17
Талан-тараждың субъективтік жағы кінәнің тікелей қасақаналық түрімен
сипатталады. Адам алынған мүліктің басқа
адамның меншігі екендігін, бұл
мүлікке деген құқығының жоқтығын сезінеді, бірақ та пайдақорлық ниетті
басшылыққа алады. Пайдақорлық мақсаттың және тікелей қасақаналықтың
болмауы талан – тараж үшін қылмыстық жауаптылықты да жояды.
Іс – қимылды талан – тараж ретінде саралау үшін кінәлінің мүліктің
басқа біреудің меншігінде екендігін сезінуі қажет. Яғни, саралау туралы
ақырғы мәселе кінәлінің қасақаналық ойына байланысты шешіледі. Мүлікке
қатысты адамның адасуы сот арқылы фактілік қате ержесімен шешіледі. Бұл
жағдайда кінәлінің әрекеттері қасақаналық ойдың бағыты бойынша
сараланады.
Іс – қимылды талан – тараж ретінде саралау барысындағы келесі мәселе -
кінәлінің алынған мүлікке деген құқығының жоқтығын сезінуі. Мысалы, егер
де субъектінің мүлікке
құқығы болса, яғни автокөлікті арендаға беруші
мүлікті арендаға алушыдан алып қоюға оқталса. Бұл кезде арендаға берушіні
талан – тараждың субъектісі ретінде қарастырмаймыз.
Талан – таражға салудың заңда берілген анықтамасында пайдақорлық
мақсат көрсетілген. Заң әдебиеттерінде талан – тараждың ниеттері мен
мақсаттарын пайдакүнемдік деп атайды. Талан – тараж барысындағы
пайдакүнемдік мақсат – алынған бөтен мүлікті өзінің пайдасына немесе
үшінші жақтардың пайдасына айналдыруға ұмтылуды білдіреді. Талан –
тараж барысындағы пайдакүнемдік мақсат алынған мүлікті
өзінікі сияқты
билеу, иемдену және пайдаланудың нақты мүмкіндігін алу түрінде жүзеге
асырылады . Пайдакүнемдік мақсаттың болмауы бөтен мүлікті алуды талан –
тараж ретінде саралаудың негізсіздігін білдіреді. Талан – тараж барысында
пайдакүнемдік ниетпен қоса басқа да ниеттердің (бұзақылық, кек алу және
т.б.) болуы мүмкін. «Егер де, бөтен мүлік бұзақылық, зорлау немесе басқа да
қылмыстық әрекеттер барысында жасалған болса, бұл мүліктің қандай
мақсатта алынғандығын анықтау қажет. Егер адам пайдакүнемдік мақсатты
көздесе, меншікті иемдену әдісіне байланысты қылмыстардың жиынтығы
бойынша саралануы қажет».
Е.А. Фроловтың пікірі бойынша «субъектіде пайдакүнемдік
ниеттің
негізінде белгілі бір мақсат қалыптасады. Осы мақсаттың ерекше мазмұны –
жалпы қылмыстық қол сұғушылықтардың ішінен ерекше топты – талан –
таражды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді».
Мүлікті басқа адамдардың меншігіне айналдыруы адамның мінез –
құлқының барлық белгілері бейнеленгендіктен талан – тараж құрамының
орталық элементі болып табылады.
Талан-таражға салудың субъектісі жалпы субъект. Субъектінің белгілері
өзара байланысты екі аспектіде қарастырылуы қажет.
Біріншісіне – есі
дұрыстық, жасы, арнайы субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер
жатқызылады.
Екіншісіне – тұлғаның әлеуметтік – саяси сипаттамасын
беруге мүмкіндік беретін белгілер жатқызылады.
Талан – таражға салудың субъектісінің заңдық белгілері аса
қиыншылықтарды туындатпайды. Олар
тікелей Қылмыстық кодексте
18
берілген. Талан – тараждың субъектісі заңда көрсетілген жасқа толған, есі
дұрыс, жеке тұлға бола алады. Талан – таражға салудың әртүрлі нысанына
байланысты жауаптылықтың жасы да әртүрлі. ҚР ҚК 15 бабына сәйкес,
ұрлық, тонау, қарақшылық үшін жауаптылық 14 жастан туындаса, алаяқтық,
бөтен мүлікті иелену және ысырап ету үшін жауаптылық 16 жастан
туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: