Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


Көз оптикалық жүйе. Көру. Визуаль оптикалық құрылғылар



бет15/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
Көз оптикалық жүйе. Көру. Визуаль оптикалық құрылғылар.
Көз.Сыныпқа көздіӊ макетін көрсетеміз. Олардан адамныӊ көзі туралы не білетіндігін сұраймыз. Көз – күрделі оптикалық жүйе болып саналады. Көз алмасының тор қабатында (сетчатка) нәрсенің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескіні пайда болады.
Көздің оптикалық жүйесі: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы (қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене), көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене.
- Көздіӊ диаметрі: ≈ 22 мм;
- Көз бұршағының сыну көрсеткіші ≈1,44;
- Көздіӊ оптикалық күші ≈58 дптр.
Көздің құрылымы.

1-склера (көз алмасының сыртқы қабықшасы); 2-қасаң қабық (роговица) - склераның алдыңғы мөлдір бөлігі; 3- түсті қабық (адамдар көзінің түсті қабығы әртүрлі болады); 4-көздің қарашығы (зрачок) – жарық өтетін саңылау. Оның диаметрі рефлективті түрде 2 мм - 8 мм-ге өзгеріп отырады; 5-көз бұршағы (хрусталик) - қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене; 6-циллиарлық бұлшық еттер көз бұршағының қисықтық радиусын өзгертеді, яғни оптикалық күшін өзгертеді; 7-көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене (стекловидное тело); 8-тамырлар қабығы; 9-көз алмасының түбін тұтас жауып тұратын торлама (сетчатка). Торлама көз жүйке тамырларының тармақтарынан тұрады. Көру жүйкесі құтышалар (≈ 7 млн.) мен таяқшалар (≈130 млн.) деп аталатын талшықтардан тұрады; 10-көру жүйкесі; 11- соқыр дақ; 12-сары дақ (центральная ямка) – торламадағы жарықты ең сезгіш орын (мұнда нәрсенің түсін қабылдайтын кұтышалар топталған).
Көз аккомодациясы.
Әртүрлі қашықтықта орналасқан нәрселердің көз алмасының торламасында анық кескінін пайда болуы үшін көздің оптикалық жүйесінің фокус аралығы өзгеруі керек.
Көз нәрсенің орналасу қашықтығына байланысты өзінің оптикалық күшін рефлективті өзгертуі мүмкін. Бұл процесс аккомодация деп аталады.
Аккомодация циллиарлық бұлшық еттердің (6) сығылуы немесе созылуы нәтижесінде жүзеге асады. Циллиарлық (кірпік) бұлшық еттерінің босаңдық кезінде көздің көретін нүктесі алыстағы нүкте деп аталады. Циллиарлық бұлшық еттерінің ең үлкен күш салуы кезінде көздің анық көретін нүктесі жақындағы нүкте деп аталады. Сау көздіӊ алыстағы нүктесі шексіздікте, ал жақындағы нүктесі 15-20 см қашықтықта орналасқан.
Көз ақаулары.
а) сау көз
б) жақыннан көргіштік
в) алыстан көргіштік
Бинокулярлық көру.Бір көзбен немесе екі көзбен көрудіӊ айырмашылығы бар ма?
Бір көзбен көру бізге қай нәрсеніӊ жақын, қай нәрсеніӊ алыс тұрғанын толық айыруға мүмкіндік бермейді. Екі көзбен көру – көру аймағын кеӊейтеді, біз үлкен кеӊістікті көреміз. Екі көзбен көретіндіктен, біз нәрсені жазық емес, көлемді күйінде көреміз.
Адам горизонталь бағытта 1200 шекарасында көреді. Төмендегі суреттерде бинокулярлық көру аймақтары көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет