Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


Ислам діні -VІІ- VІІІ ғасырларда



бет50/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

Ислам діні

-VІІ- VІІІ ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстанға ислам діні ене бастады. 751 жылы Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі аймақта ислам дінінің таралуына ықпал етті.
-Ұлы дала мен Орталық Азия аумағында ислам діні ханафилік мазхаб түрінде таралды. Бұл бағыттың негізін салушы ғалым, дінтанушы Әбу Ханифа (VІІІ ғ.) болды. Бұл бағыт дінді өмірмен байланысты қарап, араб емес ұлттардың құқықтарын құрметтеумен ерекшеленеді.
-Х ғ. ІІ жартысында түркілердің исламдануы белсенді болды. ХІІ ғасырда үстемдікке ие болды.

ТҮРКІТІЛДЕС ХАЛЫҚТАР МИГРАЦИЯСЫНЫҢ ЕУРАЗИЯ ТАРИХЫНА ӘСЕРІ

Миграция

-(лат- көші-қон, қоныс аудару)- адамдардың қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс аудару үдерісі.
-Миграция себептері:Тәуелсіз жаңа мемлекет құруды мақсат етуі; халық санының өсуі; мал басының көбеюі себебінен жаңа жайылым жерлердің қажеттігі;Өз жерлерінде болған климаттық өзгерістерден басқа қолайлы жерлерді қажет етуі;Сауданы дамытып,бақылауды өз қолдарында ұстауды мақсат етуі.

ІІІ-Vғасырлар

-Орталық Азияда күрделі этникалық құбылыстар жүріп жатты.Ғұн, түрік замандарында екі нәсіл өкілдерінің араласуынан тұрандық (аралас) нәсіл түрі пайда болды.

Миграцияның бағыттары

-Атақты түркітанушы С.Кляшторныйдың пікірінше, ежелгі түркі тілдес тайпалардың қалыптасуына қатысқан ең басты тайпалар- түріктер, оғыздар, қыпшақтар, қырғыздар.
-VІІІ ғ. ортасына дейін Моңғол үстіртін негізінен түркі тайпалары мекендеген. 744 жылы Шығыс Түрік қағанаты құлаған соң, олар батысқа қарай Жетісу мен Қашқарияға қоныс аударды. Қарлұқтармен бірігіп, Қарахандар мемлекетінің негізін қалады.
-Ұйғыр қанатының қысымына шыдамай қыпшақтар мен оғыздар батысқы- қазіргі Қазақстан аумағына, яғни Ұлы Далаға орын ауыстырған. Қыпшақтар бастапқыда Алтай тауларының солтүстігін мекендесе, VІІІ ғасырда Ертіс бойынан ығысып, Жайыққа дейінгі далаларды бағындырды. Жетісуды мекендеген оғыздар Арал маңына қоныс теуіп,кейін Иран арқылы Кіші Азияға қоныс аударды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет