Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


тәжірибе. Жарықтың үшбұрышты призма арқылы өтуі



бет68/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
6 тәжірибе. Жарықтың үшбұрышты призма арқылы өтуі
Т ерезесінде бір саңылауы бар диафрагма бекітілген жарықберушіден шыққан жарық сәулесін үшбұрышты призманың қабырғасының ортасына бағыттайды. Призмадан шыққан сәуле шашырау бағытын өзгертіп, призма табанына қисаятынын бақылайды. Призманың бетіне түсетін жарық сәулесінің түсу бұрышын өзгерте отырып, қорытынды жалпы негізде болатынын білім алушыларға түсіндіреді.
Призманың табанын жоғары қаратып өзгерткенде, призмадан шыққан сәуле оның табанына қарай бұрылатынын бақылайды.
7 тәжірибе. Линза ұғымын енгізу
Э кранда екі жарықберуші орналастырады. Жарықберушілердің терезелерінен шығатын жарықтың шоқтары шашырамай шығатындай етіп түзетеді. Тәжірибенің бірінші кезеңі жинамалы линзамен жасалынады. Жарықберушілердің сәуле шоқтары параллель болуы үшін оларды бір біріне қатар орналастырады. Жарықберушілерден 20-25 см алшақтау сәуле шоқтарының жолында жинақты линзаны орналастырады. Линзадан кейін сәуленің өзгерісін белгілейді. Тәжірибені екі рет қайталайды, линзаға үлкен емес бұрышта шашырайтын және жинақталатын сәуле шоқтарын бағыттайды. Барлық жағдайларда да линза сәуле шоқтарының жинақтылығын үлкейтеді.
Тәжірибенің екінші бөлігінде жарықтың жолына таратылушы линзаны қояды. Линза арқылы өткен параллель, шашырайтын, жинақталатын сәуле шоқтарын қадағалай отырып, линзаның сәуле шоқтары шашырауының ұлғаюын беретінін байқайды.
Барлық бақылаулардан кейін линзаға мынадай анықтама беріледі: линза өз бойынан жарық өткізген кезде сәуле шоқтарының жинақтылығын өзгертетін құрал. Жинақтылықты ұлғайтатын линзаларды жинақтаушы, ал азайтатындарын шашырайтын деп атайды.
Осы тәжірибені көрсеткннен кейін, 17 және 18 тәжірибелерді қайталаған тиімді. Білім алушылардың назарын жазықпаралелльді пластина да, ұшбұрышты призма да сәуле шоқтарының апертурасын өзгертпейтініне назар аударту керек.
8тәжірибе. Фокус және линзаның фокусты арақашықтығы түсінігін енгізу

Э кранға сәуле шоқтарын шашыратпайтын екі жарықберуші және жинақтаушы линзаны қояды. Екі шоқшаны да линзаның басты осінің жанынан параллель өтетіндей етіп бағыттайды. Сәуле сынғаннан кейін сәуле шоқтары линзаның басты осінде жататын бір нүктеде тоғысады. Сәулелер тоғысқан жерде экранға белгі қояды. Линзаның фокусына мынадай анықтама беріледі: фокус-линзада сынғаннан кейін жинақталатын параллельді шоқ сәулелер.


Содан кейін тәжірибені жарық берушілерді линзаның екінші жағына шығарып жалғастырады. Экранда сәуле шоқтарының түйіскен жерлерін белгілейді. Линзаның екі фокусы болады деген қорытынды шығарады.
Линзаның оптикалық центрінен фокусқа дейінгі арақашықтық фокустық арақашықтық деп анықтама береді. Линзаның центрінен экрандағы белгілерге дейінгі арақашықты өлшей отырып, екі кесіндінің де ұзындығы бірдей екендігі анықталады.
Тәжірибенің соңында мынадай қорытынды шығарылады: кез келген линзаның оптикалық осінде екі фокусы болады және фокустары линзаның оптикалық центрінен бірдей ара қашықтықта орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет