Информатика пәнінен дәріс сабақтар Информатика пәнінің мұғалімі: Камиль Айбек



бет7/7
Дата27.11.2022
өлшемі111,5 Kb.
#52952
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Кэш жады размері. Кэш жады процессор мен жедел жад арасында дәнекерлік роль атқарады. Процессорге мәліметтер қажет болғанда ол алдымен кэш жадыға сұраныс жібереді. Егер онда керекті мәліметтер болмаса, жедел жадыға сұраныс жібереді. Жедел жадыдан мәліметтерді қабылдағанда процессор оларды кэш жадыға кіргізеді.

2) Жады – мәліметтерді, программаларды сақтауға арналған құрлғы.


Ол Ішкі және Сыртқы болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жады – магниттік дискідегі жинақтауыштар - үлкен көлемді мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін қажет. Оның 2 түрі бар: қатты диск және иілгіш диск. (Винчестер жүйелік блоктың ішінде орналасқан. Оның сиымдылығы 20-80 Гб, CD дисктің – 600 Мб, 3,5 дюймдік дискетаның – 1,44Мб.)


Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) және Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) компьютердің ішкі жадысын құрайды.
- Компьютердің жедел жадысында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадыдағы ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін жоғалады. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Қазіргі кезде көлемі 256 Мб, 512 Мб болатын жедел жады микросхемаларын көп қолданады.
Физикалық принциптен қарағанда жедел жады динамикалық (DRAM) және статикалық (SRAM) болып бөлінеді. Динамикалық жадының микросхемасын к/ң негізгі жедел жады ретінде қолданады, ал статикалық ж/ң микросхемасын көмекші жады (кэш жады) ретінде қолданады.

  • Тұрақты жадыдағы мәліметтер өзгертілмейі, оларды тек оқуға болады. Тұрақты ж/қа керекті прогр/р оны шығаратын заводта жазылады. ТЕСҚ-да орналасқан прогр/р комплекті BIOS (енгізу- шығару базалық жүйе) құрайды. Бұл прогр/р пакетінің негізгі қызметі – к/лік жүйенің құрамын және жұмысын тексеру және пернетақтамен, монитормен, қатты дискпен және дискқозғағышпен әрекетті қамтамасыз ету.

  • CMOS жадысы. ЖЕСҚ-дан айырмашылығы к/ді өшіргенде ондағы мәліметтер өшпейді. ТЕСҚ-дан айырмашылығы мәліметтерді, жүйе құрамына қандай құрылғылар кіретініне сәйкес енгізуге, өзгертуге болады. Бұл микросхема энергияны кішкентай аккумулятор батареясынан алып отырады. CMOS микросх/сы иілгіш және қатты диск, процессо және басқа да аналық платаның құрылғылары туралы мәліметтерді сақтайды. Жүйелік сағат көрсеткіші сонда сақталады.

3) Енгізу құрылғылары – мәліметтерді сыртқы ортадан комп/ге енгізу үшін қолданады. (Маус, трекбол, пенмаус, джойстик, дигитайзер- графикалық планшет, цифрлік фотокамера, сканер, микрофон, негізгісі пернетақта.)


4) Шығару құрылғылары – К/ң жұмыс нәтижесін адамға жеткізеді. (Принтер, колонкалар, негізгісі монитор.)


Монитор - басты шығару құрылғысы. Оның параметрлері: типі, размері, бейненің регенирациялау жиілілігі, қорғаныс классы.
- Қазір екі типті монитор кең таралған:
Программалық жабдықтар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет