Ислам және өнеге


« К өзінше мақтағанша, көтеріп отқа



Pdf көрінісі
бет35/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«
К
өзінше мақтағанша, көтеріп отқа 
таста!»
 Мақтансүйгіштік – адам бойына жабысқан кеселдің 
бірі. Бұл жайында қасиетті Құранда 
«Аллаһ  барлық  дандайсыған  мақтаншақтарды 
жақсы  көрмейді»
156
,  –  деп  пенденің  кеудемсоқтығы 
Жаратушы иемізге де жақпайтындығы білдірілген. Өзін 
үнемі басқалардың қолпаштағанын, қошемет сөз айтуын, 
әр ісін мақұлдап, оң қабақ танытып жылбырап тұруын 
тілеп  тұратын  пендешілік  қылықты  Пайғамбарымыз 
да  ұнатпаған.  Сол  себепті  болар,  бірде-бір  кісіні  жер 
көкке  сыйғызбай  мақтап  жатқан  көпшілікті  көргенде, 
Ақиық елші (с.а.с.) қамығып, үш рет қатарынан «Ана 
бейшараның  желкесін  үздіңдер  ғой»,  –  деген  екен
157

Сірә, мақтаған сайын ол адам бара-бара ісініп-кебініп 
тәкаппарлыққа салынады, ал тәкаппарлық оны тозаққа 
сүйрейді ғой деп аяушылық білдірсе керек. 
Пайғамбарымыз  басқа  да  хадистерінде  бұл  ту-
расында  «Бір-біріңді  (шектен  тыс)  мақтаудан  абай 
болыңдар.  Ол  (мақтау  естушіні)  өлтіргенмен  тең»
158

«Бір  діндес  бауырыңыздан  бір  нәрсе  сұрағанда,  оны 
мақтамаңыз. Бұл – оның белін сындыру»
159
, «Мақтауды 
156
  «Лұқпан» сүресі, 18-аят.
157
  Бұхари, Сахих, 2/946.
158
  Ибн Мажә, Әдеп, 36. 
159
  Ибн Ләл жеткізген


106
Ислам және өнеге
жақсы  көру  –  адамды  соқыр  әрі  керең  қылады.  Өз 
кемшіліктерін  көрмейді.  Ақыл  айтсаң,  тыңдамайтын 
болады»
160
, – деген. 
Расында  да,  жұрттан  мақтау  көп  естіген  жанның 
құлағы бітеліп, көзін шел басатыны белгілі. Ондай жан 
мақтау сөзге әбден семіргені сонша – алда-жалда біреу 
оған бір кемшілігін айта қалса, «ел байқамағанды сен 
байқап қалдың ба» дегендей дереу шамданып, ашушаң 
мінез  көрсететін  болады.  Тіпті  әлгі  адамды  өзіне 
жау  көріп  қалуы  да  ғажап  емес.  Пайғамбарымыздың 
хадистерін өмірлік ұстаным деп білген сахабаларымыз 
да мақтау сөз, қолпаштау, қошеметтен барынша бойла-
рын аулақ ұстаған. Хазірет Омар (р.а.) бірде өзін мақтай 
жөнелген  біреуге  ашуланып,  «Сен  мені  де,  өзіңді  де 
құртпақсың ба?!» – деп ұрысқан екен
161
. Тағы бірде бір 
ғұлама кісі өзіне мақтау сөзді үйіп-төккен біреуге: «Сен 
мені  қалай  мақтайсың?!  Мені  жақсы  танымайсың  да 
ғой. Жоқ, ашулы кезімде мені сынап па ең, жоқ, менімен 
сапарлас болып па едің, әлде маған бір нәрсені аманат-
тап мен оған қиянат жасамап па ем?! Өзің іші-сыртын 
жақсы танымайтын адамды қалай мақтайсың?!» – деп, 
оны сөйлетпей тыйып тастаған екен. 
«Көзінше  мақтағанша,  көтеріп  отқа  таста»; 
«Қыранмын  деп  мақтанба,  жаюлы  тұрған  тор  бар, 
Батырмын  деп  мақтанба,  қазулы  тұрған  ор  бар»; 
«Мақтаншақтың үйі қысыр сиырдан айран ұйытады»; 
«Дос  сыртыңнан  мақтар,  дұшпан  көзіңе  мақтар»; 
«Ақымақ  кісіні  мақтасаң  –  ақылынан  айырылады, 
ақылды  кісіні  мақтасаң  –  көп  ойланады»  деп  халық 
160
  Дәйлами жеткізген
161
  Ғазали, Ихияу-улумуддин. 3т. 359б. Бедир баспасы, Стамбул. 
1974.


107
Адами мінез – арға сын
даналығында  тілге  тиек  етілген  осы  мақтанудың 
кесірін  жақсы  білгені  болар,  ертеде  Қытай  басшысы 
өздерін  маңайындағы  елдердің  біреуі  мақтай  қалса, 
дереу  жақсы-жайсаңдарын  жиып  алып  «Ежелден  жау 
көршілес  ел  бізді  мақтап  жатқан  көрінеді,  қане,  қай 
жерде  қателік  жібердік,  жақсылап  ойланайықшы»,  – 
дейді екен. 
Осы  тұста  мына  бір  ғибратты  мысал  да  кісіге  ой 
саларлық. 
Бірде Харұн Рашит пен данышпан Шақиқи Бәлхи 
әңгімелесіп отырса керек. Бір мезет патшаға данышпан 
оқыстан  былай  деп  сұрақ  қойыпты:  «Патшам,  ұшы-
қиырсыз  шөл  далаға  тап  болдыңыз.  Неше  күн  жүріп 
шөл қысып өліп бара жатқан жайыңыз бар. Алда-жалда 
алдыңыздан біреу шығып: «Бір жұтым су берем, ажал-
дан  аман  қаласың.  Бірақ  маған  байлығыңның  жар-
тысын  бер»,  –  десе,  берер  ме  едіңіз?  Патша  ойланба-
стан: «Қу жанымнан қымбат па, берер едім», – депті. 
Данышпан:  «Дұрыс  айттыңыз»,  –  деп,  артынша:  «Уа, 
патшам, – депті, – сіз ол суды ішкенмен әлден уақытта 
дәрет қысып өлер болдыңыз. Өздігіңізден шамаңыз ке-
лер  емес.  Әлден  уақытта  біреу  келіп:  «Маған  қалған 
жарты  байлығыңды  бер,  ішкен  суыңды  қайта  сыртқа 
шығарасың», – десе, берер ме едіңіз? Патша: «Иә, бер-
меске  амал  бар  ма?»  –  депті.  Сонда  данышпан  «Әй, 
Харұн! Ендеше, басыңа іс түскенде ішіп қайта сыртқа 
шығарған  бір  жұтым  су  құрлы  құны  жоқ  байлығыңа 
есіріп,  ешқашан  мастанушы  болма!»,  –  деп  үлкен  ой 
салған екен.
Расында  да  қолдың  кірі  байлыққа  бола  адамның 
мақтана қоятын жөні жоқ. Өйткені байлық та, кедейлік 
те адам баласы үшін бар болғаны сынақ. Мұң-мұқтажға 


108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет