Информационное письмо


-6 дәріс: Тіл біліміндегі просодикалық заңдылықтардың орны



бет9/45
Дата10.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#80862
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
5-6 дәріс: Тіл біліміндегі просодикалық заңдылықтардың орны.
Просодия, просодика (грек,prosodiaекпін, кайырма) бірнеше мағына білдіреді:

  1. сөйлеудін барлык бөлшектерінде (буын, сөзтіркесі, синтагма, фраза, мәтін) көрінетін, мағынаны ажыратуда мәні бар фонетикалык күралдар жүйесі. Оның негізгі элементтері: сөйлеу әуезі, екпін, тембр (әуен), ритм, сөз тоны. Бүл жағынан Просодия интонацияға синоним ретінде карастырылады. Просодия терминін колдану мәтінге деген кызығушылыкартуына байланысты 20 ғ. 70 жж. кеңейе бастады;

  2. сөйлеудің фонетикалык супрасегменттік сипатының жалпы атауы. Мунын мәні кабылдау (восприятие) (тон жоғарылығы, дауыстау, оның ұзактығы) және физикалық (негізгі тонның жиілігі, каркындылык) деңгейімен байланысты. Бұл мағынада Просодия функционалдык категорияларды білдіру үшін колданылатын интонацияға карама-карсы койылады;

  3. сөйлеу сегменттерін ажырату не біріктіру (тонды жоғарылату не төмендету, екпін кою, кідіріс жасау, каркынды өзгерту) сиякты сөйлеуге кажетті супрасегменттік күралдардын атауы. Бұл мағынада Просодия өлең сөзді талдауда колданылады;

  4. буынды сипаттайтын фонетикалық күралдар жүйесі дегенді білдіреді.

7-8 дәріс: Вокализмдер (дауыстылар)
«Қазіргі казақ тілінде дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді»,— дейді белгілі фонетист С. Мырзабеков. А.Байтұрсынов: «Қазак тілінде 24 дыбыс бар. Олардын бесеуі дауыстылардың таңбасы деп кәрсетеді». Мүның өзі сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген. Жалпы, ертелі-кеш жарык көрген оқулыктар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны төмендегідей: Қ.Жүбанов — 7, Ильминский — 8, В.Радлов — 9, Қазіргі қазақ тілі -11, Н.Сауранбаев — 12, Н.Созонтов — 13, С.Аманжолов — 14, А.Исаев — 15 — дейді. Қазак, орыс тілдерінін салыстырмалы грамматикасын зерттеуші ғалымдар К.Бейсенбаева, СИсаевтың пікірлері бойынша қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны — 12: а, о, V, ы, и, э, і, у, ү, е, ә, ө.
И.Түркбенбаев пен Д.Түрсыновтың пікірінше, казак тілінде 11 дауысты дыбыс, 15 әріп бар: а, ә, о, у, ы, и, э(е), ө, ү, ү, і, «у» және «и» — дифтонг дыбыстар + я, ю, е, ё. С.Мырзабековтің де айтуынша, қазіргі қазақ тілінде 11 дауысты фонема бар. Ал шындығында, жуан-жіңішке болып жүптасатын 8 дыбысты (а-е(ә), о-о, ү-у, ы-і) дауысты дыбыс деп есептеу керек. Бүл тіліміздің үндестік заңына негізделген жүйе болып табыла-ды. Ал чіл. -у. дыбыстары қосарлы дыбыстар (дифтонг), я, ю, е, ё — әріптер. Бүл топтан сырт қалған «ә» дыбысы араб тілінен ен-ген. Мүның дәлелі қосымшаларда «а» дыбысының жіңішке сыңары «е» болып келеді (-лар-лер, -дай-дей, -ша-ше т.б.). Екіншіден «ә» сөздің бірінші буынында ғана қолданылады: оке, дәптер т.б. Дауысты фонемаларды дыбыстау мүшелерінің кызметіне қарай зерттеуші ғалымдар іштей 3 топқа бөледі: 1. Тілдің қатысьша қарай: а) жуан (гуттураль) немесе тіл арты дауыстылар: а, о, ү, ы, у; ә) жіңішке (палаталь) дауыстылар: ө, ү, і, и, е, (э), ә. Бұл топқа С.Исаев, К.Бейсенбаева э фонемасын да қосады.

  1. Еріннің қатысына қарай: а) еоіндік (лабиаль) дауыстылар; о, в, у, у, у; ә) езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и; (С.Исаев, К.Бейсенбаева: э).

  1. Жақтын қатысына қарай: а) ашық дауыстылар: а, ә; (С.Исаев пен К.Бейсенбаева: а, ә, е, э, о, ө). ә) жартылай ашык дауыстылар: о, ө, е; б) қысаң дауыстылар: ү, у, ы, і, и, у. Ал орыс тілінде негізгі дауысты фонемалар 6 (и, у, ы, е. о , а). Орыс тілінің грамматикасында ы өз алдына фонема бола алмайтындығы, тек и фонемасының жуан түрі ғана екені айтылады. Мысалы, В.Белошапкова 5 дауысты фонема бар, ы — дербес фонема емес — дейді (шалаши [ы] — калачи). Ал кейбір зерттеулерде негізгі дауысты фонемаларға ы да қосылады. Н.Түркбенбаев пен С.Исаевтың пікірінше, ы — дербес фонема.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет