-Қарақытайлар өздері жаулап алған қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпаған. Сондықтан да жергілікті халық оларға онша қарсылық көрсетпеді. Әрбір үйден (шаңырақтан) 1 (бір) динардан салық жинаған. Үлестік жерлерді иелену үшін арнаулы грамоталары болған.
-Отырар, Тараз қалаларында алым-салықты гурханның арнайы жіберген адамдары жинап отырды. Ал басқа аймақтардан салық жинау, оны қарақытайлардың орталығына жеткізу жергілікті феодалдарға жүктелген.
Жетісудың егіншілікпен айналысатын тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін.төлеген.
15-тақырып НАЙМАН ХАНДЫҒЫ (ХІІ ғ.ІІ жарт-ХІІІ ғ.басы)
Мекендеген жерлері
-Найман, керей, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жерлері- Моңғолияның орта және батыс аудандары. Х ғ. бастап бұл тайпаларҚазақстан өңірінқоныстана бастаған.
«Моңғолдың құпия шежіресі»
-Найман, керейіт, жалайыр тайпалары моңғол, меркіт, таңғұттайпаларымен көрші тұрды. Бірде дос, бірде араздықта болды»
VIII ғасыр
-Наймандар Ертіс жәнеОрхон өзендері аралығында қалыптасқан.
Атауы
-Ғалымдардың пікірі бойынша «Найман» сөзінің мағынасы: «Сегіз тудың иесі» дегенді білдіреді. Тегі жағынан түркі тілдес тайпа.