І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет60/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156
Әдебиеттер

1. Сейдімбеков А. Серпер, Алматы: Жазушы, 1982.


3. Абдрахманов С. Ақселеу / «Егемен Қазақстан», 2011.
4. http://baq.kz/kk/history /Жазушылар / Ақселеу Сейдімбек/ 2013.
2. Жүсіп Н. «Ақселеу әлемі», «Қазақ әдебиеті» , №35 (3303)
5. Сейдімбек С. «Қазақтың ауызша тарихы: шежірелік деректерді пайымдау», Астана: . Фолиант, 2008.


БЕЙІНДІК МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ


Содикова Ж.М., магистрант (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ғылыми жетекші: Садықова Р.К., ф.ғ.к.

Қазіргі заманғы мектепте оқыту процесін ұйымдастырудағы басымдық жеке тұлғаның қалыптасуына, оның өзін-өзі танытуына мүмкіндік туғызуы қажет. Осы міндеттерді шешу жолдарын Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына ену стратегиясы атты жолдауында: «Бізге білім берудің қоғамдық және эканомикалық жаңару талабына сай тың жүйесі қажет» деп атап өткен болатын [1, 18б].


Жалпы орта білім берудің жоғарғы соңғы сатысында оқушылардың қоғамдық және азаматтық өзін-өзі анықтауына қолдау көрсететін негізгі құзіреттіліктер түріндегі функционалдық сауаттылық пен әлеуметтік бейімделудің қалыптастырылуы қамтамасыз етілуі тиіс. Білім беру жүйесінің аталған қызметтерін тиімді іске асыру жалпы орта білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңғыртқанда ғана мүмкін болмақ. Білім беру мазмұнын жаңғырту оқушылардың қазіргі заманғы жылдам өзгеретін қоғамда өмір сүруге дайындығын қамтамасыз ететін компоненттердің алынып тасталуын меңзейді.
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі бейіндік оқыту жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысындағы бағыттар мен бейіндер бойынша оқушылардың мамандандырылған дайындық жүйесі ретінде қарастырылады. Бейіндік оқытуды енгізу еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушылардың әлеуметтенуін іске асырудағы, мектептің кәсіптік білім беру ұйымдарымен икемді өзара байланысын игеруге бағдарланады. Бейіндік оқыту идеясының шығуы мен дамуы оқу жоспарының құрылымын жетілдіру және базистік оқу жоспарын жасау мәселесімен тығыз байланысты.
Біз айтып отырған бейіндік мектеп дегеніміз қандай мектеп өзі? Бейінді оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте игеруі тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ал бейіндік мектеп осы бағытта білім беретін, түлектерді дайындайтын білім ордасы.
Бейінді немесе бағдарлы оқыту тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Негізгі орта білім беру сатысында (5-11-сыныптарда) бейіналды жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерде туындайтын бірінші мәселе «мектептің жоғарғы сатысында оқушыны қандай кәсіпке икемдеп, бейімге бағдарлауға болады?» деген сұрақ болып отыр. Бұдан бейімді-бағдарлы оқытудың жетістігі неде деген сұрақтар туындайды.
Қазіргі кезде 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында 20-ға жуық пән оқытылады және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама деңгейінде білім беріліп, білім, білік дағдылары игерілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға бірнеше салада білім негізі беріледі, ал оқушылар игерілген білім негіздерінің бірде - бір саласынан терең білім меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесін даму процесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі (кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде) ақпараттың барлығын игеру адам үшін мүмкін емес, сондықтан адамға тек қажетті білім мөлшері беріліп, сол білімді іс – әрекетте қолдана білу керектігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі жеткіншек ұрпаққа энциклопедиялық білімге оқытудан кетіп, оқушы қабілеті мен қызығушылығына қарай бір салада терең білім меңгертуді ұсынады [2,95-97]. Бейіндік білім мазмұны жеті білім саласы бойынша жүзеге асады: «Тіл және әдебиет», «Адам және қоғам», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Дене шынықтыру». Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер оқытылу тіліне қарамастан барлық оқушылар үшін екі бағытта (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық) жүзеге асу міндетті болып табылады. Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің инвариантты компоненті базалық және бейіндік пәндерден құралады. Ал базалық пәндер екі бейіндік бағытта да міндетті оқытылады. Базалық пәндер «Тіл және әдебиет» білім аймағы қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, әлем әдебиеті, «Адам және қоғам» білім аймағы Қазақстан тарихы, «Математика және информатика» білім аймағы математика, «Жаратылыстану» қазіргі жаратылыстану, «Дене шынықтыру» дене шынықтыру, алғашқы әскери даярлық пәндерінен тұрады.
Бейіндік мектеп оқушысының тілдік тұлғасын қалыптастыру үшін оқушы өз ойын дәл, түсінікті жеткізу үшін біліммен қаруланып қана қоймай, тілдік құралдарды ұтымды пайдалана білуі керек. Тілдік тұлға лингвомәдени, рухани-әлеуметтік аялық білімі бар, тілдің лексикасы мен грамматикасын жоғары дәрежеде меңгерген, семантикасын түсінетін, интонациясының икемділігі мен көптүрлілігін дұрыс қолдана алатын тұлға болуы керек.
Шындығында да, қазіргі жаһандану жағдайындағы ақпарттар ағыны толастамай, үдей түскен уақытта өмір сүріп отырған тілдік тұлғаның аялық білімінің бұдан біраз жылдар бұрынғы оқушыдан өзгеше екендігі аян. Тілді зерттеушілер «тұлғаны қалыптастырушы факторлар ретінде:
- отбасы мен алған тәрбиесі, білімі;
- қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар;
- жаңа білім алуға құштарлығы мен қызығушылық ауқымының дамып отыруы;
- қоғамға танымал адам болуымен қатар әлеуметтік маңызды адам болу;
- сөйлеуде тілдік қазынаны пайдаланумен қатар жаңа үлгілерді жасай білуін айтады» [3, 99-104].
Тілдік тұлға дегеніміз, ол тілді нақты қолданушының жіктеме белгілерінің жиынтығы емес, аялық білімнің де көрінісі. Ол, сонымен қатар, әлемнің тілдіккөрінісі негізінде анықталатын суреткердің таным әлемі. [4, 7-10]. Жоғарыда айтылған факторлар негізінде қалыптасқан тілдік тұлға - сөз жұмсау ерекшелігі арқылы көрінетін әлеуметтік, психологиялық және этикалық компоненттердің жиынтығынан тұратын адам.
Тілдік тұлғаға тән белгілер:

  1. ана тілін жете меңгеруі, өз тілінде дұрыс сөйлей алуы;

2) әлеуметтік өмірге бейімделуі, өзіндік қызығушылығы мен машығының болуы;
3)әдеби тілді шығармашылық деңгейде тұтынатын және қызмет ету барысында өзіндік шығармашылығын таныта алуы.
Өзге жеке адамдарға ұқсамайтын өзіндік ерекше сапалық қасиеті бар бірегей адам ғана тұлға бола алатыны белгілі. Яғни, елден ерек адам емес, тұлға талаптарына жауап беретін адам – тұлға. Адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады.
Қазақ халқы кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің белгісі, біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Тұлғаның өмірлік бағытын көрсететін компоненттер көп. Соның бастылары ретінде мотивтер мен қажеттер, дүиетанымы мен сенімі, бейімділігі мен қызығушылығын айтуға болады. Бұндағы мотив деп отырғанымыз, тұлғаны белгілі бір әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын түрткі. Тұлғаны қандай да болмасын іс-әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы түрткі (мотив) оның түрлі қажеттері. Қажеттер материалдық (киім-кешек, тамақ, баспана, т.б.) және рухани (білім, ғылым, өнер т.б.) қажеттер болып бөлінеді. Дүниетаным мен сенім, қызығу, бейімділік тұлғаны әр кезде алға итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы түрткілер (мотивтер) болып табылады. Біз тілдік тұлғаға тән екінші белгі ретінде әлеуметтік өмірге бейімделгендігін және өзіндік қызығушылығы мен машығының болуын атап көрсеткен болатынбыз. Қызығу өзінің мазмұны мен бағытына қарай материалдық, қоғамдық, кәсіптік, саяси, эстетикалық, оқырмандық, танымдық т.б. болып келеді. Таным қызығуына ғылым-білімге қызығуын, кино, өнер, музыкаға, суретке қызығуын эстетикалық қызығуларға жатқызамыз. Бұдан жоғарыда аталған қызығулардың өзі өз алдына бірнеше түрге бөлінетінін көруге болады. Адамның белгілі бір мақсат көздеп қызығулары тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Бейіндік мектеп оқушысының тілдік тұлғасын қалыптастырудың төмендегідей алғышарттарын ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет