Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Талан-тараж бен ұрлаудың аражігін ажыратыңыздар? 
2. Талан-таражға салудың құқықтық белгісін түсіндіріңіз? 
3.Талан-таражға салудың заңдық белгісі қандай? 
4. Талан-таражға салудың экономикалық белгісі қандай? 
5. Талан-таражға салудың заттық белгісін атаңыз? 
Әдебиеттер 
1. 
Уголовное право. Особенная часть./Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г. 
768стр. 
2. 
Научно – практический комментарий к Основам уголовного 
законодательства Союза ССР и союзных республик. М., 1961г. 200стр. 
3. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларының 
жинағы. 1 том. Алматы, 1997ж. 384бет. 
4. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997ж. 
өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, 2003. 151бет. 
5. 
Г.А. Кригер. Квалификация хищений социалистического имущества. М., 
1974г. 322стр. 
6. 
В.А. Владимиров, Ю.И. Ляпунов. Ответственность за корыстные 
посягательства на социалистическую собственность. М., 1986 г. 325 стр. 
1.3 Талан-таражға салудың түрлері және нысаны 
 
Заң әдебиеттерінде талан – таражға салудың нысандарын бөліп көрсетуде 
бірыңғай позиция көрініс тапқан. Яғни, заңгер ғалымдар мен сот – тергеу 
тәжірибесінің қызметкерлері талан – таражға салуды мүліктің алыну әдісіне 
қарай бөлуді ұсынады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық кодексінде талан – таражға салудың келесі нысандары 
бекітілген. Олар: ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, 
тонау, қарақшылық. Заң шығарушы ескі қылмыстық заңдағы сияқты өзінің 
қызмет бабын пайдалану арқылы мүлікті иеленуді талан – таражға салудың 
дербес нысаны ретінде қарастырмайды. Бұл әрекет талан – тараждың үш 


19 
нысанының: алаяқтық, иелену, ысырап етудің ауырлататын белгісі ретінде 
қарастырылған. 
Талан – тараждың нысандарына байланысты көңіл аударарлық мәселе 
қорқытып алушылыққа қатысты. 1959 жылы ҚазССР Қылмыстық кодексіне 
сәйкес қорқытып алушылық талан – тараждың нысаны ретінде 
қарастырылған . 
1997 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 
қорқытып алушылық талан – тараждың шеңберінен тысқары қалған. Бұл 
жағдайды ҚК 175-бабының ескертуінен бақылауымызға болады. Заң 
шығарушының бұл позициясымен әбден келісуімізге болады. Себебі: талан – 
таражға салудың негізгі белгісі ретінде жоғарыда мүліктің тікелей алынуын 
атап кеттік. Ал қорқытып алушылық барысында осы белгі орын алмайды. 
Яғни, нақты жасалынған әрекет пен мүліктің алыну кезеңі уақыт аралығымен 
бөлінген. Осыған байланысты заң шығарушының позициясы өте орынды. 
Талан – таражды түрлерге бөлу алынған заттың мөлшеріне байланысты. 
Осы критерийге сүйене отырып, талан – таражға салудың келесі түрлерін 
бөліп көрсетуімізге болады. Олар: ұсақ, жай, ірі және ерекше құнды заттарды 
талан – таражға салу. 
Егер ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген он еселенген айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, талан – тараж ұсақ мөлшерде деп 
танылады. ҚР ҚК қылмыстың дербес түрі ретінде ұсақ талан – таражға салу 
үшін жауаптылық белгіленбеген. Яғни, меншік құқығында ұйымға тиесілі 
немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иелену 
немесе ысырап ету жолымен ұсақ талан – таражға салу әкімшілік 
жауаптылықты туындатады. Меншіктің басқа нысандарындағы мүлікті ұсақ 
талан – таражға салғандығы үшін жауаптылық мәселелері Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабының 2-бөлімі бойынша шешілуі 
қажет. Ұсақ талан – таражға салу маңызы шамалы ма?, әлде жоқ па? деген 
сұрақты шешу барысында алынған заттың сомасын ғана емс, жәбірленушінің 
материалдық жағдайын да ескеруіміз қажет. Азаматтардың жеке мүлкін алу 
барысында кейбір жағдайларда алынған заттың мөлшері өте мардымсыз 
болса да, іс – қимылды маңызы шамалы деп тани алмаймыз. Тонау немесе 
қарақшылық нысанындағы талан – тараж барысында алынған заттың 
мөлшері қылмысты саралауға ешқандай әсерін тигізбейді. Талан – таражға 
салудың берілген нысандарының қоғамға қауіптілігінің дәрежесі алынған 
мүліктің мөлшерімен емес мүлікті алудың әдісімен түсіндіріледі. 
ҚР ҚК 175 бабының ескертуіне сәйкес, «ірі мөлшер немесе ірі залал деп 
қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген 
айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен 
залалдың мөлшері танылады». 
Талан – тараждың түрлеріне байланысты Ресей Федерациясының 
Заңдарына көз жүгіртсек, елеулі мөлшердегі талан – таражға салуды 
көруімізге болады. Яғни, елеулі мөлшердегі талан – таражға салу – алынған 
заттың мөлшері ірі залалдың сомасына жетпеген жағдайда орын алады . 


20 
Азаматқа елеулі мөлшерде залал келтірілгендігін анықтау барысында 
алынған заттың құнын ғана емес, оның жәбірленушіге құндылығын, 
жәбірленушінің материалдық, қаржылық жағдайын ескеруіміз қажет. Осыған 
байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, қылмыстық заңда талан – 
тараждың ауырлататын белгісі ретінде мүлікті елеулі мөлшерде талан – 
таражға салуды көрсету орынды болып есептелінеді. 
Алынған заттың мөлшері ірі болмаса жай талан – таражға салу деп 
танылады. 
Ерекше құнды заттарды талан – таражға салу ҚР ҚК дербес бабы 
бойынша жауаптылықты туындатады. 
Алынған заттың мөлшерін меншік иесіне келтірілген және өтелінуі қажет 
залалмен шатастыруға болмайды. Бұл залал Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық істер жүргізу кодексімен белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет