Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


тәжірибе. Жарықбергіштің үлгісін көрсету



бет67/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
2 тәжірибе. Жарықбергіштің үлгісін көрсету
Ж арықтандырғышқа бір саңылауы бар диафрагма жапсырып, тақтайдың сол жақ бөлігіне орнатады. Оның қасына майыстырылған пластмасса тілімі- жарықбергіштің үлгісі қойылады. Диафрагманың саңылауынан өткен жарық лезде тілімнің кез келген бір жиек қырынан ішіне өтуі керек. Тілімнің экрандағы бөлігі жарықтандырылмаған, бірақ тілімнің бітер тұсында ақшыл дақ көрінеді. Тілімнің қарама қарсы жағынан көрінген экранның ақ бетіндегі ақшыл дақтың пайда болуы, тілімге өткен жарық оның бетінен қайта қайта шағылысып, тілімнің ішінде тарайтынын көрсетеді.


3 тәжірибе. Бұрылмалы призманың жұмыс принципі
Э кранда бір саңылауы бар диафрагмамен жабылған жарықтандырғыш және үшбұрышты призма орнатылған. Жарықтандырғыштан жіңішке сәуле шығады. Сәуле призманың бір қабырғасына перпендикуляр түсуі керек. Бұл жағдайда сәуле призманың ішіне сынусыз кіреді, табанына түседі, табанынан толық шағылысып екінші қабырғасына перпендикуляр түседі де сынусыз призмадан шығып кетеді. Призмаға түспес бұрынғы сәуле мен одан шыққан сәуле өзара перпендикуляр болады. Бұл жағдайда призма сәулені 90 градусқа бұру үшін қажет.
4 тәжірибе. Айналмалы призманың жұмыс принципі

Э кранға екі саңылауы бар диафрагмамен жабылған жарықберуші орнатады. Бір сәуленің жолына, мысалға жоғарғысына, жарықфильтрін орнатады. Екі сәуле де үшбұрышты призманың қабырғасына түседі. Призманы табанын жарық сәулелерінің жүрісіне параллель орнатады. Призмаға кірген кезде сәуле сынады, сосын табанына түседі де толық іштей шағылысуға ұшырап, басқа қабырғаға түседі тағы да сынады да, призмадан шығады. Оқытушы мынаған назар аударады: сәулелердің призмадан өткен кезде сәулелердің айналуы орындалады, егер призмаға түспен бұрын қызыл сәуле ақ сәуленің үстінде болса, призмадан шыққаннан кейін ол астында орналасады.




5 тәжірибе. Жарықтың жазықпараллельді пластина (тілім) арқылы өтуі
Э кранға терезесінде бір саңылауы бар диафрагмамен жабылған жарық беруші және жазықпарллельді шекарасы бар пластина орналасады. Жарық сәулесін пластина шекарасының ортасына бағыттайды, оның бетіне перпендикуляр. Бұл жағдайда жарық пластинадан өту кезінде бағытын және экрандағы орналасуын өзгертпейді. Пластинадан өткен сәулені жанап экранда сызық өткізеді.
Пластинаға түсетін жарықтың бұрышын үлкейте отырып, сәуленің пластина ішіндегі жүрісін қадағалайды. Пластинаның бетіне белгілі бір бұрышпен түскен сәуле одан шыққаннан кейін бастапқы бағытқа параллель, жанына қарай ығысып шашырайды. Сонымен қатар ығысу шамасы пластинаға түсетін жарық бұрышының өсу шамасына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет