-Батыс хандықты 1212 жылы Хорезм шахы Мұхаммед құлатты.
ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Тайпалар
-Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына кірген түркі тілдес тайпалар: жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін т.б.
Қарлұқ
- Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа.
-Билік екі тайпалық топ- жігіл мен яғма ақсүйектері арасында бөлінді.Тең құқықты қосарлы жүйесі қалыптасты:
Яғма тайпасы -Қарахан мемлекетінің негізгі билеушілері шығып отырған тайпа. Тотемі- Бура. Яғма тайпасынан шыққан хандардың атауы: Боғра-хан. Батыс қағаны.
Жікіл (шығыл)тайпасының тотемі- Арыстан. Жікіл тайпасынан шыққан хандардың атауы:Арслан хан. Шығыс қағаны.
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
Хан
- Қарахан мемлекетінің жоғарғы билеушісі. Билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды
Билік иелері
-Тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер-билік иелері қатарына жататын ханның ұрпақтары .
Уәзір
-Ханның кеңесшісі қызметін атқарған. Бұлар Қарлұқ қағанаты кезіндегі «көл-еркіндерге» ұқсас еді.
-Махмуд Қашғари жазуы бойынша « көл-еркін» көл-көсір, ұшан-теңіз ақыл-ойдеген мағынаны білдірген.
Илек
-Ұлыстарды билеушілер.
Орда
-Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны. Онда сарай қызметкерлері тұрған.
ЖЕР ИЕЛЕНУ ТҮРЛЕРІ
Ихта
-Ихта- мұсылман билеушісінің мемлекеттік жер қорынан үлестік жерді онда тұратын халқымен бірге беруі.Ихтаны билеушілер мемлекетке әскери немесе әкімшілік қызмет еткені үшін таратты.
-«Ихта» жер иелену тәртібі ХІ ғ. ортасында селжұқ әмірлерінің әскерилерді ынталандыру үшін қолданған реформасы болатын. Оғыздарға және түрікмендерге тараған бұл ынталандыру жүйесі біртіндеп Қарахан мемлекетіне де тарады.
Иқтадар (иқта иесі арабша «мұқта») халықтан жер салығын (харадж) жинауға құқылы болды. Иқталық жүйе жаңа ақсүйек қауымын қалыптастырды. Ірі жер иелері болған иқтадарлар дербестікке ұмтылып, мемлекеттің әлсіреуіне барынша мүдделі болды.
-Ихта және ихталық жүйе Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өмірінде маңызды рөл атқарды.
Вақф
-Дінбасылардың, діни мекемелердің жер иелігі.Вақфтық жерлерден салық алынбады.
Мүлік салығы
-Жекеменшік-мүлік, яғни мемлекеттік салық түріндегі жерлерден, отырықшы аудандарда шаруалардан жалға алған жерінен алым-салық жинап отырған.
Коммендация
-Шаруалардың жерлерін ауқатты адамдар қорғап, сол үшін шаруалардың оларға салық төлеуі.