Ылмыстар институты


Григорьевтың әрекетін саралаңыз



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Григорьевтың әрекетін саралаңыз. 
14 тапсырма 
Конюхов деген біреу Ключевое ауылына келіп, өзін «энергосбыттың 
агентімін» деп таныстырып, қызығушылық білдіргендерге істеп тұрған 
телеграф желісін сатып алуды ұсынады. Тез арада сатып аламын деп ауыл 
тұрғыны Загинков деген табыла кетеді де желі 20 000 теңгеге сатылады. 
Келесі күні алынған «рұқсаттың» негізінде Загинков ұзындығы үш жарым 
шақырымға созылған телефон желісінің 54 бағанын аралап тастайды. 


77 
«Сатушы» мен казус жағдайға әкеп соққан «сатып алушының» 
әрекетіне құқықтық баға беріңіздер.
 
15 тапсырма 
Костик өзіне формалы киім мен шекаралық қызмет майорының 
погонын сатып алып, әртүрлі елді мекендерде барып өзін майор деп 
таныстырады. 
Костик қылмыстық жауапкершілікке тартылады ма? 
16 тапсырма 
Сидорова өзінің ағайынын Алматы қаласына тіркеуге тұрғызғысы 
келген еді. Оған қаладағы үй басқармасының бірінде техник болып істейтін 
К-ға жолығуына кеңес берді. К. бұл жұмысты 30 000 теңгеге бітіруге келісім 
берді. Ол ақшаны алып тіркеу құжаттарын рәсімдеудің орнына, төлқұжатқа 
жалған мөрді басып бере салған. К. қандай да-бір лауазымды адамға пара 
беремін деп уәде берген жоқ сондай-ақ бастама да көтермеді. Ал, С. өз 
кезегінде К-ні азаматтарды тіркеу құқығы бар лауазымды адамға пара беруге 
арандатпады.
К-ң әрекетін қалай саралайды? 
Егерде К. өзінің бастамасы бойынша параны алып, тіркеуді 
рәсімдеу құқығы бар лауазымды тұлғаға ақшаны беруге уәде берсе, 
сондай-ақ аталған ақшаны сіңіріп кетсе оның әрекетін саралау өзгерер 
ме еді? 
17 тапсырма 
Автожөндеу заводы директорының орынбасары С. пара алғаны үшін, ал
автоколонна бастығы Д. пара бергені үшін айыпталды. Сонымен қатар екі 
айыпталушы төменде көрсетілген жағдайға сәйкес өздерінің қызметтік 
жағдайларын пайдаланып, ҚК-тің 176 б. 2-бөлігіне сай, мемлекеттік мүлікті 
ұрлағаны үшін де сотталды. 
С. және Д. алдын-ала келісіміне сай, С. автоколоннаға қажетті қосалқы 
бөлшектерді заводтан алып береді, оның есесіне Д. С-ны слесар етіп 
тағайындап, оған айлық төлеуге келіседі. 
Үкім жоғарғы сот инстанциясына шағымдалып, Д-ның қорғаушылары 
Д-ның пара беру мен мемлекеттік мүлікті жымқыруға қатысты сотталуын 
негізсіз деп тауып, оның бұл әрекетін өзі үшін емес, қызмет мүддесі үшін 
жасағандығын алға тартып, Д-ның әрекетін қызмет жағдайын теріс мақсатқа 
пайдалану сипатында саралауды сұрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет