кейіннен латын әліппесі өзінің даму жетілу кезеңін өткеріп б.д.д 800 жылдары 26 әріппен толығады.
Қызыл кітап. Мақсаты: табиғат –ананың тұтастығын түгел бойымызға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып сөйлесуге болмайтынын ұғындыру.
Тағы да ақынның жыр жолдарына кезек берсек:
Қара жерді жылатып,
Еңіретіп
Кетті солай дронттың өмірі өтіп.
Екі ғасыр бұрын біз
Ең ақырғы
Су сиырды өлтірдік мөңіретіп. [280]
Қадырдың жырлап отырған су сиыры сүтқоректілер отрядына жататын 1741 жылы Беринг аралында Георг Стеллер ашқан теңіз сиыры. Ең соңғы су сиыр 1768 жылы осы Берингте тіршілігін жояды. Бірақ жағалауда теңіз сиырының қаңқа сүйектері әлі де болса кездеседі. Бірақ оны тасымалдауға, қозғауға тиым салынған. Су сиырдың сүйектері морж бен пілдің тісіне өте ұқсас. Қазіргі кезде Камчатканың Алует өлкетану мұражайында су сиырдың қаңқасы сақтаулы.
Қызыл-жасыл,
Зер өңді,
Қалайы тұр
Тотылардың музейде талайы тұр.
Адамдардың алдында
Ақырғы рет
Ышқынды да
Көз жұмды жабайы тур [1, 280]
Жабайы тур – Европаның барлық жерлерінде, тіпті Солтүстік Африкада, Кіші Азияда, Кавказда да мекендеген. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта Африкада, б.д.д. 600 мыңжылдық шамасында Месопотамияда аңшылықпен ауланғаны көне дәуір ескерткіштерінде жазылған. ХІІ ғасырларда Днепр жағалауында да көптеп кездескен. Бұл кезде жабайы турларды аулау кәсібі кең таралған. В.Монамахтың жазбаларында 1400 жылдары Польша мен Литва ормандарындағы жабайы турлар арнайы қорғауға алынып, атуға тиым салынған. Дегенмен де, 1627 жылы жер бетіндегі ең соңғы жабайы тур өледі. Адамзат баласын мейірімділікке, адами қасиеттерге, яки адамгершілікке үндейтін Қадырдың «Қызыл кітабы»:
Баяғыдай көбінің халі бірақ –
Мойындарын үзеді әлі бұрап.
Қызыл кітап –
Бұл өзі қызық кітап
Тысы жұқа,
Астары қалыңырақ, - деп оқырманына келелі ой салып тәмамдалады.
«Табиғат сырын дұрыс сезіне білмеу, адамзат санасының басты кемшілігі болмақ. Оның себебі, дүниенің ең басты жұмбағы – адам» [5, 6]. Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алмай келеді. Осыған орай, табиғаттың тылсым, ғажайып бейнесін суреттеп жазамын деп қолына қалам алған адам үш-ақ шартты жадында сақтауы шарт. Біріншісі – табиғатты туған анасындай түсініп сүю. Екінші – табиғатқа туған бабаңдай піріңдей табыну. Үшіншісі – табиғатты көзіңнің қарашығыңдай қорғау. Осы үш шартты бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ.
Табиғат – адамның тарихи (эволюциялық) анасы, қоғамның қорғаны, заманның зердесі. Оны адамнан, қоғамнан, заманнан тыс алып қарауға болмайды. Заман зерлеген жаңалықтар табиғат төрінен орын алып, табиғат поэзиясының керегіне айналмақ. Қадыр Мырза Әли шығармаларында табиғатты түсіну, түйсіну ғана емес, түгелдей сүйсіну, сезіну, қорғану, қол ұшын беріп, сырласу бар. Жүрекке жылылық, денеге күш-қуат, қайрат береді. Сондықтан да Қадыр жырлары мәңгілік шығармалар. Ынтымақ пен сүйіспеншілікке толы поэзиялар.
Ойымызды тұжырымдай келе, төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Біріншіден, Қадыр Мырза Әли адам мен табиғаттың біртұтастығы туралы қағида қалыптастырып, оны поэзия тілімен сұлу жүйелей білген ХХ ғасырдың кемеңгер ақыны.
Екіншіден, ақын табиғатты бағындыруға емес, оған бағынуға, оны анасындай аялауға шақырады.
Үшіншіден, Қадыр ақынның экологиялық тақырыбы да көп ізденістің, талмай талаптанудың жемісі. Ақынның тынымсыз ізденісі өмір, тіршілік сырларын жеке адамның болмыс бітімімен, оның терең де нәзік сезім қатпарларынан іздеуі, сол арқылы жалпы қоғамдық заңдылықтар туралы өзіндік пікір қалыптастырғанына айғақ бола алады.
Төртіншіден, табиғатты жырлағанда ақын бірде азаматтық қырымен көрінсе, енді бірде табиғаттың қиналыс үстіндегі халін нәзік те сыршыл лирикасымен терең жеткізе алған.
Жалпы табиғат туралы өлең жазған шайыр көп болғанымен, экология мәселесін арнайы тақырып дәрежесіне көтеріп, оның тіршілік етіп отырған ғаламшарға әкелер қасіретін алдын-ала болжап, содан сақтануға шақырғандардың да ең алғашқысы – ақын Қадыр Мырза Әли.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет