-Найман мен Керейіт мемлекеттері саяси құрылымы жағынан бір деңгейде және ұқсас болды. Мемлекетті мұрагерлік жолмен хан басқарды.
-Хандық билік-тайпаларды басқару жүйесі.Орда- хан билігінің ең басты орталығы. Хан «мәңгілік көктің» әмірімен әрі соның атынан әрекет етеді деген түсінік болды.
-«Бұйрық» лауазымы- қаған әскерін басқаратын және өздерінің биліктерін тек шектеулі жағдайда қолдана алатын. Бұйрықтардың міндеті халықтың әл-ауқаты мен жағдайын жақсарту болды.Рашид ад-Дин: «...Бұйрықтың мағынасы «бұйыру» деген сөзден шыққан. Найман патшасы Таяң ханның Бұйрық есімді бауыры болған...»дейді.
-Басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Ұлыстың белгілі бір аймақта өз аумағы болды. Мемлекеттің бүкіл халқы әскери-әкімшілік жүйе бойынша мыңдық, жүздік, ондықтарға бөлінді. Қоғамда туыс тайпалардың бірігу үдерісі жүрді.
-Елде тәртіп күшейтілді,іс қағаздарын жүргізу жақсы дамыған. Көне ұйғыр жазуымен жүргізіліп, құжаттар, хан жарлықтары ханның «алтын мөрімен» бекітілді.
САЯСИ ТАРИХЫ
Наркеш Дайын хан
- Оның билігі кезінде Найман мемлекеті қалыптасып, дами бастады.
-Егін шаруашылығы дамып, отырықшы қалалық өмір салты орын алды.
Инанч-білге хан
- Наркеш Дайын ханның інісі.
-«Халықты өз төңірегінде топтастыра білген ол елді өнерге, бейбіт өмір салтына тартадыСондықтан халықоған «Білге хан» деген атақ берген..Білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған». -Басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға көңіл бөледі.Найман одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді.