Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


жылы Астрахань жорығы кезінде Доспанбет жырау бастаған барлаушылар тобы торуылға түсіп, жырау ауыр жарақаттан қаза болған



бет104/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127
1523 жылы Астрахань жорығы кезінде Доспанбет жырау бастаған барлаушылар тобы торуылға түсіп, жырау ауыр жарақаттан қаза болған.
Доспамбет жыраудың соңғы демі жарық дүниенің ең соңғы бір сабақ жібіндей болып үзілгелі жатқан сәтте, бұ дүния мен о дүния ақын көкірегінде түйісіп қалған сәтте, ақынды ала қашуға келген ажалдың алдынан жасын жырлар от шашқан сәтте ажал да адамға тәуелді болып қалған сияқты. Отты жырлар ақынның оққағарларындай ажалды аластап, оны көпке дейін өз иесіне маңайлатпағандай әсер береді.
Ақынның қысқа ғана өмірбаянында оның соңғы сөздері делінетін өлеңдері ажал алдындағы адамның асыққан сөздеріндей емес, ғұмыр философиясының теориялары болып тереңнен, дәуірдің деректерін екшегендей баппен, жүз жасаған адамның сөзіндей байсалдылықпен айтылады. Бұл сөздер – өз иесінің өмірін ұзарта түсуге қызмет еткен киелі сөздер.
Жарық дүниеден озарында соңғы сөзін айтып қалуға мүмкіндігі болған адам Жаратушы иеміздің аса зор рахымшылығы түскен адам шығар. Егер солай болса, мұндай рахымшылыққа бөленген жанның бірі –Доспамбет жырау. Ол 1523 жылы қазіргі Астрахань маңында ұрыс үстінде опат болған көрінеді.
Доспамбет жырау сонда отызға да жеткен жоқ екен.
Озушылар, озмаңыз, – деп басталатын жолдар жыраудың отызға да тола алмай, бар мен жоқтың арасында жатқан сол сәтінің куәгерлері. Бұл ақынның қайғылы қазаны естірткелі оза шауып бара жатқандарға қарата айтқаны еді. Осы бір жолдар көкіректен асыға шығып, «хабаршыларды» тоқтатпаққа олардың артынан «аһ!» ұра ұша жөнелгендей. Бірақ бабалар салтында қазаның хабарын тоқтатуға болмайтын еді. «Озушылар» қайдан тоқтасын. Бұл сөздер де өз иесінің енді бұ дүниянікі емес екендігін сезіп барып, ауырлай кері қайтып, әр сөздің жаны қиналып, қара жерге сіңіп кетердей болып тұрған жоқ па?!
Озушылар, озмаңыз!
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Ол өзінің «шаһит кешкендігі» туралы хабардың елге жеткенін қаламады. Еліне барып, қақ төрге шығып отырып алар қаралы хабардың жолын кесудің амалын іздеп жыраудың алас ұрғанын көреміз. Бір ғажабы – бар мен жоқтың арасында жатқан ақынның сөзінде орда бұзар жасында қиылып бара жатқанына қиналғандай бір ишара сөз жоқ. Тек «озушыларды» тоқтатпаққа ұмтылады. Бірақ енді олардың да тоқтамасын түсінген соң, озсаң оз, тек «бізім бетке бармаңыз!» деп өтініп жатыр. Барса, олармен бірге өзінің «Доспамбет батыр! Доспамбет жырау!» болып емес, «Доспамбетке уақыт болды!» деген қаралы хабарға айналып жететінін көріп, қиналды. Көмекей мен көңілді қара жамылған сөздердің иеленбегенін қалады. Өйткені қара жамылған сөз де өзіндік қаралы энергия. Бұл – бізге көне дәуірден Доспамбеттің сөзімен жеткен, бәлкім, Доспамбет ашқан психологиялық-философиялық жаңалық десек болады. Бірақ оның қаралы энергия екендігін Доспамбеттің түсіндіріп жатуға уақыты болмай жатты және ғұлама адам әр сөзін тәптіштеп түсіндіре беруге құлықты да болмайды ғой. Өйткені оны өзі көріп тұрған шексіз ауқымда немесе қалпында түсіндіріп беру мүмкін де емес. Сол сөздердің ішкі кеңістігі, яғни, сол сөз тіркестерінің қанатын жайғандағы құлашы тым алыстарды орағытып барып келіп тұрады. Жаһұт тасты көріп пе едіңіз?
Көрдіңіз. Соған дәл қазір ойша қарасаңыз, не көрер едіңіз? Сіздің көріп тұрғаныңызды бір ғана сөзбен «құбылып тұр» дейміз. «Құбылып тұруы» – сол тастың күллі ғұмырында бойына жинақтаған байлығы, турасын айтқанда – ақпараты. Ол ақпарат миллион жаққа қарай таралып, миллион бағытты көрсетіп тұр. Ол су мен ауаның және түрлі тіршілік иелері қалдықтарының ең құнарлы атомдары мен молекулаларының өз заңдылықтары бо-йынша аса көркемдікпен және белгілі бір тартылу тәртіптері арқылы дәлдікпен үйлесуі. Дәл сол сияқты ақынның айтатын сөзі де – ой-шексіздігінің шыңырауларынан алып шыққан табиғи түрде үйлескен жаһұты. Ол оны қалай деп, қай қырынан түсіндірсін?! Ол түсіндірілмейді. Түсіндірілмейтіндіктен де ақынның көмейінен дәл сол дайын қалпында, өзгертуге келмейтін қалпында құйылып шығып тұр:
Озушылар, озмаңыз!
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай – екі ұл,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет