-568 жылыТүрік қағанаты мен Византия дипломатиялық және сауда келісім жасасқан. БұлТүрік қағанаты арқылы Еуропа елдерінде қытай жібегі саудасының дамуына жағдай жасады.
Сюань Цзян қытай монахы
-627-630 жылдарыБатыс Түрік қағанатына саяхаттап келген.Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәлімет қолжазбаларында кездеседі.
-«Бұл жатжерліктердің жылқылары әдемі.Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, оның жанында жүрген нөкерлері де қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс» -деп таңдана жазған.
-Тараз қаласы оның жазбасында Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы ретінде сипатталады.
ибн Фадлан Араб саяхатшысы
-Оғыздарға жатжерліктердің келу тәртібі туралы: «Оның достарының ішінен белгілі бір адамды сенімді серік етіп тағайындамайынша, ол елді аралап шыға алмайды. Оған қажетті киім-кешек, ал әйеліне көрпе, бұрыш, тары, мейіз, жаңғақ т.б. азық-түлік әкеліп береді. Сенімді серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді және оған қажетінше мал жеткізіп береді», – деп жазды. Бұл дерек түркілер жерінен өтетін Ұлы Жібек жолы тармағының сенімді де қауіпсіз болғандығын көрсетеді.
Жібек өндіруде бәсекеге түскен елдер
-Соғды елі Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен .Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың сауда орталықтары болған. Б.з.-дың алғашқы кезінде Византия, Соғды, Жапония, Кавказ жерінде жібек өндіре бастады.
- Жапонияның ертедегі астанасыНара қаласында соғдылардың жібек сататын орындары болған . Дәлелі ондағы ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.