Информатика пәнінен дәріс сабақтар Информатика пәнінің мұғалімі: Камиль Айбек


Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы. Ақпараттың қасиеттері



бет5/7
Дата27.11.2022
өлшемі111,5 Kb.
#52952
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы.
Ақпараттың қасиеттері:

  1. Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.

  2. Толықтығы -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.

  3. Бағалылығы –информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.

  4. Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.

  5. Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр – түрлі ақпарат береді.

Түрлерi: текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.
Берiлу жолдары: қимылдар, мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.
Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), өңдеу
Мәліметтердің құрылым типтері:
1. Сызықтық құрылымы (тізімдер) – элемент адресі өз номерімен анықталатын реттелген құрылым.
2. Кестелік құрылым (матрица) - элемент адресі жол мен баған номерімен анықталатын реттелген құрылым.
3. Иерархиялық құрылымда әр элементтің адресі маршрутпен анықталады. Мысалы, калькулятор программасын іске қосу жолы: Пуск – программы – стандартные – калькулятор.
Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тындап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде де әртүрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде, бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал блола алады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, мәлімет алмасу тек ауызба ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу – жазу арқылы беріле бастады
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін бастап, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндіктерін бере бастады.
XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесі арау жылдамдығымен жеткізіге мүмкіндіе берді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды.
Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген мәліметтің мағнасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ойға келеміз.
Біз өзімізге қажет мәліметтерді оқулық пен кітаптардан, газет, журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі мәліметтер жиыны сызулар мен текстер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түріне кездеседі. Ондай мәліметтерді де ЭЕМ арқылы алуға болады.
Информация алу дегеніміз-бізді коршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу деген сөз.
Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияныңтолық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, кателікке әкелуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет