Іскерлік қарым-қатынастың тəсілдерін жақсы меңгеру болашақ іскер адамдарға қажеті зор болмақ


Іскерлік қарым-қатынастың тағы бір ерекшелігі оған қатысушылардың ролдік нормаларын қатаң сақтауы



бет6/8
Дата29.11.2022
өлшемі22,34 Kb.
#53472
1   2   3   4   5   6   7   8
Іскерлік қарым-қатынастың тағы бір ерекшелігі оған қатысушылардың ролдік нормаларын қатаң сақтауы. Өзара қарым-қатынас жасағанда іскер адамға түрлі жағдаяттарда түрлі ролге енуіне тура келеді, сондықтан осыны ескере отырып коммуникацияға қатысушы өзін осыған сай талаптарға, нақты жағдайға байланысты ролге енгені абзал. Іскерлік қарым-қатынаста ролдік норманы сақтау жұмыс үрдісін реттейді, тұрақтандырады.
Іскерлік қарым-қатынастың тағы бір ерекшелігі оған қатысушылардың оның нəтижелігіне жоғарғы жауапкершілігі. Сəтті іскерлік қарым-қатынас байланыстың таңдап алған əдістері мен тəсілдері, яғни, коммуникацияның мақсаты мен міндеттерін дұрыс ұйымдастыру, серіктердің мақсаттарын айқындау, өзінің жеке ойын негіздеуге байланысты болмақ. Егер іскерлік қарым-қатынас тиімді болмаса істің нəтижесіз болуына əкеліп соғады. Сондықтан іскерлік қарым-қатынаста міндеттілік, ұйымдастырушылық, сөзге сенімділік, этикалық нормаларды сақтау сияқты іскер адамның маңызды сипаттары негізгі болып қалыптасады.
Іскерлік қарым-қатынас оған қатысушылардың тілдік құралдарды дұрыс қолдануын талап етеді. Іскерлік қарым-қатынаста жай сөздер, балағат сөздер мен сөз тіркестері, қолданылуы шектеулі сөздер, мəселен, жаргондар, диалектер, архаизмдерді қолдануға болмайды.
Жалпы іскерлік қарым-қатынас ресми емес байланыстан нақты мақсаттар мен міндеттер қоюуымен ерекшеленеді.
Іскерлік қарым-қатынас қазіргі заманға сай заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Біріншіден, сөйлеу конструкциясының қарапайымдығы мен қысқалығы; екіншіден, сөйлеудің кəсіби лексикасын қолдану; үшіншіден, сөйлеу логикалық тұрғыдан нақты ұйымдасқан, аргумент беруде ретін қадағалау. Іскерлік қарым-қатынас серіктестердің алға қойған мақсаттарына жетуде тиімді құрал болып табылады. Іскерлік қарымқатынаста қажетті нəтижеге жету үшін келесідей психотехникалық тəсілдер қолданылады: ойластырылған диалогизация (серіктесті адастыру мақсатына диалогты ұйымдастыру); эмоционалды екпін (келіссөз құралдарына назарды аударту); сұрақ-жауап тəсілі (серіктестің назарын аударту мақсатындағы риторикалық сұрақтар); эвфемизимдер (келіссөз барысында позитивті орта қалыптастыру жəне негативті эмоцияның деңгейін төмендету мақсатында тура мағыналы тұрпайы сөздердің майда баламалары). Іскерлік қарым-қатынаста байланыс пəні болып бірлескен іс-əрекет есептеледі, ал серіктес тұлға ретінде қатысады. Нəтижелі серіктестік, мақсаттары мен позицияларын жақындастыру, серіктестік қатынасты жақсарту іскерлік қарым-қатынастың негізгі міндеттері.
Іскерлік қарым-қатынаста бірлескен іс-əрекетте бірнеше міндетті элементтерді атауға болады, олар: ортақ мақсат, тұлғаларды бірлескен іс-əрекетке шақыру; коммуникацияға қатысушылардың өзара байланысы; жеке əрекеттерді жасауға кеңістік пен уақыттың ұқсастығы; бірлескен іс-əрекетті жеке функцияларға бөлу жəне оларды қатысушылар арасында бөлу; жеке əрекеттерді бақылау жəне оларды басқару; мақсаттарының сəйкестігі.
Іскерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері төмендегі ұйымдастыру құрылымының негізгі сипаттары анықтайды:

  • Коммуникацияға қатысушылардың бірбіріне симпатия немесе антипатияларына, ресми қатынастарына қарамастан міндеттілігі;

  • Конвенционалды шектеуліктер, яғни, құқықтық, əлеуметтік нормаларды сақтау, регламентацияны сақтау.

  • Коммуникацияға қатысушылардың қызметтік ролдерін, құқықтары мен функционалды міндеттерін ескере отырып субординация мен іскерлік этиканы сақтай отырып ресми-ролдік принциптерін сақтау. Іскерлік байланыс белгілі дəрежеде формалды, шектеулі болып отыр, оның себебі мақсаттардың қатаң регламенттілігімен, қатынас мотивіне, байланыс орнатудың тəсілдеріне байланысты болып отыр.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет