«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша


дәріс Геофизикалық өрістердің ықпалы. (1 сағат)



бет4/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
3 дәріс
Геофизикалық өрістердің ықпалы. (1 сағат)


Жылу өрісі. Алғашқы гипотезалардың бірі бойынша жерді қалыптастырған ғарыштық зат бастапқыда ыстық болған , ал жер қыртысы – планетаның біртіндеп суынуының белгісі. Кейінірек Беккерель ХІХ ғасырдың соңында ураннын табиғи радиоактивтілігін, ал Пьер Кюри 1903 жылы радий тұздарының біршама жылу мөлшерін бөлетінін анықтағаннан соң, алғашқы гипотезаларға диаметрлік кереғар гипотеза ұсынылған. Жаңа гипотеза бойынша жердің алғашқы заты салқын болған. Ол кейін радиоктивті элементтердің ыдырауы салдарыннан қыза бастаған. Мамандардың есебі бойынша радиоктивтік ыдырау нәтижесінде 2,7*10^17 эрг/с энергия бөлінеді. Ғалымдар мұндай уран пеші көп миллиондаған жылдарға жететінін айтады.
Жер шарындағы құрлықтың ширек бөліктері көп жылдық тоң тау жыныстар (мәңгі тоң белдемі). Мәселен олар Ресей аумағының 60 % тен астамын алып жатыр және 600 – 800 метр аса тереңдікке дейін жетеді, ал Вилюй өзенінің солтүстік жағалауларында 1370 метрге дейін жуық. Биік таулы аудандарда мәңгі тон 1000 метрден асады. Көп жылдық тоң тау жыныстарда миниралдық бөліктер мұзбен цементтеледі. Көктем жаз кезеңінде көп жылдық тоң тау жыныстардың жоғарғы қабаты 2 м – ге дейін жетеді. Осыған байланысты қабаруісіну, термокарст, солифлюкция және басқа физикалық – геологиялық процесстер болады. Күзбен қыста тау жыныстар қайта тоңады.
Мұз қабатшалары мен линзалары тоңған ылғалдың көлемін ұлғайтады, ісіну кезінде көп жылғы тоң грунттарының көлемі артады. Ісінуге байланысты ең қолайсыз жағдайлар автомобиль және темір жолдарда, сондай-ақ аэродром жабындарында туындайды.
Тормокарст жағдайында көмеулі мұздың еруіне немесе мәңгі тоң грунттың жібуіне байланысты, тау жыныстар нығыздалады. Нәтижесінде жер бетінде воронка, қазаншұңқыр және табақ тәрізді тұйық төмендеулер жаралады. Көпшілік жағдайларда төмендеулер суға толып, көлмен батпақ жасайды. Олардың ауданы 100 – деген, кейде 1000 – даған шаршы метрге жетеді.
Солифлюкция (лат. Солум – топырақ, флуктио - ағу) еңістік бұрышы шамалы беткейлерде білінеді. Жібу қату жағдайларының алмасып тұруы мен салмақ күші ықпалынан топырақ пен қопсық грунт баяу жылжиды. Солифлюкция құбылысы беткейлердегі мекендермен беткейлер етегін бойлай өтетін жолдарға айтарлықтай зиян келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет