99
Адами мінез – арға сын
кітаптар судан шығарылады, алайда көпшілігі иістеніп,
бүлініп қалған еді»
152
.
Рай қаласында Уәзір Ибн Амид (қ.ж. 971) та
кітапқұмар ғалым кісі еді. 965 жылы Амидтың үйін бір
мәзһабтың адамдары келіп қиратып, бүкіл дүниесін
талан-таражға салады. Ибнул-Амидтың кітапханасына
қарайтын Ибн Мискауайх сол оқиғаны былай еске
алған: «Ибнул-Амид үшін әлемдегі ең қымбат дүние –
кітап еді. Ол бұл іске қатты налыды. Ғылым, пәлсапа,
әдебиеттің барлық салалары жайында жүз түйеге жүк
боларлық кітаптары бар болатын. Мені көргенде, басқа
дүниесін емес дереу кітаптарын сұрады. Кітаптарының
түгел екенін естігенде, қатты қуанып: «Сен бақытты
адамсың. Барлық нәрсені жаңалауға болар. Бірақ қолға
түсе бермейтін кітаптарды жаңалау қиын», – деді. Сөйтті
де ол кітаптарды басқа жаққа апаруымды өтінді»
153
.
Бұл мысалдар тарихта мұсылмандардың кітап оқуға
қаншалықты ынтамен қарағанын ұғуымызға жеткілікті.
Кітапқа, білімге құмар болған кезде мұсылман әлемі
дамыды. Ғылымда, білімде, мәдениетте ешкімге ат
оздырмады. Күллі әлемді таңдай қақтырды. Демек,
қандай да бір елдің болашағын сол елдегі кітап оқуға
деген қызығушылықтың деңгейінен болжауға болады
деуге толық негіз бар.
Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шындап
келгенде, әр кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, ақыл
қалтаға ұқсайды. Басқалардың қанша жылғы білген-
түйген нәрселерін, ізденісін біз сол кісінің жазған
кітабын оқу арқылы-ақ үйрене аламыз. Демек, кітап оқу
152
M. Meyerhof, «Ueber einige Privatbibliotheken im fatimidischen
Aegypten,»
Rivisla degli studi orientali, XII (1929-30), 286-90.
153
A. Mez,
Die Renaissance des Islams (Heidelberg, 1922), 166. s.
100
Ислам және өнеге
өмірде қателеспеу үшін басқалардың тәжірибесімен та-
нысу дегенді де білдіреді.
Кітап – адамға таптырмайтын пайдалы дос. Ол
жай уақытта ешкімнің мазасын алмайтын, қажет кез-
де үнемі қасыңнан табылатын, кез келген сәтте кеңес
беруге әзір, ақылына ақы сұрамайтын, жан сарайы-
мызды серпілтіп, көңілге түрлі шабыт сыйлайтын,
үнсіз тұрғанмен оқысаң өзінің сырлы әлеміне ертіп ала
жөнелетін, дұрыс жолды көрсететін жанашыр әрі адам-
ды жалықтырмайтын серік деуге болады.
Кітап оқу – білімділікке баулиды. Ал білімсіздік
– адамның опа бермес дұшпаны. Көп қателік
білімсіздіктен туатыны даусыз. Білімді адамға өмірде
қашанда жол ашық болады. Ел де білімді адамды
құрметтейді. Өйткені білімді адам әрқашан елге пай-
дасын тигізеді. Оны маңайына жарық түсірген шамға
ұқсатуға болады. Айталық, ұлық имам Әбу Ханифа
Құран мен сүннеттен бес жүз мың мәселенің үкімін
айқындап, төрт мыңнан аса пәтуа берген деген деректер
бар
154
. Әрине, бұл көп оқудан, көп ізденістен туған пай-
далы еңбек. Ал білімсіздің өзгелерді кері сүйрегеннен
басқа берері болмайды. Өйткені, өзі ұйқыдағы жанның
басқаларды оятуы мүмкін емес.
Сол себепті Құранда
Достарыңызбен бөлісу: