Ис bestProfi


-1-баппен толықтырылды ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес



бет12/18
Дата13.02.2023
өлшемі51,62 Kb.
#67579
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

17-1-баппен толықтырылды ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес


17-1-бап өзгертілді ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңымен (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Тасымалдаушыға, ал аралас тасымалдар кезінде – аралас тасымалдар операторына немесе аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап қою берілгенге дейiн оған мiндеттi түрде кінәрат қойылады.
Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
Егер қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады.
Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.
Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртiбi халықаралық шарттарда, келiсiмдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.
18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн жауапкершiлiк

18-бап өзгертілді ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңымен (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды


18-бап өзгертілді ҚР 03.12.2015 жылғы № 433-V Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.
Аралас тасымалдар кезінде – аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы жүктi аралас тасымалдар және аралас тасымал кезінде өзара іс-қимыл жасасу шарттарында белгіленген мерзімде межелі пунктке жеткізуге міндетті.
Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Аралас тасымал кезінде жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы – аралас тасымалдар операторына, ал аралас тасымалдар операторы клиентке (жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, жолаушыға, кемемен жалданушыға) кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымалдау үшiн төленген ақының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленген ақының елу пайызынан аспауға тиiс.
Тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде – аралас тасымалдар операторы мен аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы, егер жүктi немесе багажды жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi олардың кiнәсiнен болмаса, кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
Тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы тасымалдың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, багажды немесе жүктi жөнелтушiде немесе алушыда туындаған зиян үшiн жауаптылықта болады
Тасымалдаушы рейстер он және одан да көп сағатқа кідірген жағдайда жолаушыларға, оның ішінде мүгедектердің мұқтаждығын ескере отырып, өз есебінен қонақүйден орындар беруге және оларды тамақтандыруға міндетті.
Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.
Осы бапта көзделген зиянның мөлшерi және оларды айқындау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн жүк және багаж тасымалдау қағидаларында және аралас тасымалдар қағидаларында белгiленедi.
19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi
Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен басқа адамдарға, тасымалдаушының мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн жауапкершiлiгi
Тасымалдау кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету

21-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды


21-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды


21-бап өзгертілді ҚР 10.01.2015 жылғы № 275-V Заңымен (10.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ теміржол, әуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнаулы бөлiмшелерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнаулы қызметтерi жүзеге асырады.
Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
22-бап. Төтенше жағдайлар кезінде көлiк жұмысын ұйымдастыру

22-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Конституциялық заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет