Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет76/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

4. Кезекті ұйқас, Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз.Мысалы:
Сәулең болса кеудеңде,
Танымассың, көрмессің,
Мына сөзге көңіл бөл!
Қаптаған соң көзді шел.
Егер сәулең болмаса,
Имамсыздық намазда
Мейлің тіріл, мейлің өл!
Қызылбастың салған жол т.б. (Абай)
Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.
5. Шалыс ұйқас
Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір
түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол
ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды.Мысалы:
Шаң шығармас жол дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
(Абай)
Шалыс ұйқас тек қана 7-8 буынды өлең емес, 11 буынды өлеңдерден де
кездеседі.Мысалы:
Сол қатаң кезде еркіндік ұранды айттым,
Дедім мен жаншылғанға: көзіңді аш!
Аяйтын сезімді де мен ояттым,
Сондықтан сүйер халық, мені ұмытпас. (Пушкин)
6. Егіз ұйқас
Абайдың көп өлеңдерінде ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең
ұйқастарынан өзгеше түрлерін кездестіреміз.Мысалы:
Алыстан сермеп, Қисынын тауып,
Жүректен тербеп, Тағыны жетіп қайырған;
Шымырлап бойға жайылған; Толғауытоқсан қызыл тіл
Қиуадан шауып, Сөйлеймін десең, өзің біл!
Бұл - Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлеңі.
Бір шумағы 8 жолдан құралады. 1-2 жол: «сермеп - тербеп» болып ұйқасады да, 3-жолдан ой бітпей: «шымырлап бойға жайылған» болып ашық қала тұрады. 4-5- жол «шауып - тауып» болып бір ұйқасады. Ой бітпей, уақытша ашық қалған 3-жол 6-жолмен ұйқасады. 7-жол 8-жолмен ұйқасады да, ой бітеді.
Келтірген үзіндінің айтылып өткен шалыс ұйқастан өзгешелігі: 1-3-жолмен, 2-4-жолмен ұйқаспайды, ұйқастары үздіксіз жұп-жұп болып келеді. Және шумағы не сегіз, не алты жолдан құрылады. Сегіз жолдан тұратын шумақ - жоғарғы келтіргеніміз. 6 жолдан тұратын шумақ төмендегі тәрізділер:
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан -
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан т.б.

(Абай)
Ұйқастың бұл түрін егіз ұйқасдейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет