Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
екіншіден, қайтарымсыз, тегін алады. 
Талан – тараждың заңсыз белгісі келесі жәйтты білдіреді: талан – тараж 
заңмен тиым салынған әдістермен (объективті құқыққа қайшылық) ғана емес, 
кінәлінің бұл мүлікке деген құқықтарының болмауы жағдайында 
(субъективті құқыққа қайшылық) жүзеге асырылады. Осыдан шығатын 
қорытынды: субъектінің мүлікке құқығы болып, бірақ та ҚК 175 – 180 
баптарында көрсетілген әдістермен мүлікті иемдену арқылы жүзеге 
асырылса, онда талан – таражға салу ретінде қарастырылмайды. 
Сот – тергеу тәжірибесінде келесі жағдайлар жиі кездеседі. Адам мүлікті 
заңды негізде ала отырып, 1) өзіне берілген рұқсаттың аясынан шығып 
кетеді; 2) заңды негіздер шын мәнісінде заңсыз негізге айналады . 
Бірінші жағдайда, рұқсат етілгеннен мүлікті ірі мөлшерде алу, егер де 
әрекеттер қасақана түрде жасалса, талан – таражды құрайды (субъективті 
белгісіне байланысты). 
Екінші жағдайда, жауаптылық туралы мәселе адамның білуіне 
байланысты шешілуі қажет. Мүлікті заңсыз иелену, сондай – ақ оны басқа 
адамдарға беру әруақытта бірдей талан–тараж ретінде қарастырыла бермейді. 
Бұл ереже 2003ж. 11.08. ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысында 
бекітілген. «Кінәлінің алынған мүлікті өз қарауынша иемденуі (сату немесе 
басқа адамдарға қайтарымсыз түрде беруі, бүлдіруі, бөлшектеуі, жоюы) 
дербес қылмыс құрамын құрамайды, сәйкесінше қосымша түрде саралауды 
қажет етпейді». 
Мүлікті талан – таражға салудың қоғамға кауіптілік себебінің бірі – 
мүліктің қайтарымсыз түрде алынуы. 
Қайтарымсыз, тегін деп ақшалай эквивалентсіз немесе басқа мүлікті 
берусіз алынған мүлік есептелінеді. Егер де, мүлікті иемдену барысында 
меншік иесіне сәйкес өтемақы берілсе, бұл әрекеттерді мүліктік зиян 
келтірмегендіктен талан – тараж ретінде қарастырмаймыз. 
Талан – тараждың қайтарымсыз, тегін белгісі екі жағдайда болмайды: 1) 
сәйкес өтемақы мүлікті алумен бірмезгілде жүзеге асырылуы қажет (мүлікті 
алу немесе оны тікелей алып болғаннан кейін, өтемақыдан бұлтару ниеті 
болмаған жағдайда); 2) өтемақы толық көлемде болуы қажет. Алынған 
мүліктің құнын ішінара өтеу талан – тараж құрамын жоймайды, бірақ та 
талан – тараждың мөлшерін анықтауда ескеріледі. 
Талан – таражға салудың объективтік жағының барлық белгілерін 
анықтау оның қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін айқындауға 
мүмкіндік береді. Бірақ та жасалынған талан – тараж туралы толық көлемде 
көрініс алу үшін объективтік белгілермен қатар субъективтік белгілерді де 
ескеруіміз қажет. 
Талан – тараждың субъективтік белгілеріне жатады: 
1) қасақаналық; 
2) пайдақорлық мақсат; 
3) субъект. 


17 
Талан-тараждың субъективтік жағы кінәнің тікелей қасақаналық түрімен 
сипатталады. Адам алынған мүліктің басқа адамның меншігі екендігін, бұл 
мүлікке деген құқығының жоқтығын сезінеді, бірақ та пайдақорлық ниетті 
басшылыққа алады. Пайдақорлық мақсаттың және тікелей қасақаналықтың 
болмауы талан – тараж үшін қылмыстық жауаптылықты да жояды. 
Іс – қимылды талан – тараж ретінде саралау үшін кінәлінің мүліктің 
басқа біреудің меншігінде екендігін сезінуі қажет. Яғни, саралау туралы 
ақырғы мәселе кінәлінің қасақаналық ойына байланысты шешіледі. Мүлікке 
қатысты адамның адасуы сот арқылы фактілік қате ержесімен шешіледі. Бұл 
жағдайда кінәлінің әрекеттері қасақаналық ойдың бағыты бойынша 
сараланады. 
Іс – қимылды талан – тараж ретінде саралау барысындағы келесі мәселе -
кінәлінің алынған мүлікке деген құқығының жоқтығын сезінуі. Мысалы, егер 
де субъектінің мүлікке құқығы болса, яғни автокөлікті арендаға беруші 
мүлікті арендаға алушыдан алып қоюға оқталса. Бұл кезде арендаға берушіні 
талан – тараждың субъектісі ретінде қарастырмаймыз. 
Талан – таражға салудың заңда берілген анықтамасында пайдақорлық 
мақсат көрсетілген. Заң әдебиеттерінде талан – тараждың ниеттері мен 
мақсаттарын пайдакүнемдік деп атайды. Талан – тараж барысындағы 
пайдакүнемдік мақсат – алынған бөтен мүлікті өзінің пайдасына немесе 
үшінші жақтардың пайдасына айналдыруға ұмтылуды білдіреді. Талан – 
тараж барысындағы пайдакүнемдік мақсат алынған мүлікті өзінікі сияқты 
билеу, иемдену және пайдаланудың нақты мүмкіндігін алу түрінде жүзеге 
асырылады . Пайдакүнемдік мақсаттың болмауы бөтен мүлікті алуды талан – 
тараж ретінде саралаудың негізсіздігін білдіреді. Талан – тараж барысында 
пайдакүнемдік ниетпен қоса басқа да ниеттердің (бұзақылық, кек алу және 
т.б.) болуы мүмкін. «Егер де, бөтен мүлік бұзақылық, зорлау немесе басқа да 
қылмыстық әрекеттер барысында жасалған болса, бұл мүліктің қандай 
мақсатта алынғандығын анықтау қажет. Егер адам пайдакүнемдік мақсатты 
көздесе, меншікті иемдену әдісіне байланысты қылмыстардың жиынтығы 
бойынша саралануы қажет». 
Е.А. Фроловтың пікірі бойынша «субъектіде пайдакүнемдік ниеттің 
негізінде белгілі бір мақсат қалыптасады. Осы мақсаттың ерекше мазмұны – 
жалпы қылмыстық қол сұғушылықтардың ішінен ерекше топты – талан – 
таражды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді». 
Мүлікті басқа адамдардың меншігіне айналдыруы адамның мінез – 
құлқының барлық белгілері бейнеленгендіктен талан – тараж құрамының 
орталық элементі болып табылады. 
Талан-таражға салудың субъектісі жалпы субъект. Субъектінің белгілері 
өзара байланысты екі аспектіде қарастырылуы қажет. Біріншісіне – есі 
дұрыстық, жасы, арнайы субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер 
жатқызылады. Екіншісіне – тұлғаның әлеуметтік – саяси сипаттамасын 
беруге мүмкіндік беретін белгілер жатқызылады. 
Талан – таражға салудың субъектісінің заңдық белгілері аса 
қиыншылықтарды туындатпайды. Олар тікелей Қылмыстық кодексте 


18 
берілген. Талан – тараждың субъектісі заңда көрсетілген жасқа толған, есі 
дұрыс, жеке тұлға бола алады. Талан – таражға салудың әртүрлі нысанына 
байланысты жауаптылықтың жасы да әртүрлі. ҚР ҚК 15 бабына сәйкес, 
ұрлық, тонау, қарақшылық үшін жауаптылық 14 жастан туындаса, алаяқтық, 
бөтен мүлікті иелену және ысырап ету үшін жауаптылық 16 жастан 
туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет