«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша



бет8/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Эвапотранспирация- экожүйенің суды атмосфераға беруі, ол физикалық буланған және биологиялық транспирацияланған (бөлініп шыққан) судан тұрады.
Өсімдіктер транспирациялайтын судың мөлшері әдетте көп болады. Өсімдіктердің сумен қамтамасыз етілуі артқан сайын, транспирация ұлғаяды. Бір қайың күніне 75 л, бук- 100л, жөке ағашы -200л, ал 1га орман -20-50 мың л су буландырады. Бір гектар қайыңды орман (жапырақтарының массасы 4940 кг) күніне 47 мың л су буландырады, ал 1га шырша (қылқандарының массасы 31мың кг)- күніне 43мың л суды транспирациялайды. 1га бидай өзінің даму кезеңінде 3750т су пайдаланады (ол 375мм жауынға тең), ал 15.5т (құрғақ салмағы) өсімдік затын өндіреді.
Транспирация коэффициенті - маусымда 1 кг құрғақ зат жасауға транспирацияланатын судың мөлшері. Бұл коэффициенттің мөлшері өсімдік түріне байланысты 300-ден 1000-ға дейін ауытқиды. Мысалы, 1т (құрғақ салмағы) дән өндіру үшін 250-550т су қажет (ол 25-55мм жауынға тең). Бұл коэффицинет шамасының ауытқуы негізінен климаттық жағдайға байланысты. «Вальтер ережесі» бойынша, семиаридті белдемдерде (жылдық жауын мөлшері 30см-ден аз) өсімдік жабынының өнімділігі жауын мөлшеріне пропорциялы, яғни бұл жерлерде әр 10м жауынға 1т құрғақ зат жаралады.
Экожүйе биомасса қалыптпстыру үшін жыл сайын жаңбыр жауатын судың 1 %-тейін ғана пайдаланады.
Тұзды және тұщы сулардың арақатынасы. Табиғи сулардың химиялық құрамы тұрақсыздығымен сипатталады. Судың көлем бірлігіндегі барлық еріген тұздар мөлшері тұздылық депп аталады. Тұщы сулардың тұздылығы 1г/к-ға дейін,тұздылау сулардың-25г/кг-ға дейін,ал тұзды сулардың тұздылығы-25г/кг–нан артық болады.минералдығы ең аз-атмосфералық жауындар (20мг/кг-ға дейін)және техногендік тұздармен былғанбаған тұщы өзен мен көл сулары (50-1000мг/кг).табиғи тұзды көлдердегі тұздардың мөлшері 300г/кг-ға дейін,ал терендігі минералды жерасты суларында-600г/кг-дай болады.
Планетамыздағы су ресурстарының 97%-ке жуығы тұзды. Ал,тұщы сулар үлесіне тиетін қалған 3%-тің тек 0,003%-ін ғана адамдар пайдалана алады. Өйткені тұщы сулардың басым бөлігі айсбергтерде, полюс мұздықтарында, атмосфера мен топыраққа,немесе өте төмен орналасқан.
Тұщы су жетімсіздігі бара-бара артып келеді. Жаһандық экологиялық қордың сарапшылары берген мәлемет бойынша 2025 жылы Жер шары халқының 40% суы жетімсіз аймақтарды мекендеуге мәжбүр болмақ екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет