96
Ислам және өнеге
ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйретуі»
141
,
«Көк пен жердің арасындағылар, илеуіндегі құмырсқа,
теңіздердегі балықтарға дейін (бүкіл тіршілік иелері)
ілім үйренушіге игі дұға тілейді»
142
, «Аллаһ ілім арқылы
бірқатар ұлттардың абыройын биіктеді, жақсылықта
басқаларға жолбасшы етеді, ел солардың ізіне еретін
болатын»
143
деген хадистерін осылардың қатарында
атап өтуге болады.
Х – XII ғасырларда Ислам әлемінде ғылым-білімнің
шарықтап дамуымен кітап шығару ісі өркендеп,
кітапханалар саны көбейді. әл-Мәмун дәуірінде (786-
833) Бағдатта «Бәйтүл-хикма» (Даналық үйі) атты
алғашқы кітапхана әрі обсерваториялар салына ба-
стады
144
. Бір Бағдат қаласының өзінде 36 кітапхана
жұмыс істеген деген деректер кездеседі
145
. Ең соңғы
кітапхана он мың том кітабы бар уәзір Ибнул-Алқамаға
тән болған. Бірақ бұл кітапхана да 1258 жылғы монғол-
татар шапқыншылығы кезінде қиратылып, Отырар
кітапханасының
кебін киген
146
.
Харұн Рашид дәуірінде араб тарихшысы Омар
Уақидидің (736-811) жеке басында жүз жиырма түйеге
жүк боларлық кітабы болған
147
. Көне мәліметтерде
141
Тирмизи,
Илм, 7.
142
Тирмизи,
Илм, 19.
143
Ибни Абдулбәрр,
Жамиу бәйанил-Илм, 66.
144
Үмит Ергүл, Календер Йылдыз.
Мүслүман илим өнжүлери,
Ышык йайынлары. Измир, 2005. Б. 31.
145
James Westfall Thompson
The Medieval Library (New York,
Hafner, 1957),
Müslim Libraries бөлімі, Аударғандар: Osman
Ersoy, Özer Soysal.
146
A.
Von Kremer,
Culturgeschichte des Orients ünler den Chalifen
(Vienna, 1877), II, 483.
147
Margoliouth, op. cit.,192; A. Grohmanıı, «Bibliotheken
und Bibliophilen in islamiscben Orient»,
Festschrift der
Nationalbibliothek in Wien (Vienna, 1926), 439. s.
97
Адами мінез – арға сын
Александрия кітапханасында 900 000 (тоғыз жүз мың)
том қолжазба
сақталғандығы айтылады
148
.
Иранда да халыққа арналған жалпы және жеке
кітапханалар көп болған. Ең жақсы кітапханалары Ши-
раз
бен Мәру қалаларында еді
149
.
Бұл ғасырларда жинақ шығару, кітапхана әдістемесі
тұрғысынан Ислам әлемі Еуропа кітапхана жүйесінен
үш-төрт ғасыр озып кеткен. Орта дәуір Еуропасы бұл
кезде кітаптарды сөрелерге шынжырлармен байлап
тізіп қоятындай әлі дамымаған еді. Оқырманға кітап
осы шынжырымен бірге берілген. Тіпті ашық темір
торға салып қойып, сыртынан парақтатып оқытқан
кездері де кездескен
150
. Бұл кезде мұсылмандардың
мәдениет ошағы болған Андалусияда әл-Хакам атты
халифаның кітапханасында 600 000 (алты жүз мың)
кітап болса, ал одан төрт ғасыр кейінгі Еуропаның
өзінде «Білімпаз Чарлз» деп аталған Франция королі
V Чарлздың кітапханасы небәрі 900-ақ (тоғыз жүз)
еңбектен
аспаған
151
.
Кітапқұмарлық тұрғысынан үш-төрт мұсылман
ғалымның өмірін мысал ете кеткен де орынды. Айталық,
63 жасында қайтыс болған әйгілі мұсылман ғалымы
Фахраддин ар-Рази артына ғылыми маңызы зор екі жүз
еңбек қалдырған. Жазған кітаптарын қаттап тізгенде,
148
Ирфан Йылмаз.
Йитик хазиненмн кашифи Фуат Сезгин.
Йитик хазине йайынлары. Стамбул. 2009. Б. 78.
149
James Westfall Thompson
The Medieval Library (New York,
Hafner, 1957),
Müslim Libraries бөлімі, Аударғандар: Osman
Ersoy, Özer Soysal.
150
Нежип Асым Языксыз,
Китап ондан өзетле. Илетишим
йайынлары, Стамбул, 1993.
151
Мұстафа Кара,
Теккелер ве Завиелер, Дергаһ йайынлары,
Стамбул,1990.