І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет56/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   156
5. Калькалау. Көркем аудармада көбінесе бұл тәсіл реалия-сөздерінің мағынасын беру мақсатында емес, яғни автормен жарыса, түпнұсқасындай окказионалды, мәнерлі, дара, авторлық неологизмдерді жасауда қолданылады. Мысалы, ағылшын тіліндегі sky-scraper - небоскреб орыс тілінде - көк тіреген үй (көп қабатты үй) [5].
С.Влахов пен С.Флориннің реалияларды аударма жолдары
Реалияларды беру жолдарының толық әрі тиімді классификациясын болгарлық тіл мамандары С.Влахов пен С.Флорин ұсынды. Бұл зерттеушілер реалияаның екі берілу жолдарын: транскрипция және аударма деп көрсетеді.
Транскрипция - бұл түпнұсқа тілінің аударылатын тілдің фонетикалық ерекшелігімен сәйкес дыбысталуы. Транскрипция әдетте фирма, компания, баспа, маркалардың атауларын аударуда қолданылады. Транскрипция тәсіліне ұқсас тәсіл - транслитерация - шетел сөздерінің аударма тілінде әріптік көшірмеде берілуі. Мысалы, фр. taverne-таверна. Бұл тәсілдің кемшілігі аударма тілінде түсініксіз, әрі үйреншікті емес сөздердің пайда болуында. Бірақ, оған қарамастан, транскрипция мен транслитерация көптеген жағдайда аударылатын тілдің эквивалентсіз лексикалық бірліктерін берудің бірден-бір тәсілі болып қала береді.
Транскрипция арқылы аударудың қажеттігі болмаған кезде аударма тәсілі қолданылады. С.И.Влахов пен С.П.Флорин реалияларды аударудың үш түрлі жолын көрсетеді:
1) аударма тілінде жаңа сөздің, неологизмдердің пайда болуы;
2) жуық аударма;
3) контексттік аударма.
1. Неологизм аударма тіліне: калькалау, жартылай калька, игеру және семантикалық неологизм жолдарымен енеді.
Калькалау – түпнұсқа мәтіннің лексикалық бірліктерін аударма тіліндегі лексикалық бірліктерге сәйкес келетін компоненттермен ауыстыру арқылы жасалады. Калькалаудың негізінде аударма тілінде мүлде болмаған жаңа сөздің немесе тұрақты сөз тіркесінің пайда болуы жатыр. Мұндай жаңа тілдік бірлік кей жағдайда тілдің лексикалық бірлігінің құрылысы мен құрамын қайталайды. Мәселен, неміс тілінен орыс тіліне "kindergarten" – "бала бақша" термині енген. Реалияларды калькалау тәсілімен берудің кемшілігі – калька аударма тілінде әдеттен тыс немесе тілдің нормасын бұзатын аударма ретінде қабылданатындығында.
Жартылай калька – түпнұсқа тіліндегі сөз бен сөз тіркесінің бір бөлігін сөзбе-сөз аудару немесе кірме сөз арқылы жасалатын сөзжасам тәсілі. Орыс тіліндегі жартылай калька тәсіліне үшінші рейх (неміс тілінде "dasDritteReich") сөзі жатады.
Игеру – реалия сөздің аударма тілінде бейімделуі, яғни оған (аударма тіліндегі үйреншікті) шетелдік материал негізінде жаңа түр беру. Мысалы, фр. concierge аналық текте – орсыс тілінде «консьержка».
Семантикалық неологизм – эквивалентсіз лексикалық бірліктерді жеткізу үшін аударма барысында жаңадан жасалатын жаңа сөздер мен сөз тіркестері. Семантикалық неологизмдер реалиялардың мағынасын түсінуге көмектеседі.
Семантикалық неологизмдер бұрыннан белгілі сөздермен жаңа мағыналарды игеру нәтижесінде пайда болуы да мүмкін. Мысалы, украин тағамы картоптан жасалған құймақ «бараболник» немесе «картопляник» орыс тілінде «картофляник» деп беріледі. Мұндай жағдайда бізге қосымша түсіндірмесіз-ақ тағамның құрамы белгілі.
2. Жуық аудармада әдетте реалиялардың пәндік мазмұны берілгенімен, ұлттық колориті жоғалады. Туыстық-амалдық алмастыру бұл реалиялық бірліктердің мазмұнын кеңірек мағынасында беру (генерализация). Мысалы, изба, хата, сакля, коттедж сөздерін «үй» сөзімен ауытыру.
Функционалдық аналог түпнұсқа тілдің реалияларын аударма тіліндегі реципиенттің сәйкес реакциясын тудыратын сөз немесе сөз тіркесімен ауыстыру. Мысалы, орыс тілінде сто пудов өте ауыр, ни копейки мүлдем ақша жоқ.
Сипаттама – эквивалентсіз лексика бірліктерінің мағынасын кеңінен түсіндірілген анықтамалар көмегімен беру. Сипаттама аударма реалияны беретін құбылыс пен затты барынша кеңінен ашып көрсетеді. Ол калькалау тәсілі арқылы берілген реалияларды толық түсінбеуді жоққа шығарады. Мысалы, армяк - «қылшық жүннен жасалған киім», puff - «сұйекпен ойын».
3. Контексттік аударма контекстке сәйкес сөздермен ауыстыру, логикалық тұрғыдан байланысты берілуі. Контексттік аударма жуық аудармаға жақын келеді. Бірақ бұл жағдайда аудармашы негізінен мәтінге арқа сүйейді.
Реалиялар мен контекст арасындағы өзара байланысының екі типі бар. Бірінші жағдайда реалиялар бірыңғай келеді, олар тақырыптық жағынан контекстпен байланысты және оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Мәтіннің мазмұны реалияларды түсінудің өте ыңғайлы аясы болып табылады. Екінші жағдайда реалиялар әртүрлі болады, тақырыптық тұрғыда контекстпен ешқандай байланысы жоқ және көркем тәсілдің құралы ретінде қолданылады. Мұндай жағдайда мәтінде қажетті ақпараттың жоқтығынан реалияны түсіну қиындық тудырады. Аударма барысында реалияларды ауыспалы мағынада қолданылуы да қиындық тудырады. Контексттің үш типі бар: стереотипті, түсіндірмелі және жағдаяттық. Стереотипті контексте реалиялар ешқандай түсініктемесіз пайдаланылады. Түсіндірмелі контексте реалия-сөздер түсініктемелер немесе кеңінен берілген анықтамалармен қатар беріліп отырады. Жағдаяттық контекст реалияларды ауыспалы мағынада, яғни реалия-сөздердің тек бір жағдайындағы мағынасын беруді көздейді [1].
Аударматануда нөлдік аударма деген түсінік бар. Нөлдік аударма – түпнұсқа тіліндегі бірліктерді аударудан бас тарту. Влахов пен Флорин нөлдік аудармада "бірлік контекске өздігінен сіңіп кетеді" [1] дейді. Нөлдік аударма – аударма тілінде қандай да бір ұғым мүлде болмаған жағдайда; аударма мақсатқа сай болған жағдайда болады. Мұндайда лакуна жөнінде айту керек. Лакуна – мәдениеттің ұлттық арнайы элементі; тілде және осы мәдениетті жеткізушілердің сөзінде көрініс тапқан, бірақ қарым-қатынас үдерісінде басқа лингвомәдениет өкілдері түсінбейтін және түсіне алмайтын элемент. Тар мағынасында тілдік лакуна аударма тілінің лексикалық жүйесінде бір ұғым мағынасының болмауымен түсіндіріледі.
Бірақ авторлардың пайымдауынша, лакуна термині реалия ұғымын тарылтады, сондықтан реалияға қатысты сөз болғанда нөлдік аударма жөнінде емес, жоғарыда келтірілген тәсілдер көмегімен аудару жөнінде айтуымыз керек. Жоғарыда айтылған авторлардың реалияларды аудару жолдарын талдай келе олардың құрамында ерекшелік болғанымен берілу жолдарында ортақ ұқсастықтары бар екендігін аңғардық. Берілген жұмыста реалиялардың аударма жолдарын талдау негізінде, ортақ белгілерін топтастыра келіп, төмендегідей реалиялардың бірыңғай аударма жолдары беріледі:


  1. транскрипция немесе транслитерация: фр. taverne - таверна, итал. rotonda-ротонда;

  2. калькалау немесе жартылай калька: нем. kindergarten - бала бақша; нем. das Dritte Reich - үшінші рейх;

  3. семантикалық неологизм немесе жаңа сөздің пайда болуы: укр. «бараболник» - картофляник;

  4. гиперонимиялық немесе жуықтап-жалпыланған аударма: укр. изба, хата - үй;

  5. үйлесімді аударма немесе функционалдық аналог: орысша ни копейки - мүлдем ақша жоқ;

  6. сипаттама немесе түсіндірмелі аударма: белорус. армяк - қылшық жүннен жасалған киім;

  7. контексттік аударма.

Берілген реалиялардың берілу жолдары әдетте жеке дара, оқшауланбай, бір-бірімен сәйкестікте қолданылатынын атап өтуіміз қажет. Мәселен, оқырмандармен тыңдаушыларға түсініксіз болып келетін, транскрипция немесе транслитерация көмегімен берілген сөздер көп жағдайда түсіндірмені қажет етеді. Қорыта келе, реалиялар эквивалентсіз лексикаға жатқанымен, аударма барысында оларды жеткізу мүмкін емес деген ұғымды білдірмеуі керек.


Реалияларды берудің бірнеше жолдары бар, аудармашы шетелдік реалиямен бетпе-бет келгенде оны қандай тәсілмен жеткізу тиімді екендігін жаңылыспай таңдай білуі керек.
Реалияларды аудару – мәтіннің табиғатына, контексттегі реалиялардың маңыздылығына, сондай-ақ, тілдің өзіне – әдеби және тілдік дәстүрде сөзжасам мүмкіндігімен байланысты болып келеді. Сондықтан да реалияларды аудару аудармашыдан шығармашылық бағыт пен терең әлеуметтік-мәдени білімді қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет