1137 жыл
|
-Қарақытайлар Ходжент түбінде Батыс Қарахан әскерін жеңді. Осы жеңілістен кейін қарахандықтар салжұқтармен одақтасты.
|
1141 жыл
|
- Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында қарақытайлар қарахан және салжұқтардың біріккен әскерлерін жеңді. Бұхара қаласын, Мауараннахрдың орта бөлігін жаулап алды. Қарахандар қарақытайларға бағынышты болып, алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Хорезмшахы қарақытайларға жылына 3000 алтын динар салық төледі.
|
ХІІғ. орт.
жер аумағы
|
-Батысы-Әмударияның төменгі ағысы;Шығысы- Гансу жеріндегі ұйғырларды;Оңтүстігі- Балх пен Хотан жерлері;Солтүстік-шығысы - наймандармен шекаралас жатты.
|
1171-1172 жылдары
|
-Қарақытайлардың Хорезмге қайтадан жорық жасау себебі: Хорезм шахының салық төлеуден бас таруы.
-Осы кезде Хорезм шахыәл-Арслан қаза болып, оның балаларының арасында билік үшін талас туады. Тақ үшін таластаТекеш қарақытайлардың көмегімен ел билігін өз қолына алады.
|
1198-1204 жылдары
|
-Қарақытайлардың Хорезм шахымен бірігіп Ауғанстан жеріндегі Гурид тайпасымен соғысады. Бірақ Текештен кейінгі Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан сұлтанымен келісімге келіп, қарақытайларға қарсы шығады. Қарақытайлар гурид тайпаларымен соғыста ауыр жеңіліске ұшырайды.
|
ХІІ ғ. соңы
|
-ХІІғ.ортасынан бастап қарақытайлар өздерінің салық саясатын өзгертіп, ашық тонауға көшті. Ғасыр соңында мұсылмандарды қудалау басталды. Жетісуда қарақытайларға қарсы мұсылман қозғалысы күшейе түсті.
|
|