Ис bestProfi


-бап алынып тасталды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңына сәйкес



бет15/18
Дата13.02.2023
өлшемі51,62 Kb.
#67579
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

24-бап алынып тасталды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңына сәйкес

24-1-бап. Тексеріп қарау

4-бөлім 24-1-бабпен толықтырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)

1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қатер деңгейіне байланысты, жолаушылар және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріп қарауға жатады.
Жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды (бұдан әрі – келушілерді), олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды көлік қызметі субъектісінің қызметкерлері не күзет қызметтерін көрсету жөнінде шарт жасасқан кезде күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері жүргізеді.
Осы баптың мақсаттары үшін көлік қызметінің субъектілері деп көлік инфрақұрылымы объектілері меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
3. Тексеріп қарау кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау алдында көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған, болуы ықтимал заттар мен құралдарды көрсету міндетті түрде ұсынылады.
5. Техникалық тексеріп қарау құралдарымен көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың болу мүмкіндігінің контурлары және өзге де белгілері табылған кезде, жолаушылар мен келушілердің алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды қоса алғанда, оларды жеке тексеріп қарау жүргізіледі.
Жеке тексеріп қарау көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдарды табу үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.
Жеке тексеріп қарауды тексеріп қаралатын адаммен жынысы бір адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына жауап беретін арнайы бөлінген үй-жайларда жүргізеді.
Бір үй-жайда бір мезгілде бірнеше адамды жеке тексеріп қарауға тыйым салынады.
Жеке тексеріп қараудың нәтижелері тексеріп қарауды жүргізетін адам мен өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген адам қол қоятын актімен ресімделеді.
6. Тексеріп қараудан, жеке тексеріп қараудан жалтаратын адамдар көлік инфрақұрылымы объектілеріне жіберілмейді, бұл туралы тиісті акт жасалады.
7. Егер жолаушыны және оның алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар табылмаса, осындай тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектісінің әкімшілігі жолаушының оған билеті бар қатынаспен немесе кезекті осындай қатынаспен жөнелтілуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдануға, ал жолаушы тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, билеттің немесе оның пайдаланылмаған бөлігінің құнын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтеуге міндетті.
8. Тексеріп қарауды жүргізетін адамдар жолаушылар мен келушілерге қатысты ізетті және сыпайы болуға және олардың қадір-қасиетін түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті.
9. Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттауға жатады.

9-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
10. Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
24-2-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет