Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


Әдістері:дәріс презентация Әдебиеттер



бет18/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
Әдістері:дәріс презентация
Әдебиеттер: [9], [10], [11].
5-апта
5. Тақырып: Интерферометрлер.
Мақсаты: Жарықтың толқындық қасиеттеріне негізделіп жасалынған негізгі оптикалық приборлардың жұмыс істеу принцепімен және қолдану мақсаты мен саласы туралы мәлімет беру.
Интерферометрлердің жұмыс істеу принцептері.Қолданылуы Жұмыс істеу принциптері жарық интерференциясына негізделген оптикалық құралдарды интерферометрлер деп атайды. Интерферометрлердің көмегімен түскен жарықтың толқын ұзындығын, кейбір беттердің тегістігін, заттардың сыну көрсеткішін, жарық спектрінің құрамын және т.б. шамаларды өлшеуге болады.
Интерференция шоқтарының айырымын жайлап өзгерткен уақытта интерференциондық бейне қозғалады, нәтижесінде максимумдардың орындарында минумдар болады. Сондықтан интерференция интерферометрлерде дененің ұзындығын, жарық толқынның ұзындығын, дененің температурасы өзгерген уақытта ұзындығының өзгеруін өлшеу үшін қолданылады.






Майкельсон интерферометрі


Майкельсон интерферометірінде монохромат сәуле S жарық көзінен P1 пластинкасында екі сәулеге 1және 2’’ бөлінеді, кейін олар М1және М2 айналарынан шағылып P1 көмегімен бір шоққа жиналады (сурет). Компенсациондық пластинка Р2 2-ші сәуленің жолында орналасады. Осыдан пайда болған интерференциондық бейне сәуле айырымының өзгеруіне өте сезімтал болады.


Жарық дифракциясы. Дифракция құбылысы.
Толқындардың жолдарында кездесетін кедергілер мен бөгеттерді орап, айналып өту құбылысы дифракция деп аталады. Кең мағынада, дифракция деп жарықтың түзу сызықты жолдан бұрылу құбылысы айтылады. Яғни, толқынның түзу сызықты таралуынан, геометриялық оптиканың заңдарынан ауытқуы дифракция деп аталады.
Дифракцияны Гюйгенс принципі түсіндіреді - екінші ретті толқындар бірінші ретті толқындардың алдындағы кедергілер мен бөгеттерден бұралып айналып өтеді.
Френель Гюйгенс принципін екінші ретті толқындардың когерентті болуымен және олардың интерференциясымен толықтырды.
Гюйгенс – Френель принципі бойынша S жарық көзінен шыққан жарық толқыны екінші ретті когерентті толқындардың суперпозициясы (қосындысы) ретінде өрнектеледі, екінші ретті толқындар болса, екінші ретті жарық көздерінен таралады. Ал, екінші ретті жарық көздері дегеніміз S жарық көзін қамтып жататын кез келген тұйық беттің шексіз аз элементері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет