І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет33/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   156
Әдебиеттер
1. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению.– Москва: Педагогика, 1991. с-312.
2. Оразбаева Ф. «Шетел тілін оқытудың әдістемесі » Алматы, 2000 ж. – 174-б.
3. Сухомлинский В. А. Избранные педагогические сочинения в 3 т., т. 1, c. 197
4. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. – Москва: Педагогика, 1991. с -44.
5. Примбаева А.Н.Ағылшын тілі сабақтарындағы аудиоматериалдар // Мектептегі шет тілі, 2009, №1 Б.21-б.



АХМЕД ЙҮГІНЕКИДІҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ



Кенжебаева С.Б., магистрант (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ғылыми жетекшісі: Асқарова Г.С., ф.ғ.к.

Біздің заманымызға келіп жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің ішінде араб әліппесімен жазылған жәдігерліктердің алатын үлесі үлкен. Солардың бірі – XII ғасыр ескерткіші – Ахмед Йүгінекидің «Һибат-ул хақайиқ» («Ақиқат сыйы») атты дастаны [1, 3]. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанымен, ондағы өлендер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған.


Ахмед Йүгінекидің өмір сүрген ортасы, ғұмыры туралы деректер сақталмаған. Білетініміз, анасынан соқыр болып туылған Ахмед жастайынан білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген.
XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген Ахмед Йүгінеки өз заманында асқан білімпаз, ғұлама оқымысты болғандықтан «Әдиб Ахмет» деп аталған, бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне белгілі данышпан кісі ғана емес ақындардың ақыны, даналардың көш басы болған.
Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлендер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған.
«Һибат-ул хақайиқ» «Ақиқат сыйы» 494 жолдық өлең жолдарынан тұратын дидактикалық сарында жазылған, сюжетке құралмаған дастан. Шығарма бастауы Алланы, пайғамбарды және оның төрт сахабаны мадақтаудан бастау алады. Одан кейін автор өзінің кітабын Тат Испаһсалар бектің есімін тарихта мәңгі қалдыру мақсатымен жазғандығына тоқталып және оның жақсы жақтарын санамалап береді.
Шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі – адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бірінші сөзді «Білімнің пайдасы және надандықтың зияны туралы» деп бастайды. Онда:
Білімді кісі қымбат бағалы динар сияқты.
Білімсіз надан – құны жоқ бақыр.
Білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты.
Білімді адамның (өзі) өлгенмен аты өлмейді.
Надан тірі дегені болмаса, аты өлік.
Ақын осы бірінші сөзінде білімнің пайдасы мен надандықтың зиянын салыстыра отырып, ара-жігін ашып көрсетеді. Білімді әйел – ер, надан еркек – әйел деп білімді әйелдің дәрежесін жоғары көтереді, білімді адамның сөзі әрқашан үгіт, насихат, үлгі-өнеге, білімді адамды барлығы мақтайды, білімді адам не істесе де кейін өкінбейді, білімсіз адамның ісі өкініш, оған басқа енші жоқ, малы жоққа білім таусылмайтын мал, қаржысы жоққа білім таусылмайтын қаржы екендігін түсіндіреді.
Білімнен пайдалы еш нәрсе көрмедім,
Білім ал, салғыртсынбай үйрен, Алланың елшісі:
«Білім кімде болса сіз ізде»,
«Ғылым Шында болса да талап ет» - деген деп қорытындылайды.
Екінші сөз «Тілді тыю – әдептілік пен тәртіптіліктің шартына» арналған. Онда:
Әдептіліктің басы аузын бағу
Тіліңді тарт тісің сынбасын,
Егер (тілің) шыға қалса, тісіңді мықтап сындырады.
Ойланып сөйлеген кісінің сөзі сөздің асылы.
Тіліңді бақ. Аз сөйле,
Тіліңді бақсаң, өзің аман боласың, -
дей келе әдептіліктің, тәртіптіліктің бастауы тілді тыюдан басталады, сөзі жалған адамнан тез қаш, тіл мен жақтың көркі – шын сөз, шын сөз бал сияқты, жалған жуа немесе жалған сөз – ауру, шын сөз – ем, ақылсыз ердің тілі өз басына дұшпаны, көп сөйлеген көп өкінеді, адамның басына не келсе де тілінен келеді, сырыңды кісі білмесін, берік сақта, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма, мұны жақсылап ойлан деп ой түйеді.
Үшінші сөз «Дүниенің бір қалыпты тұрмай өзгеретіндігіне» арналған. Ақын:
Бұл дүние түсіп көшетін керуен сарай сияқты
Керуен сарайға түскен одан әрі сапар шегу үшін түседі.
Бұл дүниенің заты бүгін бар болса ертең жоқ.
Менікі дегеннің өзгелердің еншісі болып шығады,
Барлық толған (нәрсе) азаяды, түгел кемиді,
Барлық салтанаттың соңы қарап болады.
Яғни, өмір өткенші, өткінші өмірде малдың, дүниенің соңында ашкөзденбе, мал таңертең келсе, кешке қайтадан кетеді, бұл дүниенің ләззаты мәңгі емес, дүние жылан сияқты, сипағанға жұмсақ, бірақ, іші толған у. Үшінші сөзді Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың «Күллі қатенің басы – дүнені сүю» деген сөзімен аяқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет