Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


Әли Арслан -960 – 990 жылдары



бет53/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

Әли Арслан

-960 – 990 жылдары билік құрды.Мемлекеттің орталығы- Қашғар.Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болды.

Мұса ханның баласы– Әли Арслан хан мен Сүлеймен іліктің баласы- Хасан Боғрахан ұрпақтары арасында билік алма-кезек ауысып тұрды.



ХАНДЫҚТЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ

Хғ.ІІ жартысы

-Қарахан мемлекетінің қақтығысқа түскен елдердің алғашқысы –Самани.Самани әулетінің Орта Азиядағы үстемдігі әлсірей бастағанда Қарахан мемлекеті батысқа жорықты бастайды.

992 жыл

-Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп Хотанды басып алды.

996 жыл

-Әли Арсланның баласы Насыр ибн Әли Мауараннахрға жорыққа аттанды.
-Ауғандық Газнауи әулетіҚарахандықтардың бүкіл Сырдария бойына билігін мойындады.

999 жыл

-Қарахан мемлекеті Газнау әулетімен одақтасып, Бұхара қаласында Саманилерді жеңіп, Мәуараннахрды басып алды. Саяси билік түркілерге өтіп, аймақтағы түркілену үдерісін жеделдетті.
-Әмудария өзені Қарахан мемлекеті мен Газнауилер арасындағы шекара болды.

Х ғ. соңына қарай қағанаттың жер аумағы қалыптасты. Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шекара Балқаш және Алакөл көлдерінің боймен өтті. Қарахандықтар иеліктері батысында Мауараннахрды, Жетісу жерін және шығысында Қашғарды қамтыды.

1012-1013 жылдар

-Жетісуда Туган-хан билік жүргізді. Қарахандардың осы тұстағы сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі исламды қабылдамағандарға қарсы күрес болды.

1017-1018 жылдары

-Хан саясатына наразы болған Жетісудың көшпелі түркі тайпалары қарсы бас көтерді. Олар Баласағұнға 8 күндік жол қалғанда Туган-хан әскерінің соққысына ұшырайды.

Көтеріліс туралы Ибн әл-Асир былай деп жазды: «Туган-хан әскерлерін жинады және қалған мұсылман аймақтарының бәріне хат жолдап, әскери көмек сұрады. Нәтижесінде оған 120 мың еріктілер келді.....өте көп әскер жиналғанын естіген түріктер өздерінің еліне қайтып кетті. Ол олардың соңына түсіп, қуып жеткенше 3 ай бойы жорық жасады. 200мыңнан астам адамды өлтірді, сондай-ақ 100 мыңға жуық адамды тұтқынға алды және жылқы, киіз үйлер, Қытайдың алтынан, күмістен жасалған ыдыстарын алып, ешкімнің қолына түспеген мол олжамен Баласағұнға қайтып оралды».
Бұл деректен қарахан билеушілерінің ислам дінін өз еркімен қабылдағысы келмеген жергілікті түрік тайпаларына қарсы күш көрсету саясатын қолданғаны байқалады.

Екі иелікке бөлінуі
ХІ ғ. 30-жылдардың соңы

- Қарахан мемлекеті дербес екі – Батыс Қарахан және Шығыс Қарахан хандықтарға бөлінді.
1.Шығыс хандық – Жетісу мен Шығыс Түркістан. Орталығы – Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (Қара Орда немесе Күз Орда), кейін Қашғар қаласы.Шығыл (жігіл) тайпалары орналасты, қағаны Арслан Қара қаған атағын иеленді.
2.Батыс хандық – Мауараннахр. Ордасы Бұхарада, кейін Самарқан.Яғма тайпалары орналасты, қағаны Боғра Қара қаған атағын иеленді және кіші қаған болып есептелді.
-Дәстүр бойынша Шығыс хандығы мемлекеттің негізгі бөлігі саналды.Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептелді.Екі хандық арасындағы шартты шекара қызметін Сырдария өзені атқарған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет